466
Билік бірақ әнші жайлы,
Қырық жылдай үн қатпады.
Жібігенмен шемен шеті,
Тіктелгенмен ел еңсесі.
Ой – санадан өткен күннің,
Кетпей қойды көлеңкесі.
Бір ақиқат анықталды:
Дарындыны, данышпанды
Жау
тұтқандар қоймайды екен,
Ол өлсе де алысқанды.
Қазағымның асылын мың,
Қолды қылды жасырын кім?
Әншіміздің үні қайда?
Басы қайда батырымның?
Әншіден жоқ әлі белгі,
Ел жүргенде налып енді.
Мәскеу жақтан,
иесі жоқ,
Ақбоз аты - әні келді.
Ер-тұрманы жатта кеткен,
Кедергіні аттап өткен,
Дара
дауыс жойылмапты,
Далалықтар мақтан еткен.
Сонау нұрлы шақтағыдай,
Атты өмірдің ақ таңы жай.
Тыныштықтың бары жақсы,
Үнсіздіктен сақта, құдай!
467
Қазақ КСР-ның халық әртісі Жүсіпбек Елебеков:
«Әміренің
дауысы таза, ашық, биік еді. Әлі есімде, ол
ашық далада концерт бергенде 7-8 шақырым жерде жүрген
малшылар Әміренің дауысын естіп,
қайта жиналып келіп,
қолқалап отырып, тағы ән салғызатын».
Француздың ұлы жазушысы, білгір сыншы Ромен Роллан:
«Мен шығыста әншіні бұлбұл құсқа неге теңейтінін
енді түсіндім».
IV-бөлім
IV-бөлім
Достарыңызбен бөлісу: