Біздің әдебиетіміз орыс халқының шынайы өмірін ешқашан бейне-
лемеген. Орыс әдебиеті Ресейдің әлсіз түстарын көбірек жазады, ал
оның бір де бір жақсы жағын көрсеткен емес. Оның үстіне әлсіз тұста-
ры да ойдан шығарылған дүние. Сүрапыл соғыс пен төңкеріс жылда-
ры халык, өмірін сипаттауда әдеби адасуды былай қойғанда, көркем
түрде қолдан жасалған жалған Манилов пен Обломовтар, Каратаев
пен Безуховтар, Щигровский уезінің Гамлетові, гарольдтік плащтағы
мәскеуліктер, басы артык, адамдар мен жалаңаяқтар - ерік-жігері
мықты адамдардың әдебиетте қайдан пайда болғаны белгісіз.18
Немістерді орыс халқының ұлттық мінез-қүлқы туралы бө-
тен сенімге әкелген орыс әдебиетін ақтап алуға тырысайық. Шын
мәнінде, Манилов пен Безуховтар Брест қамалында болған емес.
Егер олар дэл сол Брест қамалында болса, өздерін қалай ұстар еді?
Мүмкін сол кезде олардың өн бойында орыс ұлтына тән қайтпас
қайсарлық пен қайрат пайда болар ма еді? Солоневичтің пікірінше,
мұның өзі душпандарды өмірді терісінен көрсететін айна секіл-
ді алдаған болатын. Бул жерде Солоневичтің ойы мынаны аңғар-
тады: «Салынып жатқан мемлекеттік маңызы бар нысандардың
құрылысын, еліміздің әскери күшін, адамзаттарихында болып көр-
меген ерік-жігерді, қайсарлық пен табандылық сынды қасиеттердің
бәрі біздің әдебиетте көрсетілмеді».19 Мұндай қасиеттер көркем
әдебиетте бейнеленетін болса, онда соғыс та болмас еді. Иван Со-
лоневич осы туралы айтқысы келіп отыр.
Ұлттық мінез-құлық туралы берілетін ақпарат көздеріне қай-
та оралайық. Солоневичтің бүкіл көркем әдебиетке деген нара-
зылығын ескере отырып, көркем туындының өмірді терісінен
емес, шынайы өмірдің тек жартылай жағын көрсету деп білеміз.
Сол кездегі шынайы өмірді толығымен суреттеу мүмкін емес, орыс
жазушысы А.К.Толстой шығармасының кейіпкері Кузьма Прутков-
тың сөзімен айтңандай, «ұшы-қиыры жоқ, шексіз нәрсені құшаққа
сыйдыра алмайсың». Көркем әдебиетте шынайы өмір жартылай
әрі субъективті түрде суреттеледі, себебі жазушының жеке өміріне
байланысты қалыптасқан дүниетанымы, шығармашылык, қиялы,
өзіндік қабілеті болады. Қорыта айтқанда, көркем шығармалар-
ды улттық мінез-құлык, туралы ақпарат алуға болатын қайнар көз-
дердің бірі ретінде санауға болады.
Халыцтың ішкі жан-дүниесі мен ұлттық мінез-құлқы туралы
ақпарат алудың үшінші қайнар көзі ретінде фольклорлық шығарма-
ларды, халықтың ауыз әдебиетін айтуға болады. Көркем әдебиетке
қарағанда фольклорлық шығармалардың өзіндік артықшылықтары
бар. Өйткені фольклорлык, шығармалардың авторы халықтың өзі,
ужымдықтуынды саналады. Ұлттық мінез-құлықты ашып көрсетуде
халық ауыз әдебиетінің рөлі қандай? Ең алдымен, эпикалык, шығар-
18
Достарыңызбен бөлісу: