Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет114/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

 Екінші #айырма
Қызыл билеуші ақ билеушіден тақты алып
Дүрбелең жылдар тарихқа кеткен аттанып. 
Кеңестік Семей уақытпен бірге ұлғайды,
Ертістің суы баяғысындай жатты ағып. 
Қысқарып қолы,шығатын бетке қаймақтың, 
Азамат аяқ басатын болды жайлап тым. 
Аймақтың есін жиғызбақ болып өнермен, 
Үйірме құрды есті адамдары аймақтың.
Тарихтың талай сынына төзген емендей, 
Ұлтының асыл рухы мен шері еленбей
Қалмасын таса, даладан енді – сахнаға,
Өмірден енді - өнерге көшсін дегендей. 
Драма жазды Жүсіпбек, Жұмат, Мұхтарлар, 
Заманның сырын көзімен көріп, ұққандар. 
Әмірені де қуана қосты тобына 
Әуесқой әртіс, өнерді мұрат тұтқандар. 
Клубқа шағын кеткендей сыйып кең әлем, 
Сауық кешінен тарайтын болды ел әрең. 
«Ес-Аймақ» деген қоғамда осы танысты, 
Мың жылда бір рет туатын екі феномен. 
Жазбаған жұбын, тұрғанда жан мен тән тірі, 
Олардың бірі Әміре десек - ән пірі,
Тағы бір жампоз – жалындап келген Иса ақын,
Телегей – теңіз жыр болып аққан жан сыры.
Құлағында ойнар домбыра менен жылқының,
Бойында барлық сипаты туған жұртының.
Тәлкегін сайлап, итжеккен айдап қу тағдыр,
Туғаннан оған бермеген екен бір тыным.
Өміршең жүрек бәрінен соның өртенді,
Өлеңмен ғана айығар болды дерті енді.


444
Семейде сүйген құралай көзді бір сұлу,
Исаның жанын арманда қылып ерте өлді.
Дауылпаз Иса әділет, арды жақтаған,
Жұбатқан оны Әміре - жүрек – аппақ ән.
Мәдениеттің маңдайға біткен қос меңін
Ертерек танып, Әуезов еді мақтаған.
Кереку жақтан Майра да келді сыланған,
Оны да өмір аяусыз шыңдап шығарған.
Ер мінез ару еркелей, еркін жүрсе де,
Көкірегінен ән болып ұшқан мұң – арман.
Жұлдыздар жерге түскендей ғажап күй кешкен,
Тыңдаушы қауым шығарар шаруа, үйді естен.
Әміре, Майра қосыла шырқап кеткенде,
Сырнайдың ақ пен қара тіліндей үйлескен.
Көңілдің қылын жүректің әні шын басар,
Жүректің өзін махаббат қана жырлатар.
Өлең боп, ән боп өнері сыртқа шықанның
Көкірегінде әлдебір жұмбақ сыр жатар.
Әміренің де өн бойын билеп әкеткен
Өкініш сезім көңілін кейде пәс еткен.
Есінде қалды бірге өскен достың сөзі үшін,
Өз еркіменен қоштасқан сәті Мәкетпен.
Қымызшы сол қыз, қолында қымыз, күлімдеп,
Тұратын тыңдап, әншінің әсем үнін кеп.
Семейдің талай серісі жүрді сұлуға:
«Жолында сәулем, арман жоқ өлсем бүгін» деп,
Қыз үшін соның бәрінен артық Әміре,
Әншінің аппақ жүрегі ме әлде әні ме,
Шешесі қызын шығармай қойды шаптығып:
«Қаңғыған неме қарамай ма, - деп,- әліне!»
Меселі құрып, қысқа жіп келмей күрмеуге,
Сезімнің отын баса алмай әнші жүргенде.
Бірге өскен досы, оқыған жігіт – Сабыртай,
Оңаша келіп, ақтарды сырын бір демде.


445
Қымызшы қызды қалдың-ау, Әміре, сүйіп сен,
Сүюші ем мен де, құр сүлде болдым күйіктен.
Жолдасым келіп, жолымды кесер деп пе едім,
Тағдырымыздың көрдің бе жерін түйіскен.
Ата-анасына қалыңын төлеп қойғанбыз,
Екеуің жайлы өсекке әбден тойғанбыз.
Түйініңді айтшы, тірідей мені өлтірмей,
Болар ем ырза, шығарса сені ойдан қыз.
Әміре емес, Кебек бол, мейлі, Төлеген,
Дәстүрден ауып, оңғандар бар ма көнеден.
Мәкетсіз қалғым келмейді менің, досым-ай,
Осыдан өзге мазаққа барлық көнер ем.
Бүкшиді досы, амалы біткен пендеше,
Әміре айтты: «барайық қызға ендеше».
Осылай етпей Әміре - Әміре болар ма,
Өзім дегенге қоң етін кесіп бермесе.
Қыз байғұс қайтсін жүретін жолы жіңішке,
Күрсіне жылап, көнді де, кетті, бұл іске.
Әміре кейін жар сүйіп жақсы күн кешті,
Сонау бір кезден белгі боп қалды мұң іште.
Аһ ұрған әнмен көңілден өшті мың қаяу,
Қаланың күңгірт көгінде көшті күн баяу.
Асанқайғыдай жерұйық іздеп ел кезген,
Күндерде бір күн Семейге келді бір жаяу.
Темір етіктің теңгедей қылып тамтығын,
Жерұйық емес, іздегені оның ән – тұғын.
Жанкешті жаяу – Затаевичтің өзі еді,
Әніне ғашық ғажайып қазақ халқының.
Аштық пен аяз, қауіп-қатерден сақтанбай,
Ән жинай берді інжудің қорын тапқандай.
Қашаубаевтың дара дауысын паш етті,
Ән мұхитынан үлкен бір арал ашқандай.
Жазмышы солай Әміре жолын оңғарған,
Даңғылға шықты бұралаң соқпақ жолдардан.


446
Семейде шебер әншілер түсіп жарысқа,
Байжанның ұлы Қалимен бірге топ жарған.
Әміре даңқы Мәскеуге жетті кеңестік,
Парижге енді шақырып жатыр деп естіп,
Қаланың халқы әншісін жолға сайлады,
Шетелге бармақ, көрмеген тіпті елес қып.
Сонау бір жылы Жұмаштың көрген қасынан,
Емес ол енді үйренсем деген жас ұлан.
Қазақтың әнін ту етіп ұстап барады,
Ең тұңғыш рет тұтас бір елдің атынан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет