48
тірі кәрі құлақ қарттардың кезінде сахнада ән салғанның
бірі мен едім. Сондықтан да халық жинаған композиторлар
әнімен, ән текстерімен жақсы таныспын. Әннің әуен ырғағы,
нақысы, сөзі бұрмаланбауын, авторға қиянат жасалмауын,
қайта оларды үйренуді ақыл етіп, Сәкен, Мұхтар, Ілияс,
Бейімбет, Сәбит, Жұмат, Ілияс Омаров үнемі айтып отыратын.
1968 жылы «Қазақ әндері» 1-томының 138-бетінде халық
мұрасын «Бекежанның әні» депті. Бекежан шығарған ән
жоқ. Ол – халық әні. Сол әнді операда Бекежан айтады.
Шатастыру дұрыс емес. Бұл әнді – «Сармойын» деп Әміре
төмендегі өлеңмен айтатынын Елубай, Серкелер біледі. Ән
тарихы өзінен-өзі-ақ әйгіленіп көрініп тұр.
Жапалақ жалпылдайды жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос болып қас болғаннан сақта, құдай
Қасқыр да қас қылмайды жолдасына.
Сапарбек, Балабек ауыздарынан алынған шумақтары:
Сармойын басушы едің шалқып жортып,
Кеттің ғой ойда жоқта қолға түсіп.
Айрылып сармойыннан қалғаннан соң,
Отырмын қайтемін деп ойға шомып.
Сармойын құлыныңнан қысыр емдің,
Жорғаның бәйгесінен үзбей келдің.
Тең тастап, төрт аяғың зулағанда,
Би, болыс аттарына жол бермедің.
Мен Әміре, Қали, Қосымжан, Сапарбек, Балабек, Кенен
сияқты әншілердің қасында шәкірт болып көп жүрдім.
Жамбыл, Иса ақындармен де бірге болдым.
Аты аталғандардан ән салуды, сөз сараларынан өнеге алуды
үйрендім. Іргелі әншілердің ән қазыналары, орындаушылық
шеберліктері жайында әлі күнге дейін әнші немесе музыка
зерттеушілердің ән ішіне сүңгіп, кіре талдап, салалап қалам
тартпағаны – өкінішті жай. Аталған әншілердің әдіс-тәсілі, ән
салу машығы, арнаулы орта және жоғары оқу орындарының
ән бөлімдерінде оқытылмай келуі де қынжыларлық.
Достарыңызбен бөлісу: