Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет37/68
Дата15.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#39197
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

3.1. деректер және 
әдіснама
Фокус топтардағы терең сұхбаттар мен 
талқылаулар Астана қ., Алматы қ., Қарағанды, 
Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыста-
рында өткізілді. Мемлекеттік органдардың 
лауазымды тұлғаларымен (орталық және 
жергілікті деңгейлерде), мектеп директорла-
рымен (мүгедектігі бар балаларға арналған 
оқу бағдарламаларын іске асыратын), 
мұғалімдермен, дәрігерлермен, медициналық 
комиссияның сарапшыларымен, мүгедектігі 
бар балалармен жұмыс істейтін ұлттық және 
халықаралық ҮЕҰ өкілдерімен терең жарты-
лай құрылымданған сұхбаттар жүргізілді. 4-ке-
сте сұралған адамдардың түрлері бойынша 
сұхбатты бөлу іріктемесіне жасалған шолудан 
тұрады; Сұралатын адамдар түрімен өткізілетін 
сұхбаттар мен фокус-топтардың тізбесі А6 ке-
стеде келтіріледі. 
4-кесте. Сұхбат пен фокус-топтар бары-
сында сұралған адамдардың сипаттамасы 
Мінездеме
Саны
Тереңдетілген сұхбат
Таныстырылатын мекеме түрі
Қоғамдық денсаулық сақтау 
және білім беру саласындағы 
қызмет көрсету
8
Үкіметтік емес / Халықаралық 
ұйымдар 
6
Орталық үкіметтік мекеме 
5
Жергілікті деңгейдегі үкіметтік 
мекеме
14
Фокус-топтар 
Сұралатын адамдардың типі
Мүгедектігі бар балалар
1 топ;
9 қатысушы
Мүгедектігі жоқ балалар
2 топ;
19 қатысушы
Мүгедектігі бар балалардың 
ата-аналары
2 топ;
15 қатысушы
Мүгедектігі жоқ балалардың 
ата-аналары
2 топ;
17 қатысушы
Мұғалімдер
2 топ;
23 қатысушы
Инклюзивті мектептердің мұғалімдерінің, 
мүгедектігі бар және мүгедектігі жоқ 
балалардың ата-аналарының және мүгедектігі 
бар балалар мен мүгедектігі жоқ балалардың 
қатысуымен тоғыз фокус-топтардағы 
талқылаулар (ФТТ) ұйымдастырылды. ФТТ 
үшін қатысушыларды іріктеу оларға берілген 
алуан түрлі мінездемелер мен мейлінше әр 
түрлі пікірлерге сүйене отырып жасалды. 
ФТТ-ны бес өңір бойынша бөлу облыстық 
айырмашылықтарды ескеріп, ел деңгейінде 
неғұрлым жинақталған тұжырымдар жасауға 
мүмкіндік береді. Ата-аналардың (жалпы білім 
беретін, инклюзивті және арнайы мектептерде 
оқитын балалардың ата-аналары) мүгедектікке 
қатысты бір-біріне ұқсамайтын пікірлерін ба-
рынша қамту және мүгедектігі бар балаларды 
қоғамға араластыруды қалай көтермелеу қажет 
екенін анықтау үшін ата-аналар тобы іріктелді. 
Балалардың қатысуымен фокус-топтарда үш 
56


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
талқылау ұйымдастырылды, мүгедектігі бар 
балалардың күн сайын қандай қиындықтармен 
кездесетінін бағалау мақсатында олардың 
екеуі мүгедектігі жоқ балалармен, біреуі на-
шар көретін балаларға арналған мектеп-
интернаттың балаларымен өткізілді. Қалған 
басқа екі фокус-топ мүгедектікті және мүгедектігі 
бар достарын қалай қабылдайтынын түсіну үшін 
мүгедектігі жоқ балалармен, фокус-топтардың 
біреуі инклюзивті мектепте, біреуі – жалпы 
білім беретін мектепте ұйымдастырылды. ФТТ-
ға 28 баланы (9-ы – мүгедектігі бар, 19 бала 
– мүгедектігі жоқ), 23 мұғалім мен 32 ата-ана-
ны (мүгедектігі бар балалары бар 15 ата-ана 
және мүгедектігі жоқ балалары бар 17 ата-ана) 
қосқанда, барлығы 83 адам қатысты. Қатысқан 
балалардың жасы 7-ден 13 жас аралығында 
болды. Деректер халықаралық сарапшылар-
мен бірлесіп, жергілікті «БРИФ» консалтингтік 
компаниясының көмегімен жиналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет