432
Ертістің ар жақ, бер жағы түгел біледі,
Жарнамаларға алдымен атын іледі.
Семейге жолы түскендер оны жүрді іздеп,
Әміре әнін тыңдамай кету мін еді.
Жәрмеңке барған сол кезде қолы жеткені,
Қоянды деген әмбебап дала мектебі.
Саудаға епті, өнерге шебер кім болса,
Елу мың адам бағалап сонда екшеді.
Қоянды жақтан олжалы қайтты Әміре
Мәди мен Ғаббас, Қалидың елтіп әніне.
Жақсы мен жайсаң жиналған жерден сәніне
Сән қосып қайтты, мән қосып қайтты мәніне.
Жаяу Мұса да батасын берген құп алып:
«Үлкен бір даңқ алдыңда күтіп тұр анық,
Екінші Біржан сен болармысың» деген-ді
Мұсаның кәрі жанары жасқа шыланып.
Мыңдаған адам естіген ақпар жата ма,
Құрметтен енді алмайтын еді қаша да.
Әміре солай еркесі болды халқының,
Әншіні солай таныды бүкіл сахара.
Достарыңызбен бөлісу: