3 3 шілде 2014 жыл “алтын белгі” иелерінің алар асуы алда жаѓалыћтар. Хабарлар



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата08.02.2017
өлшемі17,13 Mb.
#3639
1   2   3   4   5

Тәжібек ИСКЕНДИРОВ,

№160 орта мектептің

АӘД пәнінің мұғалімі.

Тәуелсіз елім – тірегім

Тақырыбы: Тәуелсіз елім - тірегім.

Мақсаты: Оқушыларды Отанын

сүюге, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Интеллектуалды

шоу.


Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Еліміздің туы, ән-

ұранның сөзі жазылған плакат, пре-

зиденттің суреті, "Қазақстан" энци-

клопедиясы.

Кіріспе.


Әнұран орындалады.

Мұғалім: Талай ғасырлар бойы ата-

бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік

таңын аңсап келген. Иншалла олар

көксеген арманға ХХ ғасырдың

соңына қарай қол жеткіздік. Соның

арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-

бағдарын ұстанған, өркениет елдер

мойындаған жеке мемлекетке айнал-

дық. Осыған байланысты оның қасие-

тін оқушылар бойына сіңіру, ұғын-

дыру мақсатында "Тәуелсіз елім -

тірегім" атты ашық сынып сағатын

өткізіп отырмыз. Ең алдымен сайыс-

керлерді таныстырып кетейін.

Сайыстың шарттары:

Мақал-мәтел айту.

Бәйге.


Тіл-өнер.

Жеті жұмбақ.

Оратор.

Тәуелсіздік жолында талай жандар



құрбан болып, елім деп еңіреп өткені

белгілі. Талай кезең қиын-қыстау,

қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз

басынан кешті. Қазақстан Республи-

касының президенті Н.Ә.Назарбаев-

тың сөзі: "Біз Қазақстанның тәуелсіз-

дігінің оңайлықпен келмегенін біліп

оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақ-

станның азаматы мақтанышпен Елтаң-

баны, Әнұранды, Туды көтеруі керек.

Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек

етуге, жанын қиюға міндетті."

Сайыс.

І бөлім. Мақал-мәтел айту. (Туған



жер, Отан, батыр, ерлік туралы

өздеріңіздің дайындап келген мақал-

мәтелдеріңізді айтыңыздар)

Ән: "Отан".

ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап).

Біз қандай мемлекетте өмір сүреміз?

Мемлекетіміздің астанасы қай қала?

16-желтоқсан қандай күн?

Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.

Тудың авторын атаңыз.

Елтаңбаның авторы кім?

Әнұранның сөзі мен әнін кімдер

жазған?

Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды?



т.б.

"Қазақ биі".

ІІІ бөлім. Тіл-өнер.

Ер елінде ... жерінде (гүл - цветок -

flower)

Ер туған жерінде,  .... тоңған



жерінде. (ит-собака - dog)

Туған жердің .... да болысады. (тас-

камень-stone)

Отаның ..... бесігің. (алтын-золото-

gold)

IV бөлім. Жеті жұмбақ. (7 пәннен



сұрақтар қойылады).

Тарих. 1986 жылы болған

"Желтоқсан оқиғасының" болу неде?

Қазақ тілі. Біз, қазақ, ежелден

еркіндік аңсаған.

Әдебиет. (5 асыл іс, 5 дұшпанды

атаңыз).

Ағылшын тілі. Сөйлемді аудару.

Мен Шалқар қаласында тұрамын.

Орыс тілі. Сөйлемді аудару. Мен

туған туған жерімді жақсы көремін.

Математика. 04.06.1992 сандары нені

білдіреді?

Жаратылыстану. Қазақстан қай

материкте орналасқан және шекте-

сетін мемлекеттерді атаңыз.

V бөлім. Отан үшін отқа түс

күймейсің. (Б.Момышұлы)

Өз елім - өлең төсегім. (мақал)

Жеңімпаздарды анықтап,

марапаттау.

Қорытынды.



Венера АБДРАМАНОВА,

№166 мектеп мұғалімі.

Жаңақорған ауданы.



Жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқор, жең ұшынан

жалғасқан жемқорлар, қойшы әй-

теуір, газеттен оқысаң да, көгілдір

экраннан көрсең де аттары аталып,

қамалып жатқандарды жиі еститін,

көретін болдық.

Сыбайлас жемқорлықтың аясында

мемлекет қаржысын миллиондап

ұрлап, шет елдерге қашып кеткен-

дердің де қарасы көбеюде. Ұсталып,

елге қайтарылып, тиісті жазасын

алып, опық жеп жатқандары да бар-

шылық. Бұған етіміз үйреніп кеткен

бе, қалай?

Қазіргі таңда жемқор деген таңба

еліміздің қай түкпірінде болса да жиі

аталып жатады. Үлкен құрылыстарда,

жоғарғы оқу орындарында, мемлекет-

тік органдарда, тіпті мектептерде де

сый беріп жүріп, сыбайлас жемқор

деген атаққа ілігетіндер де кездеседі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев бір сөзінде "Жемқорлық-

сыз болашаққа барайық" деп айтқаны

ел есінде.

Осы нақты айтылған сөзді ту етіп,

сый, пара, жемқор деген атаудан бір

жола ада болайық. Қорыта айтқанда,

алынбайтын қамал жоқ. Олай болса,

көп болып, ел болып бірігіп жемқор

деген індеттен бір жола құтылып озық,

30 елдің қатарында болайық.

Сәйділда СӘДУАҚАС,

Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі.

Сырдария ауданы.

Тереңөзек кенті.

жемқор деген атаққа ілігіп жатқандар

қаншама. Медицина атасы Гиппократ-

қа берген анттан аттап жемқор деген

атқа ие болып жатқан денсаулық сақтау

саласы қызметкерлері де бар.

Ауыра қалсаң, жақсы емделу үшін

де сый беруің керек. Жаның үшін

бересің. Жалақысы төмен бір мекемеге

тазалықшы болып жұмыс істеу үшін

де сый беруге тура келеді.

Жемқор деген атаққа кейбіреулер

өзінің ашкөздігінен іліксе, кейбіреулер

амалсыздан жұмыс жүргізу үшін ілігіп

жатады.

"Сыйға-сый, сыраға - бал" деп



жүріп, ірі банктерден мол қаражат алу

үшін де сый,  құрылысты тез бітіру

үшін  алынатын жабдықтарға да сый,

құрылыс біткесін қабылдап алушыға да

№135 А.Тоқмағанбетов атындағы

мектепте 4-сынып оқушыларының

бастауышпен қоштасу кеші өтті.

Сынып жетекшісі Оразбаева Гүлнар

мектептің акт залының сахнасында

өз сыныбындағы 18 оқушысы мен ата-

аналарға, мұғалімдерге, оқушыларға

тамаша кеш сыйлады. Сахнада тұрған

оқушылар өздерінің  мектептен 4

жыл бойғы алған білімдерін, өнер-

лерін паш етті. Олардың сахнада

өздерін ұстауы, әнді орындап, билеуі

бұрыннан мектептегі өткізілетін іс-

шараларға белсене қатысқанын көр-

сетіп тұрғандай. Өздерінің балалары-

ның өнерін тамашалаған ата-аналар-

дың да көңілдері мерекеге толы,   мәз-

мейрам.


Кешті жүргізген Бекзатхан,

Гүлмира, Ақниеттер шебер де тартым-

ды  сөйлеуімен көпшілікті өздеріне

қарата алды. Қағазға қарамай, құдды

бір үнемі   кеш жүргізіп жүргендей, өз-

дерін еркін ұстады.

Оларға еліктеген басқа оқушылар

да қысылмай-қымтырылмай  тақпақ-

тарын айтып шықты.

 Мектеп директорының оқу ісі жө-

ніндегі орынбасары Ж. Қойшыбаева

өзінің сөзінде: Бұл сыныптан болашақ-

та үлкен үміт күтетінін, сыныптағы 7

үздік оқушылардың алдағы сыныптар-

да да білімдерін шыңдай берулеріне ті-

лектес екендігін білдірді. Кештің қа-

тысушыларға сыйлаған әсері  мол бол-

ды.


Болашақта әріптесім Гүлнарға

шығармашылық табыстар тілеп, бас-

тауыштан  ұшырған қарлығаштарың-

ның  соңы болмасын, жалғаса берсін

деп тілек білдіремін.

Айжамал ДӘРМЕНОВА,

 бастауыш сыныптар

бірлестігінің жетекшісі.

Ұстаздың алғашқы қарлығаштары

Бүгінгі таңда Елбасының сындар-

лы саясаты - "үш  тұғырлы  тіл" өмірге

толыққанды енді. Бұл- қалың

жұртшылыққа мәлім. Орыс тілі мен

қазақ тілін жетік білетін жастар

жаппай ағылшын тілін ауыздақтап

келеді. Бұған тіл саясатының бағытын

түсінген ата-аналардың бәрі бастауыш

сыныптағы болсын " Speak  English"-

те ағылшынша түрлі деңгейдегі

сайыстарға  қатыстырып,тым  жақсы

биіктерді  бағындыруға  үлестерін

қосып  жүр. Оза  шапқан  балалардың

алды ел асып, Еуропа  елдерінде  тілдік

білімін  тереңдетуде. Әрі  ел танып,

заманымыздың  озық  технологияла-

рын  меңгеруде дамыған елдердің

балаларымен үзеңгілес келеді. Бұған

қуанбасқа бола ма?

Қоғамдық  көлікте  отырған  жұрт-

ты үш оқушы қыздың емін-еркін

өзара сөйлескен ағылшыншасы таң

қалдырды.Есесіне аракідік айтқан

қазақша сөздер, "мүгедек", бейшара

қалыпта жолаушы жұрттың жүрегін

қан  жылатты.Қазақша айтпағандары

дұрыс болар ма  еді, кім  біледі ?

Осы  дөрекілікке әрі шаршадым, әрі

төзімім де  таусылды, жетістіктері мен

кемшіліктерінің арасын  салмақтауға,

өлшеуге  шақырдым.Ағылшынша

сауатты сөйлейсіңдер деп мақтай

отырып, мемлекеттік тілді, ана тілімізді

білу қажеттігін түсіндірдім. Олар өз

қателіктерін түсінгендей  қалып

танытты...

Жастың  аты-жас, ол  әрнәрсеге де

қызығады, талпынады, осы орайда

оларды дұрыс арнаға  бағыттау - әрине

ұстаздардың, ата-ананың және

қоғамның міндеті. Бұндай жауапкер-

шілікті түсіну аз, оны шешу жолдарын

қарастырып, қоғам болып қолға алу

керек, мемлекеттік тұтастықтың, оның

өміршеңдігінің кепілі-бүгінгі жас

ұрпақ. екенін есте сақтауымыз қажет.

Сонымен  бірге біз  өзіміздің  жаңа-

лыққа  жаны  құмар қасиетімізді  еске-

ріп, 5-сыныптан шет  тілін  үйренсек те

кеш  қалмас едік. Ел тұтқасын ұстаған-

дар осы  туралы мәселені  қарап, зерт-

теп  көрсе  деген арман  маған   маза

бермейді.Себебі  ана  тіліне  жетік  бала

ой жұтаңдығына    ұшырамас  еді,ана

тіліне, әдебиетіне,мәдениетіне  бас-

тауыш сыныпта  қанған  бала тереңірек

ойлануға дағдыланарына  сенемін.Қазір

балалар ой жұтаңдығына  ұшырап,

есесіне  сериалдардағы кейіпкердей

өзін елестететін  ауруға шалдығып

келеді.


Әйтеуір  жеке тұлға - ел болашағын

тәрбиелеуде  шалыс баспасақ  екен...

Ұлттық болмысымыз-ана тілімізді

мемлекеттік дәрежесінде биікте ұстай

білетін ұрпақ тәрбиелесек екен...

Гүлсара НАСЫБЕКОВА,

"Ұлағат " колледжінің

оқытушысы.

Қызылорда облысы.



Өз тіліңді құрметте


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет