3 3 шілде 2014 жыл “алтын белгі” иелерінің алар асуы алда жаѓалыћтар. Хабарлар



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата08.02.2017
өлшемі17,13 Mb.
#3639
  1   2   3   4   5

3

  3 шілде 2014 жыл

“АЛТЫН БЕЛГІ” ИЕЛЕРІНІҢ

АЛАР АСУЫ АЛДА

Жаѓалыћтар. Хабарлар

“ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІ – 2014”

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ

ЖОБА ҚОРҒАУШЫЛАР ЖЕТІСТІГІ

Құттықтаймыз!

Мерей мөлтек ауданындағы №211

А.Байтұрсынов атындағы орта

мектепте "Үздік сынып жетекші -

2014" байқауы өтті. Сынып жетекші-

нің жаңашыл тәжірибесін анықтап,

таратуды, жаңа бастамаларына

қолдау көрсетуді мақсат тұтқан бұл

байқауға 6 сынып жетекші қатысты.

Байқаудың бірінші турында ашық

тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл

турдың қорытындысы бойынша 3 "В"

сыныбында (Д.Омарова) өткізілген

"Табиғат - тал бесігім" атты тәрбие

сағаты ең үздік деп танылды. Екінші

турда байқауға қатысушылар бала

тәрбиесіне байланысты түрлі

тақырыпта эссе жазды. Қазылар

алқасы Омарова Динараның, Ботабаев

Әзиздің жазған эсселерін ерекше атап

өтті.

Байқаудың келесі туры сайыс



түрінде өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды.

1-кезең. "Мен сынып жетекшімін"

қалаған формада өзін-өзі таныстыру,

бейнефильм, мультимедиалық жоба.

2-кезең. "Ұшқыр ойдан белсенді

әрекетке". Педагогикалық жағдаят-

тарды талдау және оны шешу жолдары.

3-кезең. "Мен және менің

сыныбым" видеоролик көрсету.

4-кезең. Өз өнері.

Байқауға қатысушылардың өзін-

өзі таныстыруы бір-біріне ұқсамады.

Құлтасова Назгүл, Маханбетова Ақгүл

таныстыруды өлең жолдарымен өрнек-

тесе, Шамаханова Гүлфира өзін

шәкірттерінің орындауындағы өлең

шумақтарымен таныстыруды жөн

санапты. Ал Омарова Динара, Ботабаев

Азиз, Тұңғышбаева Балдырған

мультимедиа арқылы портфолиоларын

презентациялады.

Екінші кезең бойынша да сынып

жетекшілері мүмкіндіктерінше сынға

түсті. Ең ұтымды жауапты және педа-

гогикалық жағдаятты шешу жолдарын

Омарова Динара, Тұңғышбаева Бал-

дырған, Ботабаев Әзиз баяндай алды.

Үшінші кезең бойынша дайындал-

ған видеороликтердің мазмұны мен

сапасы, жаңашылдығы бірінен-бірі

асып түсіп жатты.

Төртінші кезеңде сынып

жетекшілері аянып қалған жоқ. Бірі

ән айтса, екіншісі мықты аспаз екенін

дәлелдеп бақты. Үшіншісі

қолөнерімен таңқалдырды. Омарова

Динара шәкіртімен ән айтса,

Тұңғышбаева Балдырған қызы

Еңлікпен бірге ән шырқап, көрермен

ықыласына бөленді. Екі сағаттан

астам уақытқа созылған сайыс өз

мәресіне жетті.

Сайыс нәтижесінде 3 "В" сынып

жетекшісі Омарова Динара бас

жүлдені, 1-орынды Тұңғышбаева

Балдырған, 2-орынды Ботабаев Әзиз,

3-орынды ШамахановаГүлфира жеңіп

алды.  Құлтасова Назгүл  мен

Маханбетова Ақерке "Шығармашыл

ұстаз" аталымына ие болды.

Жеңімпаздар грамоталармен және

кәсіподақ ұйымының арнайы

сыйлықтарымен марапатталды.

Зағира ЕСПЕНБЕТОВА,

№ 211 орта мектеп мұғалімі.

 Қызылорда қаласы.

Жуырда Ақтөбе қаласында Халық-

аралық Экология және Инженерия

Ғылымы Академиясының  ұйымдас-

тыруымен Республика  колледж студент-

тері арасында "Өмір сүру кеңістігінің

экологиясы" тақырыбында ғылыми жоба-

лар  конкурсы  ұйымдастырылған бола-

тын. Оның басты  мақсаты  студенттердің

экологиялық құзіреттілігін, қоғамдағы

экологиялық мәдениетті, өмір сүру эколо-

гиясын қалыптастыру болды. Конкурс екі

кезең бойынша  ұйымдастырылды.  Бірін-

ші  сырттай жіберілген  кезең  бойынша

104 студенттің жобасы сараланып, екінші

кезеңге 34 студенттің жобасы  ұсынылды.

Екінші кезеңге өткен жобалардың  ара-

сында  Арал көпсалалы  колледжінің сту-

денті Мөлдір Бақытжанованың  да жұмы-

сы бар болатын. Бұл жобаны  қорғаған

студенттің  ғылыми  жетекшісі  "Химия

және биология" пәнінің бірінші санатты

оқытушысы Ақбала Айназарова  еді. "Тез

дайындалған тағамдар мен күнделікті

қолданысқа келетін тағамдардың құрамы

мен адам ағзасына әкелер экологиялық

зияны" тақырыбындағы жобада  дүние

жүзі бойынша өзекті мәселе болып отыр-

ған тамақтану экологиясы жайында өзі-

нің көзқарасын, денсаулыққа әкелер

зияны мен  оның алдын-алу жолдары

жайында ғылыми жобаларын үздік қорға-

ған алғашқы ондыққа  ілінген оқушымыз

Мөлдір Бақытжанова  Мақтау қағазымен

қоса сертификат иеленді. Жоба қорғаушы

студентіміз арнайы дипломмен марапат-

талса,  жетекшісі Ақбала Айназарова

Халықаралық Экология және Инже-

нерия Ғылым Академиясының сертифи-

каты мен бағалы сыйлығын  иеленді.

Осы жобаның жоғарғы дәрежеде қор-

ғалуына  қолдау көрсеткен колледж

директоры Ерлан  Алиевке  Халықаралық

Экология және Инженерия  Ғылым

Академиясының  Алғыс хаты тапсырыл-

ды. Республика көлемінде өткізіліп тұра-

тын осындай  ғылыми жобалар қорғау

конкурсына  колледжіміздің  студенттері

мен оқытушыларының  жиі қатысып, нә-

тижелі табыстарға жетіп отыруы осы

ұжымның зор абыройы мен мақтанышы

деп білеміз.

Шолпан  БАЛМАНОВА,

 Арал көпсалалы

колледжінің оқытушысы.

Қызылорда политехникалық коллед-

жінде "Химиялық талдау лаборанты" ма-

мандығы бойынша  білім алып жатқан І-

ІІІ курс студент қыздары арасында "Қыз-

біздің қызғалдағымыз" атты тақырыпта

ұлттық тәрбие беру мақсатында кеңес

беру жиыны ұйымдастырды.  Оған №3

қалалық емхана көлемінде құрылған

Жастар Денсаулық "Шапағат" орталығы-

нан дәрігер акушер-гинеколог Салжеке-

нова Гүлмира және психолог Исамбекова

Ақмарал қатысты. Дәрігер маман

қыздардың көкейлерінде жүрген түрлі

сұрақтарына жауап беріп, ақыл-

кеңестерімен бөліссе, психолог "Мен

және менің ортам" атты тақырыпта психо-

логиялық тренинг жүргізді. Бұл тренинг-

тің негізгі мақсаты: адамды тұлға ретінде

қалыптастыруға, өзін қоршаған  ортада

ұстай білуге негізделген. Тренинг сту-

денттерге өзі жайында, тренингке

қатысқан топтың сыртқы және ішкі

мінез-құлықтарымен танысуға мүмкіндік

берді. Олардың топқа деген сенімділік

дағдысын қалыптастырды. Тренингке

колледждің психологы Ибраева Қарашаш

та қатысып, осы тақырыпқа байланысты

аудиторияға дайындаған видеоролик-

терін ұсынды.



Сая ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

Қызылорда политехникалық

колледжінің өндірістік

оқу шебері.

“ЕРЛІК, ӨРЛІК ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ ...”

Комсомол, партия ардагерлері мен

Қызылорда облыстық "Жас ұлан"

ұйымы ұрпақтар сабақтастығын дәріп-

теу мақсатында  қаламыздағы № 187

М. Шоқай атындағы қазақ орта мекте-

бінде "Ерлік, Өрлік өзіңнен басталды

анық, Алдыңа талай бас иген асқар

алып" атты облыстық акция-форумы

болып өтті. Іс-шараға Қызылорда облыс-

тық "Ұрпақтан ұрпаққа" қоғамдық

бірлестігі, аға буын өкілдері яғни, бұрын-

ғы пионер ұйымының жетекшілері, "Жас

ұлан" балалар ұйымының мүшелері және

мектеп мұғалімдері  қатысты. Акцияның

мақсаты Елбасының жыл сайынғы

халыққа арнаған дәстүрлі жолдаулары

мемлекеттік идеология арқылы тәр-

биелеудің маңыздылығын арттыру,

жастардың бойында адами қасиеттерді

сіңіре отырып, елін сүйер ұлан ретінде

тәрбиелеу қажеттілігіне назар аудару, осы

бағытта комсомол мен пионер ұйым-

дарының қоғамға берері мол тәжірибелі

ұйымдар болғанын жас ұрпаққа жеткізу,

"Жас ұлан", "Жас қыран" балалар мен

жасөспірімдер ұйымдарының, олардың

қатарындағы балалардың өздерімен

кеңесуі арқасында  болашақ ұрпақтар ал-

ғыс  білдіретін  ғасырлық қажетті шара-

ларды бірігіп жасау.

Айтулы іс-шараға облыстық ардагер-

лер кеңесі төрағасының орынбасары

Ермағамбетова Күлай, Садықова Райхан,

Қалжанова Разия, Әліпбаева Мадина,

Умбеткұлова  Алмагүл, Мұрат Бексары,  қа-

лалық білім бөлімінің басшысы Арал-

баев  Марат шақырылып, құрмет көрсе-

тілді.

Акция  барысында мектеп ұландары



кеңес заманындағы  әндер мен билерден

шашу шашып, аға буын өкілдерін "Жас

ұлан" ұйымынының қатарына қабылда-

ды. Акцияның екінші бөлімі алау басын-

дағы әндерге ұласты. Алау басындағы

әндер, сахналық көріністер  ардагерлер

көзіне жас алдырды. Акция соңында аға

буын өкілдері мектеп ұландарына, ұстаз-

дарға алғыстарын білдіре келе, әрбір

оқушының, жасұланның жүрегі "Отан, Ел,

Жер" деп соқсын деген тілектерін

білдірді.



Айгүл ҚОЖАРИПОВА,

№ 187 мектеп мұғалімі.

№18-19    (378)  3 шілде  2014  жыл                                                                      Газет 1998 жылдан  шығады.

ОБЛЫС

ЏСТАЗДАРЫНЫЃ

ГАЗЕТI

БIЛIМ —  МIР ШЫРАЅЫ, ТЌРБИЕ — К ЃIЛ ШУАЅЫ

"Бүгін баршамыз үшін білім

жолындағы тынымсыз еңбектің нәти-

жесін сезінетін күн. Себебі, өзде-

ріңіздің білікті азамат екендеріңізді

дәлелдеп, білімнің жоғары шыңынан

көріне білдіңіздер. Сіздер бүгінде

мәңгілік Қазақ елінің түп қазығы,

іргетасы болып танылуларыңыз

қажет. Өйткені, байлығымыз да,

бақытымыз да болған тәуелсіз-

дігімізді баянды ету білімді ұрпақтың

қолында. Олай болса, біз сіздердің

бәсекеге қабілетті, рухы мықты

ұлтжанды азамат ретінде қалыптасып,

елдіктің ұраншысы, өркениетті елдің

қозғаушы күші болатындарыңызға

сенеміз" - деген облыс әкімі мұнан әрі

білімді ұрпақ қалыптастыру бағы-

тында жасалып жатқан игі істерге

тоқталды.

"Қазіргі таңда білікті мамандар

даярлау үшін өңіріміздің жастарына

ерекше көңіл бөлінуде. Оның бірден-

бір дәлелі облыс әкімінің оқу

грантының берілуі. Өткен жылы аз

қамтылған отбасынан шыққан 123

дарынды балалар осы арнайы грант-

пен қамтылса, биыл бұл қолдауға 177

түлек қол жеткізді. Облыстың 153

түлегі Ресейдің бюджеті есебінен

Москва қаласындағы Ұлттық техноло-

гиялық зерттеу университетіне оқу

мүмкіндігіне ие болды. Ал, 41 өреніміз

Санкт-Петербург мемлекеттік

технологиялық өсімдік полимерлері

университетінде білім алатын болады",

- деді аймақ басшысы.

Мұнан кейін облыс әкімі мен

"Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз"

АҚ басқарма төрағасы Фан Цзячжун

аймақ мақтанышы болып, білім

бәйгесінде дара шыққан 94 түлекке

"Алтын белгі" мен ноутбук сыйға

тартты. Дарабоздардың осындай

ізденісі жолында балаларының бақыты

үшін түн ұйқысын төрт бөлген ата-

аналар мен шәкіртінің жетістігі үшін

көз майын тауысқан ұстаздар қауымы-

ның еңбегі ерекше. Оны ұмыту әсте

мүмкін емес. Осы тұста "Алтын белгі"

иелерінің атынан Фариза Нұрмағанбе-

това сөз сөйлеп, барша ата-аналар мен

мұғалімдерге алғысын білдірді. Сондай-

ақ, ел игілігі аясында аянбай еңбек етіп,

өздеріне артылған сенімді ақтауға

барша білім озаттары уәде етті.

Жалпы, үлкен құрметке ие болған

түлектердің бұл кеште қуанышында

шек болмады.

 "Бүгін шынында да ерекше күн. Біз

үлкен белестің бірінен өтіп жаңа

өмірге қанат қағып жатырмыз. Маған

қолдау көрсетіп, осындай жетістікке

жетуге атсалысқан ұстаздарыма, ата-

анама алғыс білдіремін. Сонымен

қатар, жақсы бір кеш сыйлап, барлы-

ғымызды қуанышқа бөлеген облыс

әкімі Қырымбек Көшербаевқа айтар

алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта

артылған үмітті ақтаймын деп

ойлаймын. Барша түлектерге тек сәт-

тілік тілеймін", - деді Мәскеу Ұлттық

технологиялық зерттеу университеті

грантының жеңімпазы, Шекер

Ермағанбетова атындағы № 246

мектептің түлегі Батырбек Жүніс.

Осылайша, әсем ән мен көркем би

өрілген кештің ізгі тілектері толассыз

жалғасып, өз мәресіне жетті.

Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ.


2

    3 шілде 2014 жыл

Тәжірибе. Әдістеме



“Ел деп қана соғады,

Елбасының жүрегі”

12 жылдық мектепке

педагог кадрлар даярлау -

мемлекеттік маңызды іс

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен

асып түсуіне ықпал етіп, адамзат

қоғамын алға қарай жетелеуші

құдіретті күш тек білімге ғана тіре-

леді. Білім беруге заман талабы тұрғы-

сынан жеке тұлғаны дамытудағы

қоғамның рухани және адамгершілік

құндылықтарын қалыптастыруда

білім беру саласы - баса назар аударар-

лық мәселе.  ХХІ ғасырда еліміздің

болашағын алға қарай жетелеуші

ұрпаққа білім беруді қамтамасыз

ететін жалпы және орта білім беру

саласына түбегейлі өзгеріс, яғни 12

жылдық жалпы және орта білім беру

жүйесін енгізу - еліміздің жарқын

болашағын қамтамасыз ететін бірден

- бір сара жол болмақшы.

ХХI ғасыр мектебінің маңызды

бір мақсаты - педагогикалық кадр-

ларды даярлау 12 жылдық білім

берудің мақсаттарына сәйкес  жүргі-

зілуі тиіс.

12 жылдық білім берудің

мақсаттарына: білімді, компетентті

және бәсекеге қабілетті,  үнемі  өзгер-

мелі дамып жатырған ортада өмір

сүруге қабілетті, өзінің және қоғам-

ның мүддесін тиімді  үйлестіре оты-

рып өз идеясын, жоспарын барынша

жүзеге асыруға даяр тұлғаны

қалыптастыру және дамыту жатады.

Сондықтан, көздеген осы мақса-

тымызға жету үшін 12 жылдық білім

беру жүйесін енгізу қажеттілігі туып

отыр.

21 ғасырдың бәсекелестік зама-



нында біздің мемлекетіміздің өзге

елдермен терезесі тең болуы үшін,

қандай шаралар бірінші кезекте іске

асуы керек,  еліміздің білім, ғылым

саласында болып жатқан өзгерістер

сол мүдденің үдесінен шыға алар ма

екен? деген мәселелерге келер болсақ.

сөз жоқ бірінші кезекте педкадрлар

даярлау мәселесі тұруы тиіс.

Шындығында да, қоғамымыздың

әлеуметтік - экономикалық және сая-

си құрылымының түпкілікті

жаңаруына байланысты бірінші

міндет халықтық білім жүйесін

жаңаша тұжырымдап жаңа форма-

циялы  педагогикалық кадрларын даяр-

лау мәселесі тездетіп шешуді қажет

етіп отырған өткір мәселе екендігі

айқын нәрсе.

Аз жылдар аумағында әлемдік

қауымдастық қатарынан лайықты

орынға ие болған біздің мемлекетіміз

үшін ендігі жерде жастарымыздың

білімі мен біліктілігінің басқа елдерде

мойындалуына, оң бағалануына жол

ашу аса маңызды. Министрлік қабыл-

даған білім беруді дамыту тұжырым-

дамасында жоғары білімге тән

біліктілікті өзара тану жөніндегі Лис-

сабон конвенциясының, жаңа

қоғамдық даму сатысына лайық

мамандар даярлау үлгісін айқындаған

Болон декларациясының негізгі

ұстанымдары мен білім берудің

халықаралық стандарттық жікте-

луіне сәйкес бірқатар өзгерістердің

көрініс табуы да содан. Олардың

қатарындағы ең бастылары: 12

жылдық орта білім беру, магистра-

тураны жоғары оқу орнынан кейінгі

білім деңгейіне көшіру және PһD

докторлық бағдарламасы негізінде

жаңа үлгідегі ғылыми, ғылыми-

педагогикалық кадрлар дайындау.

Педагогикалық білім берудің

тиімділігін арттыру жолдарына мына-

ларды атауға болады:

- Оқытудың шетелдік тәжірибесін

зерттеу, пайымдау,озық идеяларды

отандық практикада пайдалану жол-

дарын іздестіріп  табу.

- Оқытудың жасалынған дүние-

жүзілік теориялары мен практикасын

және дидактикалық ізденістердің

мазмұны мен тенденцияларын оқу

процесіне енгізуді ойластыру.

Ал шетелде педагогикалық білім

беру қай бағытта дамуда, қандай

нәтижелерге қол жеткізілуде деген

мәселелерге келсек, оларға мыналар

жатады:

- Модульдік технологияны енгізу



және оқу ақпаратын меңгерудің

блоктік түріне көшу.

- Оқытушының оқу процесінің

ұйымдастырушысы, жетекшісі және

консультанты функцияларын анық-

тау.


- Өзіндік жұмысқа басымдық бе-

ру.


- Оқытушының басшылығымен

фронтальдық және топтық оқыту

әдістері мен формаларынан жеке-

топтық: компютерьлік сабақтарға,

тренингке, кіші топтармен жұмыс

істеуге, іс-тәжірибе, стаж) жинақ-

тауға көшу.

-Микросабақ беру, педагогикалық

ситуацияларды модельдеу, рөлдік

ойындар және т.б. кеңінен пайдалану.

Нақты елдердегі педкадрлар

даярлауға мысалдар келтірейік:

- АНГЛИЯ: педкадрлерді дайындау

үш кезеңде - ЖОО-ға дейін, ЖОО -

да, ЖОО-дан кейін жүзеге асыры-

лады.


- ГЕРМАНИЯ: университетте 2

кезеңде-теориялық даярлық(studium),

және практикалық даярлық (рефен-

дарием).


- ЖАПОНИЯ:

Даярлау мерзімі-6 жыл.

-  Мазмұны: педагогика және

психология, оқу пәндерін оқыту әдіс-

темесі, адамгершілік тәрбиесі курсы,

элективтік курстар; педагогикалық

практикадан өту және кәсіби

бағдарлық жұмыс.

-  Мұғалім қызметіне қатаң кон-

курстық іріктеу.

- Мұғалімге қойылатын қосымша

талаптар: спорттық разряд, сурет сала

білу, музыкалық аспапта ойнау.

Шетелдегі педагогикалық кадрлар

даярлаудың ерекшеліктеріне мына-

ларды атауға болады:

- Кәсіби бағдар және кәсіби

іріктеудің тиімді жүйесін жасау арқы-

лы педагогикалық мамандықтарға

абитуриенттерді іріктеп алу;

- Студент-мұғалімдердің жалпы

білім беру даярлығын кеңейту;

- Мұғалімді даярлауға мемлекеттік

бақылауды күшейту, оқу жоспарлары

мен бағдарламаларды дайындауды бір

орталыққа беру;

- Педагогикалық кадрлердің

психологиялық-педагогикалық және

рухани-адамгершілік даярлығын

күшейту;


- Кәсіби шеберлікті жетілдіру

жүйесін әрі қарай дамыту және

тереңдету;

- Мұғалімдердің  зерттеушілік және

эксперименттік бағдарламаларға

қатысуын кеңейту және қолдап отыру;

- ЖОО-дан кейінгі білім алудың

тиімді жүйесін жасау.

Осы кезеңдегі Қазақстандағы

педагогикалық кадрлар даярлау жүйесі

төмендегідей сипатта жүзеге асыры-

луда:


1-деңгей - педагогикалық колледж-

дерде оқу;

(арнайы кәсіби орта мектеп).

2-деңгей - педагогикалық жоғары

білім (бакалавриат);

3-деңгей -ЖОО-дан кейінгі білім

алу: магистратура және докторантура;

4-деңгей - педкадрларды қайта даяр-

лау және квалификациясын көтеру

жүйесі.


Осындай биік мақсатты жүзеге

асыру үшін  12 жылдық білім берудің

мазмұнына:  білім алуға бағдарланған

оқытудан білімді әлеуметтендіруге,

оқушыларды проблемаларды өздерінің

құзырлы шешуге үйретуге, ақпараттық

және коммуникативтік құзырлық-

тарды қалыптастыруға яғни нәтижеге

бағдарланған білім (НББ) беруге  көшу

алынып отыр. Жаңа білім моделіне

көшу қазіргі кезеңде мектеп алдында

оқыту жүйесін жаңартып қайта құру

мақсатында бірнеше маңызды

проблемалар тұр. Бұл процесс оқу-

тәрбие процесінің теориясы мен

практикасындағы  түбегейлі өзгеріс-

термен қатар жүреді. Білім парадигма-

сының ауысуы, білім мазмұнының

жаңаруы, "мұғалім-оқушы" қатына-

сына, оқушылардың құқықтарына

жаңаша қарау қажеттілігін тудырады.

Осы замаңғы педагогика оқушыны оқу

әрекетінің субъектісі ретінде қарас-

тырады. Соның салдарынан оқу есте

сақтау функциясынан ақыл-ойды

дамыту процесіне, алған білімін нақты

өмірде пайдалануға, білімнің статис-

тикалық моделінен ақыл-ой әрекетінің

қалыптасқан жүйесіне, орташа оқушы-

ға бейімделген оқыту нәтижеге бағдар-

ланған дамытып оқытуға айналады.

Ал жаңа мазмұнды білім берудің

негізгі міндеттеріне мыналарды атауға

болады:


-"дайын білімді қабылдаушы"

енжар оқушыны  "белсенді субъектіге"

айналдыруға акцент беру үшін

мектептегі оқытудың үрдісі ретінде

оқушыларда құзырлықлықтарды қа-

лыптастыру;

- оқу пәндері арқылы оқыту-

тәрбиелеу процесінде оқушыларда

құзырлылықтарды қалыптастыру;

- жалпы орта білімнің құрылымы

мен мазмұнының білім берудің әрбір

деңгейінде оқушылардың психо-

физиологиялық және жас ерек-

шеліктеріне, олардың мүмкіндіктері

мен қабілеттеріне сәйкес келуі;

- білім алудың әртүрлі деңгейіндегі

тұлғаның дамуының барысын көр-

сететін оқытудың күтілетін әртүрлі

деңгейлі жүйесін құрастыру кезінде

сабақтастықтың сақталуы;

- алынған білімге сәйкес мектеп

бітірушінің тұлғалық сапасы-

құзырлылықты білім нәтижесі

ретінде болжау;

- білім беру және тәрбиелеу проце-

сіндегі оқушының табысты әлеу-

меттенуін қамтамасыз ету;

- оқушылардың құзырлылықтар-

ды меңгерудегі қол жеткен табыс-

тарын анықтау негізінде білім беру

жүйелерінің, оқушының даму дина-

микасының мониторингі.

Осыған орай  әрбір мектеп және

оның мұғалімі өз оқыту техноло-

гиясын, ал оқушы өз білім траекто-

риясын таңдауға құқылы. Оқушыға

мұндай құқықтың берілуі өзіндік

білім алу әрекеті арқылы өзін дамы-

тып жетілдіруiне мүмкіндік береді.

 Нәтижеге бағдарланған бiлiм беру

моделi  оқушылардың жеке мүмкін-

діктері мен талап-тілектеріне, қызығу-

шылықтарына оқу пәнінің мақсат-

тары мен міндеттері ретiнде оқыту

нәтижелерін жоспарлауды көздейдi.

Бiлiм жүйесiн жаңа сапалық

деңгеймен қамтамасыз ететiн

талаптарды анықтау  бiлiмнiң мазмұн-

дық негiзiн түзу  нысанын өзгерту

арқылы жүзеге асырылады. Ал, ол

нысан оқыту нәтижелерi, яғни

мектепте бiлiм соңғы нәтижеге

бағдарланып берiледi. Бұл жағдайда

бiлiм сапасы оның төрт сипатын (бiлiм

- құндылық, бiлiм -  жүйе, бiлiм -

үдеріс, бiлiм - нәтиже)  қамтиды және

олардың iшiнде бiлiмнiң құндылық

ретiндегi және нәтиже ретiндегi

сипатына үлкен мән берiледi. Мұнда

оқытудың басымдық берiлетiн

компонентi  оқушы тарапынан жүзеге

асырылатын  өзіндік оқу әрекеті.

Мұндай оқу процесiнде  пәндiк бiлiм,

бiлiк, дағдыларды меңгертумен қатар

құзырлылықтарды  дамытуға  да бас-

ты назар аударылады.

Болашақта Қазақстандағы пед-

кадрлар даярлау жүйесінің дамуының

перспективаларының барысы  төмен-

дегідей  жоба бойынша жүзеге

асырылуы тиіс деген пікір мұғалім

қауымы тарапынан кең қолдау табу-

да:

-12-жылдық мектепке педагогика-



лық кадрларды даярлау;

- педагогикалық кадрлардың

әлеуметтік статусын көтеру;

- педагогикалық кадрларды

даярлаудың мазмұнының адамгер-

шілікке байланысты тұстарын кү-

шейту;

- педагогикалық кадрларды



даярлау жүйесінің барлық басқыш-

тарында сабақтастықты қамтамасыз

ету;

- нәтижеге бағдарланған білім



беруге көшуді жүзеге асыру және

педкадрларды даярлау технологиясын

жетілдіру;

- мектеп мұғалімі мен ЖОО және

орта оқу орындарының оқушыларына

мемлекеттік қызметкер статусын

беру.

Жалпы орта бiлiм беретiн мектеп-



терде оқу пәндерiн оқытудың нәтиже-

лiлiгi, олардың сапасының артуы бiлiм

мазмұнының ғылыми-әдiстемелiк

тұрғыда дұрыс негiзделуiне,

әлеуметтiк сұраныс мотивтерiне сай

құрылуына тiкелей байланысты.

Жаңаша бiлiм беру үрдісінің

нысаны бұрынғыдай тек бiлiм, яғни

оқу материалы ғана деп қаралмайды.

Бiлiм мазмұнын құрайтын оқу

материалдары  тұлғаны дамытушы

мүдденi түзуге тiкелей қызмет

ететiндей етiп құрылуы тиіс. Ал,

тұлғаның дамуы оның әр пәннен

алатын бiлiм, бiлiк, дағдыларын өмiрде

қаншалықты қолдана алуымен

өлшенедi. Соған байланысты оқу-

шының iс-әрекетiн қалыптастыруға,

оны танымның, еңбектiң және

қарым-қатынастың субъектiсi ретiн-

де ұстауға қатысты iс-әрекеттiк тәсiл

жүзеге асырылады. Бұл  iс-әрекет мақ-

сатын анықтауды және iс-әрекеттi

жоспарлауға, ұйымдастыруға және

реттеуге, бақылауға, алынған нәти-

женi талдауға және бағалауға үйрету

қажеттiлiгiмен түсiндiрiледi. Сондық-

тан оқу материалдарын меңгертудегі

мұғалімнің жадынан шығармайтын

басты нәрсесі - олардың адам

өмiрiндегi алатын орнына оқушы-

лардың назарын аудару болып табы-

лады.

Міне жаңаша оқытудың талап-



тарына сай келетін жаңа формациялы

педагогтарды даярлау  және     меже-

ленген 12 жылдық білім беруге көшу

мерзімініңде алыс емес екендігін

ескерсек, осындай аса маңызды мем-

лекеттік істің жайбарақаттықты

көтермейтіндігі айтпасада түсінікті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет