Коммуникация



Pdf көрінісі
бет106/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   188
С.М. Арутюнян.
Н ация 
и ее психический склад. 
Краснодар, 1966, 23 б.
Ұлттық мінез дегеніміз не? Жалпы бұл бар нэрсе ме? Адамдар- 
дың әртүрлі болатынын біле тура, типтік мінездерді жинақтап тутас 
бір халыққа телу қаншалықты заңды? Осы жайында айтылған ағыл- 
шын мақалы тілге оралады: It takes all sorts to make the world (Элем 
әртүрлі сурыптағы/санаттағы адамдардан ңуралады). Ал It takes one 
sort to make a nation, яғни бір сұрыптағы/санаттағы адамдардан 
халық құралады десек қалай? Әлде улттық мінез дегеніміз көбіне 
ултқа басқа улттар таңатын (мұқату мақсатында болуы да мүмкін) 
мінез-құлықтардың стереотип жиынтығы ма?
Ұғымның күрделілігі мен оған қатысты туындаған қарама-ңайшы- 
лықтар терминологиялық әркелкілікке жол беріп отыр. Бұл - барлық 
гуманитарлык, ғылымға тән мәселе. Н.А. Ерофеевтің айтуынша, этника- 
лық көрініс - «өзге халықтың сөзбен жасалған портреті не бейнесі».3
С.М. Арутюнян «халықтың рухани өміріндегі әртүрлі қубылыс- 
тардың өзіне тән жиынтығы» саналатын улттың психологиялык, қал- 
пы деген терминді қолданады.4 Алайда ұлттық мінез термині бір- 
шама кең тараған.
Төменде И.А. Ерофеев келтірген «улттық мінез» ұғымының бір- 
неше анықтамасын береміз:
Н>8


«Д.Б.Парыгиннің пікірінше, түрлі әлеуметтік топтардың, таптар- 
дың, қоғамның, ұлттың, халықтың психологиялықерекшеліктерінің 
болуы еш күмән келтірмейді».5
Осы көзқарасты ұстанатын Н.Жанділдиннің берген анықтама- 
сында ұлттык, мінез дегеніміз - «нақты бір экономикалық, мәде- 
ни, табиғи жағдайда дамитын белгілі бір әлеуметтік-этникалык, 
қауымға аз не көп мөлшерде тән болатын психологиялық мі- 
нез-күлықтар жиынтыты».6 Ұлттық мінез немесе «улттың психоло- 
гиялык, ңалпы» ұғымын жоққа шығармайтын С.М. Арутюнян оған 
мынадай анықтама береді: «улттың тарихи дамуының ерекшелі- 
гімен, материалдык, өмір ықпалымен қалыптасатын, оның мәде- 
ниетінен көрінетін улттық әдеттер мен дәстүрлердің, ойлар мен 
әрекет түрлерінің, сезімдер мен эмоциялардың өзгеше ұлттык, 
көрінісі7».8
Кең тараған пікірге сүйенсек, үлттық мінез дегеніміз - белгілі бір 
ұлттың өзіне ғана тән, өзгеше мінез-кулықтарының жиынтығы емес, 
жалпыадамзаттық мінез-қулықтардың өзгеше әмбебап жиынтығы.
В.Г. Костомаров 1998 жылғы наурызда өткен «Орыс тілінің 
Франциядағы апталығының» ашылуында жасаған баяндамасында 
ұлттык, мәдениет жайында жоғарыдағыға жақын пікір айтады: «Ұлт- 
тық мәдениет бұл белгілі бір ұлтқа тән ерекше мінез-құлық жиын- 
тығы емес, ол-жалпыадамзаттықмінез-құлыцтар мен идеялардың 
айырықша жиынтығы». Ю.В. Бромлей де «ұлттық мінез қырлары- 
ның салыстырмалы түрде алғандағы ерекшеліктеріне, байқалатын 
айырмашылықтарына» тоқталады.9
Н.А. Ерофеевтің «Туманный Альбион. Англия и англичане глаза­
ми русских» атты еңбегіндегі ұлттық мінез туралы талдауларынан 
үзінді келтірейік:
«Көпшілігіміз неге америкалықтар - іскер, италиялықтар музы- 
ката жақын болады деген пікірдеміз? Әлде осы екі ел ішінде санақ 
жүргізіп, осыны анықтаған біреу бар ма? Әлдекімдердің байқағаны 
мен алған әсеріне қарап, неге әлдебір халыққа бүйрегіміз бурса, 
керісінше келесі бірін жақтырмай жатамыз? Бір қызығы - бұл се- 
зімдерімізді өзімізбен бірге ала кетпей, балаларымызға, немереле- 
рімізге мура еткендей табыстап кетеміз. Шешімін күтіп жатқан осы 
сияқты мәселелер жетерлік.
Осындай аса күрделі мәселелердің бірі, тіпті ең күрделі мәселе 
десек те орынды, ол - әрбір этникалык, бейненің маңызды бөлігі 
болған улттық мінез.
Әр халықтың тұрмыстык, сана деңгейіндегі улттық мінезі бар 
екені шүбәсіз. Әсіресе мұндай ой өзге этникалык, ортаға түскенде 
туындайды. Сол қауым адамдарының көп турғыдан өзіңізден өзге- 
шеленетінін, мәселен, өмір салты, тұрмысы, кейде тіпті кескін-кел-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет