“ ГА.
Антипов,
О. А. Донских, И.Ю. Мар-
новина, Ю.А. Соронин.
Указ, соч., 77 б.
17 Э.
Сепир.
Коммуникация // Из
бранные труды по язы
кознанию и культуроло
гии, 211 б.
функциясын орындайтын ерекшеліктер) коммуниканттардың
арасында мәдениетаралық тілдесімнің жүзеге
асуына қиындық
туғызуы мумкін.
Түрлі лингвомәдени қауымдастыққа тән улттық ерекшелікті
танытатын компоненттерге мыналарды жатқызуға болады:
а) салт-дәстүр (немесе мәдениеттің тұрақты элементтері),
әдет-ғурып (мәдениеттің «әлеуметтік нормативті» саласында дәс-
түр ретінде айқындалады) және ырым-жоралғы (қоғамдық жүйе-
де саналы түрде айқындалмаған, бірақ үстемдік етуші нормативті
талаптар);
б) тұрмыстық мәдениет дәстурлі мәдениетпен тығыз байла-
нысты болғандықтан, дәстүрлі-турмыстық мәдениет ретінде таны-
лады;
в) күнделікті мінез-құлық нормасы (мәдениет өкілдерінің
әлеуметтік ортасында қалыптасқан мінез-қулық нормасы), осы-
мен байланысты кейбір лингвомәдени
қауымдастық өкілдеріне
тән мимикалық және пантомимикалық (кинесикалық) кодтар;
г) «әлемнің ултық бейнесі» қандай да бір мәдениет өкілдері-
нің қоршаған ортаны тану, оны қабылдауының тілдік жүйеде бей-
неленуі, улттық ойлау жүйесіндегі ерекшеліктер;
д) белгілі бір этностың улттық салт-дәстүрлері көрініс табатын
көркемөнер мәдениеті.
Сонымен қатар мәдениет пен улттық тіл иелерінің өзіне тән
ерекшеліктері болады. Мәдениетаралық қарым-қатынаста ком-
муниканттың
улттық мінез-қулық ерекшелігін, оның эмоционал-
ды жай-күйін, улттық ойлау жүйесінің ерекшеліктерін міндетті
түрде ескеру қажет».16
Шет тілін оқытудағы жаңа көзқарас бойынша, түрлі улт өкіл-
дерінің арасындағы тілдік коммуникация мен қарым-қатынас дең-
гейін түбегейлі көтеру-тек әлеуметтік-мәдени факторларды айқын
әрі шынайы түсінген жағдайда ғана жүзеге асатыны белгілі болды.
Шет тілін өлі тіл ретінде оқытудағы көпжылдық тәжірибе көр-
сеткендей, жоғарыда аталған әлеуметтік-мәдени факторлар мүл-
де
ескерусіз, көлеңкеде қалып келді.
Осылайша, шет тілдерін
оқытуда едәуір олқылықтар орын алып отыр.
Бұл олқылықты жоюдың маңызды әрі радикалды шарттары-
ның бірі - коммуникативтік қабілеттерді арттыруда әлеуметтік-
мәдени компоненттің рөлін арттыру және тереңдету.
Э. Сепирдің пікірінше, әрбір мәдени жүйе және қоғамдық
мінез-ңулықтың бір бөлігінің өзі нақты
немесе жанама коммуни-
кацияны білдіреді.17
Бул жерде басты мәселе - ана тілі өкілінің тілдік әлемін (тіл-
дік жүйені емес, тіл әлемін) этнографиялық тұрғыдан оның ру-
:«і
хани және материалдық мәдениетін, өмір сүру салтын, үлттық
мінез-құлқы мен дүниетанымын тереңінен әрі тыңғылықты түр-
де зерттеу керек. Өйткені сөздің сөйлеу тіліндегі шынайы қолда-
нысы, сөйлеу тілінің қалыптасуы мен туындауы сол тілде сөйлейтін
үжымның әлеуметтік және мәдени өмірімен тікелей байланысты.
«Тіл мәдениеттен тыс, яғни біздің өмір салтымызды сипаттайтын
әлеуметтіктүрғыдан еншіленген практикалық дағдылар мен идея-
лардың жиынтығынан тыс өмір сүре алмайды.18 Осылайша, біз
тілдік құрылымдардың негізінде әлеуметтік-мәдени құрылымдар
жатқанын айқындаймыз.
Сөздің мағынасы мен грамматика ережелерін білу-тілд і сөй-
лесу қүралы ретінде пайдалануға аздық етеді. Өзіңіз оқып, мең-
геретін тілдің әлемін барынша тереңірек білген жөн. Басқаша
айтқанда, сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық ере-
желерінен бөлек мыналарды меңгерген жөн:
1) қашан айту/жазу керек (қалай, кімге, қайда, кімнің көзінше);
2) контекстік мағына (меңгеретін тілдің сөйлеу тіліндегі сөздің
шынайы
қолданысы, белгілі бір ойдың меңгерілетін тілде қалай
бейнеленетіндігі).
Осыған байланысты қазіргі кезде Мәскеу гуманитарлық үни-
верситетінде Шет тілдер факультетінің оқу жоспарында шет тілін
оқытуға бөлінетін сағаттың үштен бір бөлігі «Меңгеретін тіл әле-
мі» («Мир изучаемого языка») атты пәнге беріледі. Бул пән Ресей-
дің көптеген жоғары оқу орындарына да енгізілген.
Әлеуметтік лингвистика, лингвоелтану және меңгеретін шет
тілінің әлемі атты ұғымдар өзара бір-бірімен қалай байланысады?
Достарыңызбен бөлісу: