(“ аза әдебиеті”, 16 шілде, 1976 ж.)
52
Хабиба ЕЛЕБЕКОВА
КӨК КӨБЕЛЕК
Сол жылы тамыз айының аяқ шенінде Семейге қайта
оралдым. Келіп түсісімен, өзімнің бұрынғы үйренген жерім
«Ес-аймақ» үйірмесіне қарай асықтым. Ауылда болған
бір-екі ай уақытта осы үйірмедегі жолдастарымды қатты
сағындым. Бірінші рет баладай тәй-тәйлап аяқ басқызған
сахнаға асықтым. «Келіннің бетін кім ашса сол ыстық»
дейді ғой. Маған да бұл үйірме сондай ыстық еді. Бұл үйірме
менің болашақ өміріме жол көрсеткен жолашарым болды.
Жаңаның жаршысындай өмірге бастаған жас үйірме маған
өте қымбат. Әсіресе, халық алдында салған әнді, дуылдай
ұрған қол соғысты аңсадым.
Мен келсем, сол күнгі болатын концертке дайындалып
жатыр екен. Мені көріп қуана қарсы алды. Амандасып болған
соң:
– Бүгінгі концертте Әміре аға шыға ма? – деп сұрадым.
– Иә, бүгінгі концертте ол кісі ән салады, - деді маған,
қуанып кеттім. Бала күнімнен Әміренің ел арасына жайылған
атағын естіп, әнін тыңдасам деп армандаушы едім, енді сол
арманым орындалатын болды.
Кешке клубқа келсем орын жоқ, елдер түрегеп тұрып
тыңдауға да риза. Мен де сығылыса, орта тұсынан қабырғаға
жабыса орналастым. Концерт те басталып кетті. Бірінен соң
бірі шығып жатыр. Мен оларға онша көңіл бөлмей, Әміренің
сахнаға шығуын күтудемін. Адам бір нәрсені арнайы күтсе
уақыт өтпейтін әдеті емес пе. Сондықтан да болар, маған
бүгінгі уақыт тіпті созылып кеткендей боп көрінді. Бір кезде
концерт жүргізуші:
– Қазір сіздердің алдарыңызда қазақтың қадірменді,
атақты әншісі Әміре Қашаубайұлы «Көк көбелек» әнін
орындап береді, - деп хабарлады. Мен ілгері ұмтылыңқырап,
әншіні анық көретіндей орналасып алдым.
Сахнаға орта бойлы, кең маңдайлы, үлкен тұнық көзді, ақ
сұр жігіт шықты. Халыққа ибамен бас иіп, гармонын қолына
ала құлаштай бір-екі қайырды да, «Көк көбелек» әнінің
алдыңғы көтермесін шырқай жөнелді. Алдыңғы көтерменің
жетіп тоқтайтын жерінде қозғалмай, бір ноқатта тұрып алды.
53
Мұндай тынысы кең, дем алмайтын ұзақ үнді бірінші рет
естуім. Үнінің тазалығы тау бұлағындай кіршіксіз мөлдір.
Ә деп шырқай жөнелгенде-ақ бүкіл тыңдаушы қауымды
уысына қысып алғандай, барлығы тым-тырыс, дем алмай
қатып қалған. Үнінің әсемдігі бойыңды шымырлата жан
жүйеңді қозғап, тамыр-тамырыңды аралағандай әсер пайда
болады. Енді сол қырандай қалықтап тұрған ән қанаты
төмендей зулады.
Әуеде ұшып жүрген көк көбелек
Жазайын дертің болса су себелеп, –
деп, әннің негізгі ырғағымен алдыңғы екі шумағын
түйдектете айтып, кішкене тыныс алғандай болды да, қалған
екі шумағына қайта көтерілді. Ол ән айтып тұрғанда, әннің
қай жерінде дем алғанын байқап алдым. Сахнаға шыққанын
бақылап қарап отырғанымда, менің ерекше көзіме түскені
әнді бастап шырқай жөнелгенде қысқалау келген мойнының
екі жақ күре тамыры білеуленіп, шықшыт сүйегімен бірдей
болып тұтасып кетті. Әнді аяқтай бастағанда жаңағы
білеуленіп толып кеткен тамыр бірте-бірте орнына түскендей
болды. Әміре бірнеше ән айтты. Бір әнінен екінші әнінің
орындауы асып түсіп, денесі қызып алған тұлпардай, даусы
барған сайын күшейе береді. Көрермен жұрт та естері кете қол
соғып, босатпай қойды. Мен мүлде есімнен айрылғандай қол
соғуды да ұмытып, аузым ашылып, есі жоқ кісідей мелшиіп
қалыппын. Мұндай да шығаннан шыққан дауыс, кіршіксіз
таза үн болады екен-ау! Айналадағы отырғандарды ұмытып,
ән соққысына жығылғандаймын.
Мен Әмірені есіме алып, осы естелігімді айтып беріп
отырған кезімде, содан он шақты жыл кейін болған оқиға
есіме түсті. Ол кезде театрдың құрылғанына төрт-бес-ақ
жыл болса да көтерген жүгі, алған міндеті аз емес еді. Елдің
жанына рухани нәр беруге, көңілін көтеруге осы бір азғантай
артистер жазы-қысы демей, жаяу-жалпылы қажымай
қызмет істеді.
Біз Кеген ауданына бармақшы болдық. Уақыт жаздың
шілде айы болатын. Жаңадан ұйымдасқан колхозшылар
арасында облыс басшысы Жандосовтың қатысуымен өтетін
жиылыс болмақшы. Соның артынан бізге концерт бересіңдер
54
деген хабарды алысымен, үш-төрт күн бұрын жүріп кеттік.
Жолшыбай елге концерт қоюға тура келді. Бара жатқан төрт
кісіміз. Еркімбеков Дүйсембек, Дәрібаева Қатира, Әміре
ағай және мен. Бірінші қоятын концертіміз өте жауапты
деп ескерткен. Сондықтан да бетке ұстап бара жатқанымыз
да Әміре аға екені белгілі. Үйден шығысымен Әміре ағаны
қажытпай күтіп апаруды іштей өзіме міндет деп таптым.
Концерттен кейін елмен көп отырғызбай, шаршатпай
жатқызып, ұйқысын қандырып, мүмкіндігі болғанша қолдан
келген күтімді жасап келеміз. Әуел бастан барамыз деген
жерге де жеттік. Жиылысқа келгендер өте көп екен. Қазіргі
Нарынқол, Ұйғыр, Кеген аудандары бір ғана Кеген ауданы
болып аталады. Біздің келген жеріміз бұрынғы Қарқара
жәрмеңкесінің өтетін орны екен. Ол кезде ойын қоятын клуб
жоқ. Табылса, сиыр қора болмаса концертті далада қоюға
тура келеді.
Қарқара өзенінің жағасы, жаздың маужыраған кеші, майда
ескен самал жел ғана еркелегендей кеудеңді аймалайды.
Желпіген самалдан жаның рахат тауып, мейірлене кеудеңді
төсей бергің келеді. Тамылжыған табиғат аясындағы қазақ
ауылында ән салу – әншінің шабытын келтіреді емес пе?
Қазір біз де концерт басталуын шыдамсыздана күтудеміз.
Бұдан бұрын Әміре ағамен бірге концерттерде болып
жүрсем де, дәл бүгінгідей қобалжығанын көрген емеспін.
Сахнаның сыртында тынышы кетіп, тықыршып бір жерде
тұра алмай, бет пішіні қуқыл тартып, біресе бетіне дуылдай
қан жүгіріп, ерсілі-қарсылы жүріп, мүлде мазасы кетті.
Концерт басталып кетті. Сахнаға бірінші біздер шықтық,
халық дуылдасып қарсы алып жатыр.
Сахнаға Әміре аға шығып, халыққа бас иіп амандасты да,
«Ардақ» әнін шырқай жөнелді. Сол күнгі даусы бұрынғы
естіп жүрген даусынан ерекше еді. Кегеннің кең даласын
толтырғандай, Қарқара өңірін, Әміренің әсем үні түгел
аралағандай болып естілді.
Әміре бірнеше ән айтты. Әнінің соңында алдыңғы
жақтан тыныштықты бұза, дүрсілдете шапқан бірнеше
атты кісілердің дүбірі естілді. Біз сескеніп, кішкене кідіріс
жасадық. Себебі – ол кезде әр жерлерде ел тонайтын топтасқан
бандылардың бар кезі. Солардың бірі ме деген қорқыныш
55
та бар. Өйтіп-бүйткенше үш-төрт атты жорта келіп тоқтай
қалды. Бұл жігіттерді таныған ауыл адамдары: «Сендер
қайдан келіп қалдыңдар? Жылқы бұл арадан қашық емес
пе еді?» – деп жамырасып сұрап жатыр. Осы арадан жеті-
Достарыңызбен бөлісу: |