163
келеді. Келешекте бұл мәдени нысанды қалалық мәдениет
бөлімінің қарауына берілуі қаралу үстінде. Егер қала әкімі
бұл жөнінде арнайы шешім шығарса, халық тілегі жүзеге
аспақ.
Әміре тойының ажарын кіргізген әншілер өнерін де
көпшілік үлкен ықыласпен тамашалады. Кезінде талай рет
аталып өткен Әміре Қашаубаев атындағы республикалық
әншілер байқауы жұрт есінде болар. Сол байқауларда топ
жарған Бақыт Үдербаева, Келденбай Өлмесеков, Тұрсынғазы
Рахимов, Толғанбай Сембаев сияқты ұлттық өнерді
ұлықтаған әншілер лайықты өнер көрсетті. Сонымен бірге
«Қайнар» халық театрының әртістері қойған «Парижден
келген домбыра» атты қойылымды да ел сүйсіне көрді.
Достарыңызбен бөлісу: