28
келтіріп, мән-мағынасын ап-айқын етіп айтқанда, «мына
Әміре мұнша ақылдылықпен қалай айтып отыр өзі?» деп
таңғалуға болатын еді. Оның былайғы өмірі жай өмір дағы,
нағыз өмірі ән салған кездегі өмірі деп білем.
Әміре десе, оның жолынан қай қазақ дүниесін аяп қалушы
еді?! Ең сараңының өзі әйтеуір
бір сый көрсетіп қалуға
тырысатын. Жалпы, халық оған сый көрсетуге таласатын,
алғысын білдіруге асығатын. Аса жақсы көретіндігімізді
аспен білдіріп әдеттенген елміз, Әміреге де сөйтіп: бірі
қымызбен, бірі арағын аямайтын. Ал,
сыйлап тұрған
жұрттың меселін қайтару Әміренің де әдеті емес-тін, соның
арты барып кейде ауырлау жағдайларға соғушы еді. Одан
ерте айырылып қалғанымызға өзіміз де кінәліміз бе, кім
біледі.
Қандай жақсы сый болмасын, оның да шекарасын
білу біздер үшін әлі күнге дейін де керек нәрсе сияқтанады.
Орыстардың «медвежья услуга» деген сөзінің төркіні сондай
жағдайларды меңзейтін шығар деп шамалаймын. «Жақсы
тамақты артық жесең де мәкрүп», - деп жатушы едік қой
өзіміз,
сол сөзді тамаққа ғана емес, кей уақыт атақ-даңққа да
қолданып көрген жөн.
Иса жайлы да осындай сөздерді айтуға болар еді, ол да
елдің еркесі болды.
Ән десең әні, өлең десең өлеңі, ойын десең
ойыны бар, ол бір өзі-ақ бір концертті еш қиналыссыз қойып
бере беретін, соның есесін халық та оны керемет қастерлейтін.
Әміре екеуі тірі кезінде аңыз боп кеткен адамдар ғой.
Достарыңызбен бөлісу: