Хабарландырулар
Жайықтың ел атаған шағаласы,
Аққудың пенде ішінде баламасы.
Алаштың төрге лайық төре қызы,
Ақұштап – ақындықтың әз анасы.
Атыатағы, шарлап кеткен өлкені
Оқығанның өсетұғын өркені.
Каспий, Арал, Ақжайықтың еркесі
Сия теңіз парағы Ақшағала желкені.
Еңбегін оқыған ел бағалаған
Есімін көп ақыннан даралаған.
Құйылып қорғасын боп көкірекке
Ақындық киелі бақ паналаған.
Егесі едің шалқар теңіз шабыттың,
Ұлт тілінің өресін кең дамыттың.
Ұлағаттың жырмен қалап сөресін,
Дархан қазақ талантын таныттың.
Орының бар дережелі қоғамда,
Саған лайық халық берген бағаң да.
Аңыз болған, ақ шағала, қазаққа,
Мақтаныш қой туғандығың Оралда.
Қосылсаң да Қадыр ағаңа қапталдан,
Есіміңіз тарихқа хатталған.
Ана тілдің көтерістің іргесін
Заман ақырда ескерусіз тапталған.
Ақ шағала ақ күймелі шабытты,
Тәнті қылдың талантыңа халықты.
Ұлт тілімен өрнектедің өлең жыр,
Аршып алып империя көмген табытты.
Ұлы даладан таңдап алып өрісті,
Жібек жолын жырмен салдың келісті.
Қариялар дәмін татып тамсанып,
Өсер ұрпақ жыр анамен көрісті.
Сыйлығын алып «Алаштың»,
Асулардан әрі астың.
Жүздің талған қанаты
Құз төріне жарастың.
Қыз Жібек, Мәншүк, Хиуаз
Ақ Шағаланың жүзі наз.
Аңыз қылып Орал қыздарың
Ақындар жазды ән мен саз.
Ақжайық ұқсап Есіл Ертіске,
Тасынған ие өр күшке.
Тағалап талантты шабыңыз
Толсаңыз да жетпіске.
Тарих қазына дерексіз,
Өзекке рухани қорексіз
Аман бол, апа, аман бол.
Сіз деген халыққа керексіз.
Тарғын Қошқарбаев,
Жаңаөңір ауылы.
Бөліскен қуанышын халқыменен,
Жасық емес жаза білген алтын өлең.
«Поэзия» атты әдебиет есігінен
Өлеңсөз, жырмаржанын шаша білген.
Ақ жайықтың Ақ Шағаласы аталған,
Қадыр атамның қарындасы атанған.
Ақұштап апа, өзіңізден үлгі алып,
Қалмай өлең жазып жүрмін қатардан.
Мектебім болса Қадыр есімінде,
Сын болар жыр арнамау өзіңізге.
Әлдилеп Ақ Жайығын ақын ана,
Тербеткен жырөлеңнің бесігінде.
Жырлаған, Ақ Жайығын сыршыл да нәзік үнімен,
Туған жерге жыр арнаған кестелі әсем тілімен.
Әлдилеген Ақ Жайығын жауқазындай жырымен,
Ару мекен – Ақ Жайықтың нағыз ақын қызы сен!
айжан аМанГЕЛДина,
Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі.
Ақжайықтың Ақ шағаласына
(ақұштап апаға)
ақ Жайықтың ақ шағаласы ақұштап Бақтыгереева биыл
жетпісінші көктемін қарсы алды. Әдебиеттің айдынында
қалқыған ақұштап дегенде тіл мамандары ерекше елең
етері сөзсіз. Өлеңнің өміршеңдігін оқушыларға дарытып
жүрген қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдері
арасындағы «Өлең деген – құдірет қой, шынында» атты
мәнерлеп оқу шеберлерінің аудандық байқауына тіл-
әдебиет майталмандарынан үміткер қатысты.
Ақұштап апаға арнау
Жымпиты ауылының тұрғыны болған анамыз
Кулжанова Талшын аманбайқызының
арамыздан алыстағанына осы айда 1 жыл
толды. Өмірдің ортан беліне келіп, ұрпағының
қызығына кенелер шағында ғұмыры шектеліп
қалған анамыз үшін қайғырамыз, соңында
қалған жоқтаушысы болып жоқтаймыз, сағына
еске аламыз.
Сені ойлап көңіліміз езіледі,
Шынымызды айтамыз, бұл өмірде
Ана, сенің жоқтығың сезіледі.
Жоқ болып кеттің, мама, өмірден шын,
Сол болыпты берілген бар сыбаға,
Алла саған пейіштен орын берсін,
Сен жұмаққа лайықты жансың, ана!
Дұғамыз сауап болып барсын, ана!
Еске алушылар: балалары.
Қасиетті Құрбан айт мерекесі
қарсаңында Сырым ауданында
қорытынды жәрмеңке өткізілді. Сенбі
күні айтпен сәйкес келгендіктен,
ауданда ауыл шаруашылық жәрмең
кесі жұмада ұйымдастырылғанына
қарамастан, халық мұнда көп
жиылды. Жәрмеңке емес, бір мереке
дерсің. Бұл күні аудандық мәдениет
үйі әннен маржан шашса, ал, «Сырым
жастары» жастар қоғамдық бірлестігі
ұтыс ойындарын ойнатты. Бәрінен
де қызығы осы болды. Алдын ала екі
жүз теңгеге сатылған билетке дүйім
жұрт үш келі сиыр еті, үш келі қой еті,
үш келі алма, он келі картоп, бір қап
арпа, бір орама шөп, бір келі жарым
сары май, бір литр қымыз, тірілей
қой, ұялы телефон бірліктерімен
қатар заттай сыйлықтар алды. Ұтыс
ойынында басты сыйлыққа теледидар
ойнатылып, иесін тапты.
Аудан
әкімінің
орынбасары
Асланбек
Сарқұлов
ауыл
шаруашылығы жәрмеңкесіне үлес
қосқан қарапайым еңбек адамдарын
марапаттап, аудан әкімінің Алғыс
хатын табыс етті.
Ауыл шарауашылық өнімдерінен
жылқы еті, сиыр еті, қой еті, құс еті,
балық, сары май, қаймақ, тары, талқан,
бақша өнімдерінің неше шұрайы,
қымыз, қуырдақ, құрт, ірімшік, айран,
көже, жұмыртқа, кәуап, шөп, арпа,
кебек, тары, жүн өнімдері, жылқы,
құс, қой арзан бағамен саттыққа
қойылды. Хақ тағала жолында құрбан
шалмаққа ниеттенген сырымдықтар
қойды он бес мыңнан сатып алды.
Шілде айынан бері өткізілген он бір
жәрмеңкеде жалпы 422,0 тонна ауыл
шаруашылығы өнімі әкелініп, 20,0
теңгеге сатылды.
Бұл жәрменкелерге ауданның жеке
тұрғындарымен қатар Орал қаласы,
Қаратөбе ауданының тұрғындары
қатысып, өнімдерін ұсынды.
Шынар МоЛДаниязова.
Қарық қылған жәрмеңке
Дегендей асыл тастан, ақыл жастан,
Бағыңды алып едің ерте бастан.
Қиналғанның мәселесін қайырмаған,
Азаматсың елжұртың мойындаған.
Келсең де асқаралы 68 жасқа,
Ағайын мен елжұртыңның ортасында
бағың мықты.
Өренсің 45 жылдай еңбек еткен,
Табысқа депутат боп қолың жеткен.
Жамбылға жаңа мектеп салып беріп,
Дарабоз шыға білген айтқан серттен.
Ағайының бас қосар алтын қазық,
Жомарт жанды ата боп жүре бергін.
Еңбегіңмен ақ адал шын елендің,
Қадіріңді қашанда білер елің.
Атасың бойға жиған адалдықты,
Көрмедік сізден ешбір жамандықты.
Туған елің дәл сендей сүйеді ұлды,
Ізгіліктен жаралған жүрегіңді.
Бас аман боп қоса ағар қосағыңмен,
Қабыл етсін, құдайым осы тілегімді.
Құрметті, ибрайм, 68 жас мерейтойың құтты болсын!
игі тілекпен: Серік Ташайұлы, орал қаласы.
атындағы орта мектептің мұғалімі
Эльмира Бақтығалиева басым
болып, І орыннан көрінсе, ақын
өлеңін нақышына келтіре оқып, ән
айтуымен айрықша көзге түскен
Талдыбұлақ орта мектебінің мұғалі
мі Нұргүл Жексенова ІІ орынға,
өзінің талантты ұстаз екендігін
көрсете білген Аралтөбе орта мек
тебінің мұғалімі Арыс Мырзағалиев
ІІІ орынға лайықты деп танылды.
Ақұштап Бақтыгерееваның өлмей
тұғын өлеңдерін ең көп жаттаған
Гүлім
Меңдіғалиева
(Көгеріс
НМ) «Үздік өлең жаттаушы», өз
шығармасы
арқылы
танылған
Алтынгүл Ғибратова (Жырақұдық
ОМ) «Шығармашыл ұстаз», өлеңді
нақышына келтіре оқығаны үшін
Гүлнар Түменбаева (Қызылағаш
НМ) «Үздік мәнерлі оқу» аталы
мдары бойынша ынталандыру
дипломдарын алды.
Батыс Қазақстан облысы білім
басқармасының облыстық оқу
әдістемелік кабинеті ұйымдас
тырған «Өлең деген – құдірет
қой, шынында» мәнерлеп оқу
шеберлерінің облыстық кезеңіне
Эльмира Бақтығалиева қатысып
келді.
Мәншүк Ерниязова,
Жымпиты ауылы.