30
7. Салихалы кісілермен достасу, араласу,
сұхбаттасу және соларға жақын жүру.
Салихалы адам әлсіреген кезіңде қолыңнан
ұстап демейді, Аллаһты
ұмытқаныңда есіңе
салады, білімсіздікке дұшар болғаныңда жол
сілтейді, жоқтықта барын бөліп береді және
оны көргеніңде есіңе Аллаһтың аты түсіп
құлшылыққа бас ұрасың. Аллаһ тағала:
«(Мұхаммед!)
Ертелі-кеш
Раббыңның
дидарын іздеп жалбарынғандармен бірге
өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін
қалап, көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ
(Біз)
жүрегін Бізді есіне алуға немқұрайлы
еткен, әуесіне ерген және әрекеті шектен
асқан біреулерге бағынба», – деген
(Кәһф,
28)
.
Жағфар ибн Сүлеймен: «Жүрегіме тас
түскенін байқасам келесі күні
ерте тұрып,
Мұхаммед ибн Уасиғқа (салихалы кісінің
есімі) барып, оның жүзіне қарайтын едім», –
деп айтқан.