Коммуникация



Pdf көрінісі
бет164/188
Дата14.09.2022
өлшемі11,31 Mb.
#39018
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   188
К.ЫЛМЫСТЫК
білімі] бірлігімен берілуі арқылы оқырманның қылмыс- 
керді тез табуына өзіндік себебін тигізеді. Мысалы:
Осы шығармада:
Everyone who should be in Nightingale Hous was in her room [Най- 
тингейл Хаузда болуға тиісті адамдардың барлығы оның бөлмесіне 
жиналды]. Көзге бірден түсетін «барлық, жалпы» деген мағынаны 
иеленетін everyone сөзі [все; всякий, всякая, всякое, бәрі, барлығы] 
her room бірлігімен [оның бөлмесі] қолданысқа түсуі, Найтингейл 
Хауздағы түрғындарының бәрі - әйел екенін аңғартады.
Ол Найтингейл Хаузда қаңылтырды қайдан тапқанын еш- 
кімге айтқан емес. Бірақ бір адам оның қайда жасырынғанын 
білетін еді. Сол адам ойламаған жерден олардың қылмысын 
ашып қоюы мүмкін еді.
18P.D. 
James.
Shroud for 
a Nightingale. London,
1989, p. 192.
He had no intention of telling anyone in 
Nightingale House where the tin had been 
found. But one person would know where 
it had been hidden and with luck might 
inadvertently reveal their guilty knowledge.18
264


Төменде берілген мысалдар ағылшын халңы мүмкіндігі шектеу- 
лі әлеуметтік топтардың құқығын қорғау мақсатында тіл арқылы 
олардың көңіл күйіне жағымсыз эсер ететін үғымдарды қолданбауға 
тырысады:
invalid > handicapped > disabled > differently-abled > physically 
challenged [мүгедек > физикалық > ақыл-ой кемістігі > жарымжан 
> өзге де мүмкіндігі шектеулі > өзінің физикалык, жағдайына 
қарамастан бар қиындықты жеңіп шыққан адам; 
retarded children > children with learning difficulties [ақыл-ой 
кемістігі бар балалар > оқытуда қиындық тудыратын бала- 
лар;
old age pensioners > senior citizens [зейнет жасындағы кісілер > 
үлкен кісілер];
poor > disadvantaged > economically disadvantaged [кедейлер > 
мүмкіндіктері аз > материалдық жақтан қысым көрушілер]; 
unemployed > unwaged [жүмыссыздар > жалақы алмайтын 
адамдар];
slums > substandard housing [қаланың лас, шеткергі, қараңғы 
жерлері > стандартқа жауап бермейтін баспана]; 
bin man > refuse collectors [қоқысты ақтарып жүрген адам > қа- 
жетсіз заттарды жинаушы адам]; 
natives > indigenious population [жергілікті тұрғындар > ежелгі 
тұрғындар];
foreigners > aliens, newcomers [шетелдіктер > бейтаныс адамдар;
шеттен келгендер, бұл жердің турғындары емес]; 
foreign languages > modern languages [шет тілдері > қазіргі заман 
тілдері];
short people > vertically challenged people [ортадан томен бой- 
лы адамдар > өзінің тік бағыттағы пропорциясы бойынша 
қиындықты жеңіп шыққан адам]; 
fat people > horizontally challenged people [толық адамдар > 
өзінің көлбеу бағыттағы пропорциясы бойынша қиындықты 
жеңіп шыққан адам];
third world countries > emerging nations [үшінші әлемнің мемле- 
кеттері > жаңадан пайда болушы ұлттар]; 
collateral damage > civilians killed accidentally by military action 
[бірге ілесе жүретін шығындар > соғыс кезінде кездейсоқ 
қаза тапқан бейбіттұрғындар];
killing the enemy > servicing the target [дұшпанның көзін жою > 
дәл көздеп ату].
Жануарлар әлеміне ңатысты антропоцентризмге жол бер- 
меу үшін, адамзат баласымен бірге осы ғаламшарда өмір сүру- 
ге тең құқы бар өзге де дүниелердің бар екенін айқындау үшін


ағылшын тілінде цолданылатын pets [үй жануары] сөзінің орнын 
animal companions [жануарлар дүниесі] сөз тіркесі, сондай-ақ house 
plants > botanical companions [үй өсімдіктері > өсімдіктер дүниесі, 
өлі табиғаттағы заттар - mineral companions [минералдар дүниесі] 
тілдік бірліктері қолданысқа түскен. Өйткені мұндағы pets сөзінің 
астарында осы үй жануарларының иесі бар деген астарлы түсінік 
жатыр.
Сұлулықты, жанға жайлы дүниелерді ұсқынсыз, жайсыз нәр- 
селермен салыстыру саяси әдептілікке жатпайды. Осындай саяси 
әдептілікке жатпайтын нәрселер lookism (look сөзі ағылшын тілінде 
«көру, тексеру») деген мағынаға ие болған - favouring the attractive 
over less attractive [сүйкімсіз нәрсеге қарағанда тартымды, суйкімді 
нәрселерді артық көру]. (Ең бастысы, негізгі lookist «ұлы эстетист» 
болған сияқты, өйткені Оскар Уайльд өзінің эстетикалык, принцип- 
терімен сулулык, әлеміне табынған).
Саяси әдеп мәселесі ағылшын тілінде кеңінен таралғанымен, 
тілдегі мәдениеттілікті сақтау үшін қалыптасқан тілдік бірлік- 
тердің кейбірі адамның күлкісін (history [тарих] сөзін herstory 
түрінде айту) тудырды. Нәтижесінде «саяси әдептіліктің тиімділі- 
гі» төмендеп, кейде мүлде керісінше жағдайлар да кездесіп
қалады.
Чикагодан шыққан жазушы және актер Джеймс Финн Гард­
нер халык, арасына кең таралған, танымал ертегілерді саяси эдеп 
принципін үстанып, қайта жазып шығады. Жазушының кітабы 
«Politically Correct Bedtime Stories» деген атаумен Нью-Йорк, То­
ронто, Оксфорд, Сингапур және Сиднейде бір уақытта басылып 
шыңты. Нәтижесінде ертегілер жинағы нөмірі бірінші бестселлер 
кітапқа айналды.19
Осы кітаптың алғы сөзінде автор халық саяси әдептілікті бүр- 
малады деген кінә артпас үшін (бұл жерде де юморға жол 
беріледі) алдын ала ескертеді: «If, through omission or commis­
sion, I have inadvertently displayed any sex­
ist, racist, culturalist, nationalist, regional- 
ist, ageist, lookist, ableist, sizeist, speciesist, 
intellectualist, socioeconomicist, ethnocen- 
trist, phallocentrist, heteropatriarchialist, 
or other type of bias, as yet unnamed, I 
apologize and encourage your suggestions 
for rectification».
«Саяси сыпайылық» негізінде жазылған 
ертегілер арнайы комментарийді қажет етпейді. Төменде ертегіден 
алынған үзінділер абсурд дәрежесіне дейін жеткізілген саяси әдеп 
үрдісініңжүйелілігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет