Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9-15, 19-22.
Қосымша әдебиеттер: 1-8, 9-15, 16, 17, 18, 21, 25.
№13 СӚЖ. Игерусіз ӛзгерістің дыбыстардың игерулі ӛзгерістен айырмасы
Тапсырма 1.Басқы дауыссыз дыбыстары л ~ д ~ т және д ~ т ~ н, сондай-ақ д ~ т түрінде комбинаторлық алмасуға түскен қосымшаларды топтап, себебін түсіндіріңіз. Үй іші қонақтар алғашқы келгенде
таңданғандары болса да, артынан тиіндерін, қалыптарын кӛрген соң, жетімдік халдеріне мүмкін болған
дәрежеде кӛңілденіңкіреп, жадырап, шамаларынша серги бастады. Еркектері ӛлгеннен бері, қалған
әйелдердің уайымынан босаған шағы осы бӛтен кісілер келгенде ғана болатын. Одан басқа уақытта
үшеуі үйде оңаша отырғанда жетімдік, жалғыздық та қорғансыздық, сорлылық та кӛздеріне айқын
кӛрініп, кӛңілдерін мұң мен зардан айықтырмаушы еді (М.Ә.). Алдымен күндізгі мазасыз суық пен қар басқан кӛңілсіз, елсіз даладан құтылған болу керек.
Ӛнбейтін азын-аулақ малдың соңынан жүріп, әрі іш пыстырып, әрі қинаған бейнеттен серпіліп, күн
бата үйіне келуіне керек. Күннің қызыл сәулесі даланы, да тауды да ӛз ӛңіне кіргізген (М.Ә.).
2. Басқы дауыссыз дыбыстары қ ~ ғ ~ к ~г және м ~ б ~ п түрінде комбинаторлық алмасуға түскен қосымша мен шылауды мағыналық жақтан топтап, алмасу себебін түсіндіріңіз. Бірнеше
жылғы созылмыш азап пен мехнат алдында дүниенің бар жылуымен тыныштығын, аз ғана рақатын әр
клеткасына сіңіріп алғысы келгендей, бар денем балбырап, болашақ қауіп пен қатер, жан ұшырған
үрей алдында тынығып алғысы келгендей, кӛңілім де жай тауып, жадырап келеді. Ертегі жырдан
ауысып, азғана қазақ жазушылардың азғана кітабын оқығаннан кейін де, «ғашықтық» деген сӛз мен
үшін аспаннан жерге түспей-ақ қойды. Мұнда да қыз бен жігіттер ӛліп-талып, күйіп-жанып жатады
(Т.Ә.).
Қыз табылмай, сандалып, долданып қайтқан үш орыс бәйбішені терезе алдына етпетінен басып,
жиырма бес қамшы соқты. Үні шықса, Ақбілегінің жаны шығады ғой, құшырлана тістеніп, ышқына
ыңқылдағаннан басқа дыбыс бермеді. Желге, күнге тигізбей, аялап ӛсірген жалғызын «кәпірге»
қорлыққа қиғаннан ӛлгені артық емес пе? Бес-алты адым аттады ма жоқ па, әлде шӛптің сыбдырындай
судыр еткен бір дыбысты құлағы шалып қалды (Ж.А.).
3.Сөйлемнен сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ассимиляция заңдылығын тауып, қай
27
дыбыстың қай дыбысқа әсер, ықпал етіп тұрғанын анықтаңыз. Соған сәйкес ассимиляцияның түрін толық және жартылай ұқсатуын көрсетіңіз. Үй ішімен Әбдірахман тегіс амандасты, Есімбек бай
онша жақсы кӛрмеген адамның қалыбын істеді. Бұрынғы сӛздерін тастай беріп, «оқығандар анау,
оқығандар мынау» болады деп шатпа тілге айналды. Мен ғажапқа қалдым. Артынан Әбдірахманнан
себебін сұрасам, ӛткен жылы бұрынғы қалыбымен, күзгі астыққа бай киізін сатқанда, Әбдірахман тілін
алар адамдардың біріне де алдырмапты. «Әзір асығып екі бағасына алғанша, астықтарыңды жиып
алған соң шалқайып отырып жарты бағасына аласыңдар» деп Әбдірахманның тілін алғандар бірталай
пайда қылыпты. «Мені олжамнан қақты» деп байдың тырсиып отырғаны осы екен (Б.М.).