Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/43
Дата18.09.2022
өлшемі0,68 Mb.
#39378
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
Байланысты:
115eaee7d54809c5d9c6fff06393e36b

Тапсырмалар 
1. Дауысты дыбыстардың тіл қатысына қарай жіктелуіне сипаттама беріңіз. Төмендегі 
сөйлемдерден жуан-жіңішке дауысты дыбыстарға байланысты ерекшелікті көрсетіңіз. “Шұға десе, 
Шұға! Шұға, ой, шіркіннің ӛзі де келбетті-ақ еді… ақ құба, талдырмаш, кӛзі қап-қара, осы үріп ауызға 
салғандай еді! Ажары қандай болса, ақылы да сондай! Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. 
Сӛйлеген сӛзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін… Бұл біреу болса, соны кӛтере 
алмайды да, білмейсің, ешкімге ұқсап, шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой… Иә...” (Б.М). 
2. Төмендегі сөздерді өзара салыстырып, ортақ фонемаларын табыңыз, олардың тұлғалық әрі 
мағыналық айырмашылығы немен байланысты екендігін түсіндіріңіз. Самал, амал, қамал, жамал; 
дарын, сарын, қарын; баға, бажа, бақа, бала; терек, керек, кезек, кесек; ауыр, бауыр, жауыр; ем, кем, 
жем, табан, қабан, сабан, шабан; қармақ, тармақ, бармақ, жалтақ, салтақ; шатыр, жатыр, батыр, қатыр; 
дос, қос, тос, бос; қап, қан, қау, қай, қаш, қас, қаз; жапыр, тапыр, шапыр; табақ, қабақ, сабақ, шабақ; 
шаң, таң, паң; қоң, қош, құш; той, тоқ, тор, топ; үй, түй, күй, сүй; мақта, тақта, жақта, сақта, ақта; 
балық, салық, жалық; шарық, тарық; мұз, тұз, құз, бұз т.б. 
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-15, 19-22. 
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 25. 
 
№7 СӚЖ. Дауыссыз дыбыстардың табиғаты; Қосарлы дауыссыздар, олардың емлесі 
Тапсырмалар 
1. Дауыссыз дыбыстардың қасиетіне қатысты конспект жазыңыз. 


24 
2. Әр сөздегі дауыссыз дыбыстарға жасалу орны, жасалу жолы және дауыс қатысына қарай 
сипаттама беріңіз, олардың арасындағы фонемалық қасиетінің ортақ жақтары мен 
айырмашылығын көрсетіңіз. Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден кӛл табылады. Қол бастау қиын 
емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сӛз бастаудан қиынды кӛргем жоқ (Бұқар). Ол 
менің қолымды босатқысы келмей, поезбен қабаттасып жүгіріп келеді. Үлкен баласының мен сияқты 
емес, қайратты, шабандоз, кӛп сӛйлемейтіндігін ол мақтан тұтады (Д.И.). 
3. Мәтіннен дауыссыз дыбыстарды тегіс қамтитындай бірнеше сөздерді теріп жазып, ондағы 
дауыссыздарды дауыс қатысына қарай (қатаң, ұяң және үнді) топтаңыз және себебін түсіндіріңіз. 
Қар басқан кең дала қыбырсыз, ұзақ жота үнсіз де момын тыныштықта. Ішіне сыртын бүккен үлкен 
күштер осылайша кейде ӛзінің оянар, сілкінер шағын күтіп нығыз қалып танытып тұратыны бар. 
Қалың елдің де күші осы тәрізді ме? Не болса ішінде, ӛзінде. Сыртынан аяз сықырласын, дауыл 
ӛкірсін, сонда да қалың сауыр, алып жон жүдемейді, мызғымайды (М.Ә.). 
Арбаның үстіне тӛселген кӛк шӛпте аунап жатырмын. Ұйқым келер емес. Бұрқыраған кӛк шӛптің 
иісінен сағыныш тұнған жүрегім туған жердің бар қасиетін сезінеді. Құмарлана иіскеймін. 
Жарықтықтың иісі бӛлек-ақ (Ж.К.). 
4. Төменде жалаң дауыссыз дыбыс пен қосарлы дауыссыз дыбыс бар сөздер салыстырылып 
берілген. Бұлардың айтылуында сөз мағынасын ажыратуға қаншалықты қатысы бар екеніне көңіл 
аударып, орыс тілінен енген қосарлы дауыссыз дыбысы бар кейбір сөздер жалаң дауыссыз болып 
айтылатын реті бар, соның себебін түсіндіріңіз. 
Ашы – ащы, тұшы – тұщы, кеше – кеще, ана – Анна, ата – атта, бал – балл, жата – жатта, ӛсе – 
ӛссе, атымен – атыммен, онан – оннан, отық – оттық, текке – теке, оқа – оққа, тақа – таққа, жапа – 
жаппа, саты – сатты, құнан – құннан, құты – құтты, интеллигент, аккомпанемент, пессимизм, 
интеллект, агрессор, ассисент, ассоциация, аттестат, аттракцион, баллада, баллон, баррикада, бассейн, 
ванна, группа, дискуссия, диссертация, коллоквиум, комиссия, конгресс, масса, кросс, миссия, 
окуппация, оппозиция, оппонент, жанат – жаннат, түні – түннің, етті – еті, ерте – ертте, күллі – күлі, 
қоса – қосса, тоса – тосса, тона – тонна, әккі, тәтті, соққы, трасса, перрон т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет