Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


Ә У Е Л Е У Көргенде Алашорда көсемдерін



Pdf көрінісі
бет112/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

Ә У Е Л Е У
Көргенде Алашорда көсемдерін
Танылан алты алаша шешендерін,
Алдында меймандарды төгейін бір
Тасыан өле сөзді нөсерлерін.
Әсет НАЙМАНБАЕВ
Төңкеріс. Салды тағы заман сынға,
Халықтың келді тағы жаны алқымға.
Ордасы озық ойдың қайран Семей
Тыныштық от ішінде таба алсын ба.
Қақ бөліп «аттан» деген ұран елді,
Қызылды – ақ, ақ – қызылды қыра берді.
Ертістің сол жағына оң жағы жау,
Бір Семей екеу болып шыға келді.


433
Осындай тартыспенен, таласпенен,
Ат алды Жаңа Семей Алаш деген.
Маңына Алашорда жиылды жұрт,
Азат ел болсақ деген талаппенен.
Алашта еңселі үй бар шатыры көк,
Сол үйге келушілер жатыр үдеп.
Бұрын да бас қосатын ой мен қырдың
Балуан, әншісі мен ақыны кеп.
Қаражан – үй иесі – Үкібаев, 
Беделді, сөзіне де ісі лайық.
Болмаса, он бес жаста қалаға кеп,
Аз жылда кетер ме еді кісі байып.
Ақылмен жол табады қиын жерден,
Көп адам Қаражанның сыйын көрген.
Ақшасын ұлт ісінен аяп қалмай,
«Алашқа» кеңсе қылып үйін берген.
«Қазағым, күнің туды, күй теңелді,
Өктемнің өңменінен итер енді!»
Деп жүрген арыстарға іші бұрып,
Шағаннан Әділұлы Ике келді.
Өзім деп келгенді кім жатсынады,
Жиналды елдің игі жақсылары.
Ахмет, Міржақып пен Әлихан-ды,
Үйдегі қонақтардың бастылары.
Бәрінің көңілінде алаң да бар,
Жан-жақтан жетіп жатыр жаман хабар.
Әлихан өткір сөзбен ой тастады,
Жөн сілтеп бұл қыспақтан аман қалар:
«Алашым, бірікпесең бұзылды күн,
Қарайды ақтар асқақ, қызыл қырын,
Кетпесін қолдан ұшып бостандығың,
Етпесін ұлыңды – құл, қызыңды – күң.
Большевик бай-кедей деп тапқа бөлген,
Жақсы ма туған жерді жатқа берген.


434
Бөлініп, бөріге жем болмайықшы,
Жөн болар елдігіңді сақтап өлген.
Осындай басқа түскен құқайды аңдап,
Елші боп Ахаң, Жақаң Қытай бармақ.
Бүйірден екі алып ел жаншымаса,
Қазаққа сол болады құтайған бақ.
Демесін әлін білмей ісінді бос,
Ірікпе қолдан келген ісіңді, дос.
Қайрат қыл біліміңмен, өнеріңмен,
Алаштың әскеріне күшіңді қос».
Дөп тиді көсем сөзі көңіл тербеп,
Семейдің ұлт рухы көгін кернеп.
Отырды Қаныш, Мұхтар, Сұлтанмахмұт,
Сол көктен жұлдыз болып көрінсем деп.
Жанары ұлтым десе оттай жанар,
Жүсіпбек, Халел, Мәннан, Көкбай да бар.
Қажымұқан нар түйедей ортасында,
Шолған көз бірден соған тоқтай қалар.
Әміре осы топтың арасында,
Сұңғыла сергектік бар қарасында.
Сөздерін серкелердің сыр ғып түйіп,
Ішінен беріп отыр бағасын да.
Байлардан әкесі опа таппағаны,
Қызылдың кедейлерді жақтағаны
Ойында тұрса-дағы сезіп отыр,
Көп екен алашшылдың жақсы адамы.
Бар екен ғұлама да, зиялы да,
Ақ екен армандаған қиялы да.
Көз жасын езілгеннің, сеніп отыр,
Бір тыйса, осындайлар тыярына.
Әміре жақын жолдас көбіменен,
Бәрінің досқа деген көңілі ерен.
Өзіндей өнер сүйген осы топта,
Мұның да әр күні – ән, өмірі – өлең.


435
Арыстар талай жайтты талқылады,
Қауымның жауап тапты сан сұрағы.
Саясат саябырлап, көңіл қызып,
Әуелі Әміреден ән сұрады.
Өнерпаз айт дегенде іркілмейтін,
Мақтану, баптануды бір білмейтін.
Қолына қызыл гармон қона қалған
Әншінің көрер ме едің шіркін кейпін!
Саусақтар түйме бойлап жылжып өтті
Суырып алатындай үн жүректі.
Әуеде «әу» дегені қалды ілініп,
Жез табақ қабырғада зың-зың етті.
Аянбай асқақ әнді салды қанша
Арман не жұрт құмарын қандыра алса.
Басталып «Сұржекеймен» әннің басы,
Жалғасты «Қанапия», «Жалғыз арша».
Жүздері жайсаңдардын жайнап қалды,
Қайта бір қанат бітіп,қайраттанды.
Жымиып Ахаң бастап, Жақаң қостап,
Қасына Әміренің жайлап барды.
-Қарағым, болмасаң да хатқа жетік,
Қалыпсың халқың сыйлар шаққа жетіп.
Өнерің алашыңа алтын діңгек,
Жүреміз қайда болсын мақтан етіп.
Соны айтып,қақты келіп арқасынан,
Қошемет сөз естілді баршасынан.
Қажымұқан – күш атасы бір гүр етті,
Аумаған таудың биік жартасынан.
-Әміре, ағаңның бір бар сұрағы,
Түр-түсің елестетер қаршығаны.
Сілкінтіп жер мен көкті дүбірлеттің,
Айтшы осы, қай жеріңнен ән шығады?
-Теңеуің әзілдеген дәл келді аға,
Емес пе жаратушы әбден дана.


436
Аямай алып күшті сізге берген,
Тұрады тұла бойым әннен ғана.
Жас-кәрі тыныштықты жара күлді,
Бәрі де болып тұрды жарасымды.
Әміре қуат алды алыптардан,
Тағдырдың жаңа беті тағы ашылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет