үшін классикаға айналған Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаровтың
«Тіл мен мәдениет» кітабында: «Адам орыс, неміс, жапон және т.б.
болып тумайды, тек белгілі бір үлт қауымында өмір сүру барысында
сол ұлт өкілі болып қалыптасады. Баланы қоршаған ортаның ұлттық
мәдениеті оныңтәрбиесіне де ықпал етеді»,1- делінген.
Алайда адам тәрбиесінде, оның тұлға ретінде қалыптасуында
мәдениетпен ажырамас бірліктегі тілдің айырыңша рөл атқараты-
нын ұмытпайық. Е.М. Верещагин мен В.Г. Костомаров келтірген
кеңестік кезеңнің танымал психологі Б.Г. Ананьевтің «Тұлға - мә-
дениет өнімі» деген белгілі афоризмін
«Тұлға - тіл мен мәдениет
өнімі» деп толықтыра кеткенді жөн көрдік.
Адам шыр етіп дүние есігін ашқан алғашқы сәттен-ақ болашақана
тіліндегі дыбыстарды естиді. Тіл оны қоршаған ортамен таныстырып,
оған дейін-ақ, онсыз да «салынып қойған» көріністерді, бейнелерді
таңа бастайды. Тілді меңгерумен қатар, ол енді қоршаған орта, өз мү-
шесі болып саналатын қоғам, ондағы мәдениет, құндылықтар жүйесі,
мораль, іс-әрекет және т.б. жайындағы ақпаратқа қанығады.
Достарыңызбен бөлісу: