Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


ӘН БАСЫ Әміре, домбырады олыа алшы



Pdf көрінісі
бет110/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

ӘН БАСЫ
Әміре, домбырады олыа алшы,
Серпілтіп «Сегіз ая» әнге салшы…
Аалы аылым сол саан берер, 
Gлгі алып, тәлім көрер жерге баршы.
Серік ТЕРГЕУБАЙ6ЛЫ
Көргенше ақын аңсар, әнші асығар,
Қазақтың даласының Арқасы бар.
Қашаннан сонда туған, өнер буған-
Алаштың баласының арқасы бар.
Арқада Абыралы дара, өктем,
Атағын арқалылар бағалы еткен.
Қорқыттай, Кетбұғадай күні кеше
Қобызын күңірентіп Жанақ өткен.
Бұл жердің түсі суық таулары бар,
Жол таппай жықпылынан жау да аңырар.
Жалғызтау – жеке жортқан жортуылшы
Дегендей «шамаң жетсе аударып ал!».
Дегелең бір қапталда мұнартады,
Көрмесең, көрдім деме шын Арқаны.
Жонындай жолбарыстың сұсты шыңын
Ымыртта күн сәулесі қызартады.
Көктемде сулы аңғары Босағаның,
Алыстан Ақбұлаққа қосады әнін.
Бір бұйрат бір бұйратқа құшақ жайған,
Сағынып қарсы алғандай дос адамын.
Беткейдің қыстан қалған теңбіл түгін
Жұлмалап, алар емес жел бір тыным.
Матайдың адырында ауыл отыр,
Көшпеген ел жайлауға мезгіл - тұғын.
Бұл да бір момын ауыл жатқан шағын,
Жұрт жаңа түндік жауып, жаққан шамын.
Бір шетте Қашаубайдың қараша үйі,
Жан еді ол дәулеттінің баққан малын.


426
Адал жеп, басатын-ды таза қадам,
Құр емес өнер менен тамашадан.
Мал-мүлік бітпегені – бір кемдігі,
Бір кемдік – шыққандығы аз атадан.
Бұл үйге қонақ келді тым алыстан,
Қашекең ескі досқа құрақ ұшқан.
Тойғанның құйған шайы бой жылытып,
Алғаусыз алма кезек сыр ағытқан.
Қонағы Жұмаш еді – қатарласы,
Бірнеше қасында бар сапарласы.
Естіген ағайын жүр сауық күтіп,
Әр үйде әнші Жұмаш аталды аты.
Жілігін әннің шағып, майын ішкен,
Атағы кеткен елге жайылып кең.
Баяғы жас күндегі дауыл үннің
Әлі де жоқ секілді жайы біткен.
Күткендей әңгіме сәл тынған кезін,
Бастады Жұмаш енді тыңнан сөзін:
«Қашаубай, осы келген сапарымда
Қуандым бір нәрсеге шыннан өзім.
Мыржықта бір ауылға қонып түнде,
Түс ауа келе жаттық жол үстінде.
Кенеттен ән шырқалды.
Балғын дауыс.
Тыңдадық көңіліміз толып мүлде.
Еліте бермейтін-ді көп үн мені,
Мынау үн шырқамалы, төгілмелі,
Ауада қалықтаған бозторғайша
Ән жетті, ән айтушы көрінбеді.
Әншіні әннен өзге кім жетелер,
Асығып астық тағы бірнеше бел.
Бір сайда қозы баққан ұлың екен,
Білер ме ек, әнге басып жүрмесе егер?!
Байқаймын, бұл бір бөлек жаратылыс,
Бәйгі аттай кеудесінде дара тыныс.


427
Құрдасым, балаң әнші саған тартқан,
Өнерін өшірмесін қара жұмыс».
Мақтауға Қашаубай ма тамсанатын,
Қысылып сипай берді сақал-шашын:
«Бұл күнде ән салатын шама қайда,
Өтуде мал соңында қаншама күн.
Ол рас, Әміреміз ән айтады.
Көңілді берген бағаң тоғайтады.
Баулыған Тергеубайдың Серігі ғой,
Әнші еді бір атасы Жанай тағы.
Әміре алты жасқа толғандағы,
Есімде Жанай ата қолға алғаны.
Кең ауыз, жуан мойын мына балаң
Әнші боп шығады-ау деп толғанғаны.
Сөзінің дұрыстығын аңдатқалы,
Қалам мен домбыраны таңдатқаны.
Сондағы Әміренің «ән айтам» деп,
Есімде, домбыраға жармасқаны.
Атаның батасымен ер өседі,
Десек те, кедей кіммен теңеседі.
Ұстазы Серіктің де тұрмысы ауыр,
Не болар бұл баланың келешегі?».
Қашаубай сөз аяғын мұңға тіреп,
Бір ақыл қосар ма екен құрдасы деп,
Бөгелді.
Тойған енді тілге келді,
Үнсіздік сейілуін бұл да тілеп:
«Жөн айттың, аталары тамаша еді,
Алайда, сол ғана ма бала тегі.
Ішінде қалың жатқан Қаракесек
Жанқұтты қажы емес пе нағашы елі».
Жарының жайлап айтқан назды сөзін
Құп көріп, отағасы салды көзін.


428
Жұмаштың осы тұста бар айтқаны:
«Қайда әлгі Әмірежан, алғыз өзін».
Бұл кезде әнші бала үй маңында,
Кимелеп өңшең өрім жиналуда.
Қонақтың жайын сұрап, Әміреден
Сөзіне әспеттеген илануда.
Кез болған қолға түспес қымбат жанға,
Көңілі Әміренің тұрды аспанда.
Алдында әнші ағаның асқақ әнді
Не жетсін тыңдағанға, тыңдатқанға.
Жалпақбас сары бала ықшам келген,
Лып етіп кіргенінде тыстан бермен
Бас қонақ: «Шырқап көрші, қалқам, - деді-
Біразын өзің сүйген мықты әндерден».
Тізеге қойды бала шанақты оңдап,
Келтірді құлақ күйін аз-ақ толғап.
Күлімдеп бадырақ көз ән дегенде
Желпініп шыға келді қанат қомдап.
Жас жүйрік жаңа түскен топқа аламан,
Өнерін көңіліне тоқ санаған.
Сілтеді Серік ағам әні еді деп:
«Басында Шұбартаудың қос барабан».
Айғайы биік шықты, ерекше анық,
Қалақтай домбырасы безек қағып.
Иіскеп жас талаптың маңдайынан,
Көсілді Жұмаш енді кезекті алып.
Сауығы серілердің әмбеге ұнап,
Сол кеште қанды талай әнге құлақ.
Міне, енді Жұмаш бастап осынау топ
Ауылдан аттанбақшы әлденіп ап.
Өнерге өз өмірін еркін арнап,
Шықпаса не болады ер шығандап.
Әкенің рұқсатымен Әмірені
Әнші аға ел кезуге ертіп алмақ.


429
Белгісіз қай қиырға жол бастады,
Тәуекел, әннен болса қонбақ бағы.
Қашаубай Тойғанменен тұрды қарап,
Соңынан перзентінің он жастағы.
***
«Жалған-ай, не сор бізге келді жуық?
Есемді ала алмаспын енді қуып.
Байменен ат құйрығын кесіп келдім.
Жық үйді, сал арбаға теңді буып.
Көрсетті қамшы жұмсап қара күшін,
Маңдай тер, зая болды адал ісім.
Алты айлық еңбегімді бермей отыр,
Дау қылып қасқыр тартқан жабағысын.
Жетеді шеккен зәбір осылардан
Кетеміз, не тұрса да тосып алдан.
Жүр едім қала жаққа көшуді ойлап,
Бұл жерде көзтүрткі боп отыра алман!»
Ерінің сыртқа тепті күллі ызасы,
Тойғанның көзден тамып тұрды жасы.
Жиналып, қозғаларда қоштасуға
Таяды көрші, туыс, тұрғыласы.
-Қашекең жүреді екен алысқа жол,
Мұндайға барып отыр намыстан ол.
Тіл тауып, танысқа қол соза білсе,
Қалада деседі ғой табыс та мол.
Ел солай тілектестік байқатысты,
«Ақ жол» деп азды-көпті дәм татысты.
-Тоқтаңдар, Серік келді, - дегенді естіп,
Қашаубай арбасынан қайта түсті.
Тергеубай Қашаубайға туған аға,
Күн кешкен мал соңында қу далада.
Баласы Серік еді, оның өзін
Көретін ойын-той мен дуда ғана.
Өнері – түйреп айтар тілге шебер,
Бірге ұнап, бірге ұнамай күн кешеді ер.


430
Біледі Абыралы, Қарқаралы
Тарақты ақын Серік кім десе егер.
Әсеттен, Кемпірбайдан Қояндыда
Үлгі алды түрлі өнерге бой алдыра.
Абайдың өзін көріп, сөзін тыңдап,
Серпілді таным көзі оянды да.
Дарынын Әміренің ерте біліп,
Үйреткен анда-мұнда ерте жүріп.
Жан сырын білмегенге жұмбағы мол,
Жеңгеге «Жаяу сері», «Ерке жігіт».
Сол Серік мына келген қош айтысып,
Құшақтап, көңілі сәл босай түсіп.
Сөз күтті бір-біріне тыныштал деп,
Тұрған жұрт саусақтарын шошайтысып.
Ақылын көкейге дәл қондыратын,
Өлеңмен төгіп-төгіп болды да ақын:
-Әміре, мынау саған аманат, - деп,
Мойнына іліп берді домбырасын.
Ағаның қабыл алып ақ үмітін,
Әміре кетті кезіп сағым ішін.
Арқалап бара жатты ол домбыра емес,
Елінің әнге көшкен сағынышын.
Артында Жұмаш қалған, Серік қалған,
Ауылды қимай жүрек ерікті алған.
Серіктің сөзін іштей жаттап кетті,
Әміре он үш жасқа келіп қалған:
«Өмірдің көрдің ауырын,
Кеттің-ау тағы, бауырым.
Жалмауыз бай жақының
Бермеді ат сауырын
Не жаздық біз құдайға?»
2
.
-------------
2
С.Тергеубайлыны өлеі.


431


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет