Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


сегіз шаырымдай жерде жылы заводы бар екен. Мына



Pdf көрінісі
бет19/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

сегіз шаырымдай жерде жылы заводы бар екен. Мына 
келген жігіттер сол жылы заводыны жылышылары 
екен. Әмірені шарытата шырай салан «Арда» әніні 
алашы көтерген шырауында жылышы жігіттер 
аттарына міне сала "йыта шауып жеткені осы 
екен. Соншама алыса даусы жетті дегенге жиылан 
ж"рт таалысты. Сонда менің ойыма Біржанның 
«Қозыкөш» деген әні түсті. Бұрын бұл әннің атын қозы көш 
жерге дауыстың жеткендігінен осылай деп қойды дегенге 
күмәнданатынмын. Қазір ол ойымның қате екеніне көзім 
жетіп отыр. Біржан сияқты асқақ үнді, көңіл күйімен бірге 
шарықтайтын сері адамның даусы қанша жерге кетті десе де 
сенуге болады екен деген байламға келдім.
Концерт біткен соң біз жиналып, жататын үйімізге 
қайттық. Бізді қаумалаған жұрт көпке дейін босатпай, 
түскен үйімізге дейін бірге еріп барып, қош айтысып, үйді-
үйіне тарады. Әрбір кеште өтетін қазақтың кеңпейіл мол 
дастарқаны бүгін де жайылып, аяқтарынан тік тұрып
құрмет көрсетіп жатыр. Бірақ мен күндегідей ойын-сауыққа 
араласып кете қоймадым. Ойымнан Әміре аға кетпей қойды. 
Күндегі көріп жүрген Әміре емес, менен биікте – шыңның 
басында бәрімізден дараланып, бәрімізден оқшау тұрғандай 
болып көрінді. 
Мен далаға шықтым. Таң алдындағы самал жел денемді 
аздап сергіткендей, өзенді жағалап жүріп келем. Бірақ көз 
алдымнан Әміре аға кетер емес. Бір сәт 1925 жылы Париждегі 
«Комедия» залында болған концерт көз алдыма елестеді. 
Сонау ұлы Азия континентінен келген қазақ елінің өнерін 
Парижде болатын жержүзілік көрмеде ортаға салады. Әрбір 
елден келген өнерпаздар, өз елінің жұлдызын биікке көтеру 
үшін бойындағы бар қасиетін аянбай жұмсайды. Әміре де өз 
ұлтының өнерін сыншы көрермендердің ортасына салады. 
Ғасырлар бойы өз елінен, жерінен шалғайда естілмеген, ұлттық 
калориттегі әнді тыңдай ала ма? Ал, Әміре болса жеткізе ала 
ма? Сол сәтте сен қандай толғаныста болдың екен, асыл аға! 
Ән атасы – Біржан, Ақан аруағына сыйындың ба екен? Әлде


56
қазақ халқының тәкаппар өр мінез қайсарлығын есіңе алдың 
ба екен! Иә, қазақтың таусылмайтын, сарқылмайтын өнерін 
мәңгі естен шықпайтындай етіп сен ғана таныттың!
Әміре – еліне аянбай еңбек еткен, бойындағы бар өнерін 
таза мөлдір сезім арқылы халқына жеткізіп, қазақтың 
мәртебесін биікке көтерген әншінің бірі еді. Елінің асыл 
қазынасын қайткенде өз қалпына жеткізсем деп талаптанды. 
Сондықтан да Әміренің алдында тұрған міндет үлкен еді.
Әрбір әншінің ұстанған жолы болады, мен әнші дегенде 
тек даусы бар, әнді үйреніп алып, ойсыз, мағынасыз, 
мақсатсыз айта беретін әншілерді айтып отырғаным жоқ, 
шын мағынасында кейінгі ұрпағына із қалдырғысы келетін 
әншілерді айтамын. Әміренің даусы тенордың ең жоғарғысы 
болатын. Сол күшті де әсем таза үнімен ән айтқанда, со айтып 
отырған әніне құштарлана, қызыға, әннің иіндерін айқындай, 
толғандыра, әсерлендіре айтушы еді. Ән орындауы тұтас, 
жоғарғы, төменгі үндері біркелкі, бірімен-бірі жалғасып 
ұштасып жататын. Әрбір дыбыстары анық естілетін. Қоюы 
бояулы, қырлары сом, балғын болатын. Әннің нәзіктігіне 
онша көңіл бөлмейтін, қайта аймағына анық жететіндей 
нақты, айқын, ашық үнмен айтқанды ұнататын. Әміре 
«Ардақ» әнін шырқай жөнелгенде, бүкіл қазақ елінің ұлан-
байтақ кең даласының о шеті мен бұ шетін көріп тұрғандай, 
сол кең жазираға даусының күшін, әрбір дыбысын жеткізгісі 
келетіндей сезінетінсің. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет