ашаубаев өзіні халыты манерада айтылатын емін-
еркін даусына "лт аспабы домбырасыны сйемелін осып,
өз еліні жаныды толытатын әндерін орындады.
Соларды бәрінде де өздеріні өнерлерін Парижге көрсетуге
келген адал көңілді әртістердің өз Отанына деген жалынды
сүйініші сезіледі”, — деп жазды.
Француздың белгілі музыка зерттеуші ғалымы “Ле
Мюзикаль” журналында Әміренің сирек кездесетін музыкалық
көрініс екенін жазды. Сорбонн университетінің профессоры
Перно фонографқа Әміренің орындауында қазақтың бірнеше
әндерін жазып алды. Бір айта кететін жай біз осы күнге
170
шейін Әміренің сол фонографқа түскен әндерін шетелмен
байланысты мекемелер арқылы қанша талаптансақ та, ала
алмай жүрміз.
Әміре Парижден елге келеді. Мәскеуде болып, одан
туған қаласы Семейге келеді. Бірақ, онда көп бола алмай,
күзге қарай Қызылордаға келіп, ол кездегі Қазақстанның
астанасында ашылғалы жатқан театр труппасына кіріп,
солармен бірге дайындық жұмысқа кіріседі. Келесі 1926
жылы қаңтардың 13 күні Мұхтар Әуезовтың “Еңлік-Кебек”
пьесасымен қазақ тарихында бірінші рет профессионалдық
театрдың шымылдығы ашылғанда Әміре қойшы Жапалдың
рөлін ойнайды. Оны сол кезде көрген адамдар әлі күні аузынан
тастамайды. Өйткені, Әміре тек әнші емес, жақсы әртіс те
болды. Ол сахнада жасанды қимыл-қозғалыссыз, қандай
образда болса да, шын жүректен, нанымды, қарапайым етіп
келетін. Солай бола тұрса да Әміренің шын шүйдесі көтеріліп,
шоқтығы аспанға шығатын кезеңі концерттерде болатын.
Афишада Әміре шығады деген концерттер ол кезде үнемі лық
толы болады екен. Күлкілі сөз шебері Қалибек, поэзияның
жас перісі, әнші Иса, характерлі нөмірлерді жандырып
шығаратын Елубай, от боп жанған Құрманбек — бәрі бірінің
артынан бірі шыққанда концерт көп уақытқа созылып,
публика уақыттың қалай өткенін сезбей де қалады екен.
1927 жылдың сәуір айында Әміре тағы Мәскеуге
шақырылады. Онда, осы әңгіменің басында баяндалғандай,
советтер съезінде концертке шығып, үлкен табысқа ие болады.
Сол жылдың жазында Әміре Германияның Майндағы
Франкфурт қаласында болатын Жержүзілік музыкалық
көрмеге жіберілді. Бүкілодақтың шетелмен байланыс
жасаушы қоғамы онда көрменің советтік бөлімін ашты.
Бөлімнің концерттерінде біздің әр ұлтымыздың өкілдері
шықты. Шілденің 22-сі мен 31-і арасында көрмеде орыс
музыкалық апталығы болып, онда қатысуға РСФСР-ға
еңбегі сіңген артист, профессор Г.Любимов бастаған советтік
этнографиялық ансамбль құрылды. Сол ансамбльдің ішінде
Әміре де болды. Ансамбль Франкфурттың Үлкен театрында
9 концерт берді. Концерттер аса қызғынмен қабылданды.
“Франкфуртер цейтунг” газеті: “Аса қабілетті жеке
орындаушылардың қатынасуымен профессор Г.Любимовтың
171
көрсеткені біздің күткенімізден асып шықты... СССР-дың
ұлттық музыкасының бай жақтарынан нағыз шыншыл,
айта қалғандай етіп көрсету арқылы ВОКС өзінің уәдесін
орындады”, — деп жазды. Советтер Одағы халықтарының
өнерлерін екінші рет шетелде көрсетуде, осылай, Әміре екінші
рет көзге түсті. Қазақ халқының ән байлығын шетке көрсетуде
өнер қайраткерлерінің ішінде Әміре пионері болды.
Әміре қайтып Қызылордадағы қазақ театрына келді.
1928 жылы театр Алматыға көшкенде Әміре де бірге келді.
Әміре драма театрында бірнеше рөлдер атқарды. Әсіресе
концерттерінде басты әртіс болып жүрді. 1933 жылы драма
театрының бір бөлек адамынан құралған “Музыкалық
студияның” ішінде бірінші болып Әміре кетті. Ол студия
келесі 1934 жылы қаңтардың 13 күні “Музыкалық театр”
болып, Мұхтар Әуезовтің “Айман — Шолпан” атты музыкалы
пьесасымен ашылды. Әміре “Айман — Шолпанда” басты
рөлдің бірін ойнады. Бірақ, өмірі ұзақ болмай, сол жылдың
күзінде қайтыс болды.
Әміренің негізгі ресми қызметі театрда болғанымен,
ол үнемі концерт беруде болатын. 1926 жылы
Қ.Жандарбековпен бірге Шымкент, Ташкент қалаларында
концерт берді. Қала халқы, оқушылар үлкен ынтамен
қарсы алды. “Әміренің залды күңірентіп жіберген ащы
айғайы мен сыңғыраған көмейінен бұралып шыққан үнге
таңырқамаған жұрт болмады. Бір кешті Әміренің бір өзі
алды”, – дейді, өзінің “Әміре — топтан озған әнші” деген
мақаласында Қ.Жандарбеков.
“Әміренің дауысы — тенордың жоғарысы” деген
мақаласында жалынды ақын, әнші Иса Байзақов: “Әлі
есімде, 1926 жылы Қазақстан мемлекет театры ең бірінші
рет ел аралауға шықты. Бастығы Әзез Байсейітұлы болып,
барлығы жиырма-жиырма бір адам едік. Қызылордадан
шығып, Түркістан, Шымкент, Әулиеата (Жамбыл), Пішбек
(Фрунзе), одан Алматы келдік. Концерт әншілерінің
ағасы Әміре Қашаубайұлы болатын. Әсіресе, Әміреге бір
риза болған жеріміз Қарқара жәрмеңкесінде болды. 1916
жылдың “Албан көтерілісіне” 1926 жылы он жыл толуымен
байланысты Алматыдан Жандосұлы Ораз бен Көшкінұлы
Ыдырыс келді. Бір күні ертемен екі-үш мыңдай кісі жиналды.
172
Ыдырыс пен Ораз жолдастар патшаға қарсы он алтыншы
жылдың көтерілісі туралы баяндамалар жасады. Соңынан
қазақ тобының әртістері бастығы Әміре болып концерт берді.
Күндікке демонстрацияда жүріп, ән салып, өлең айтып,
шаң жұтып, шаршағанына қарамай, әртістер концертті
жақсы өткізді. Әсіресе жұрттың ынтамен тыңдағаны Әміре
әндері болды. Әміре шығады дегенде жиылған жұрт қол
соғып, сахнаға шығуын қошеметтеді. Әміре жайтаңдаған
бойы көпке басын иді де, орындыққа отыра салып, шалқып,
даусын бір көтеріп алды да қоңыраулатты. Біраз әнді
айтып, кетпек болып еді, жұрт үсті-үстіне қол шапалақтап
жібермеді. Әміре “Жалғыз арша”, “Сырғақты”, “Ісмет”,
“Қанапия” әндерін айтты. Қасында бір-екі жігіті бар,
қалыпты “Қыз-Жібектің” қиссасын жазған Шайқы-Ыслам
Жүсіпбекұлы келіп, сахнаның сыртында Әміреге танысып,
рахмет айтты. Әміренің бұдан басқа да талай үздік шыққан
жерлерін көрген едік. Бір есте қалғаны осы”, — дейді.
Өзінің “Екі естелік” дегенінде Қалибек Қуанышбаев
1924 жылы Семейде өнерпаздардың ақпан айында болған
жиналысында болғанын айтады. Ол Қарқаралы, Өскемен,
Павлодар, Баян — бәрі бір облыс екен. Павлодардан
Майра, Семейден Әміре, Қарқаралыдан Қали Байжанов
болады. Басқа әншілер жарысқа түсіп, кезектесіп әндер
орындағаннан кейін, топталып келе жатып, қарақшыға
жақындағанда шұбалып, біртіндеп шыға бастайтын бәйге
аттарындай аяғында Қали мен Әміре қалады. Бұлар баста
әрқайсысы әртүрлі ән айтып, кейін бір әнді екеуі бірінің
аузынан бірі жұлып алып айтып, біресе домбыра, біресе
гармоньмен сүйемелдеп, қыза-қыза екеуі сахнадан шықпай
қояды. Қазақтың ескі әдеті қала ма, Қали айтқанда
Қарқаралы, Павлодар, Баяндықтар қошеметтеп, Әміре
айтқанда Семейдің көпшілігі шулап, айқайлап қостайды.
“Ала қойды бөле қырыққан жүнге жарымайды” дегендей,
екі әншінің бірінен-бірін бөлмей, екеуінің де пірлі екенін
көрген төреші топ, бірінші, екінші бәйгені қосып жіберіп,
Қали мен Әміреге бөліп береді.
“Әміренің адамшылығы аса зор еді. Барынша әділ,
жүректі еді. Қаннен-қаперсіз, қалай болса-солай жүретін.
Дүние үшін қабақ шытып, бір тарықпайтын. Қоң етін кесіп
173
беретін жомарт еді... Біздің Әміре Қасым жомарт қой, – деп
күлуші едік. Кейде бір нәрсеге үлкен ерні томпайып, балаша
өкпелейтін. “Ой, сорлы Қашаубайдың баласы-ай!” — деп, бір
саусағыңды шошайтып, қытықтасаң, күліп, ол өкпесін әп-
сәтте ұмытып кететін... Әміре ән салғанда әнді көркемдеп,
иықтандырып, аспандата айтар еді. Қандай әнді болса
да түзеп, кесек бейнелі ән қып жүрсе де, “мынаны мен
түзедім” демес еді. .“Ағашаяқ”, “Шіркін-ай”, “Баянауыл”,
“Қарға”, “Екі жирен”, “Толқын”, “Қос барабан”, тағы толып
жатқан әндерде Әміренің аса көп еңбектері бар. Әміре ән
салғанда қандай күшпен, айғаймен бірнеше әндер айтқанда,
түсі бұзылмас еді. Күшпен айтатын әндердің алдында демін
бір-ақ жиып алатын. Оң жақ алқымында мойнының қалтасы
бар еді. Соған бар демді толтырып алып, үнемдеп шығарып,
көпке дейін дем алмайтын. Әміре әнді ылғи сүйіп, ұнатып,
өзі әнге ғашық болғандай айтатын. Халық көп болса делебесі
қозып кететін... Халықтың ішінде өзінің жақсы көретін
жолдастары отырса немесе сырттан біреулер болса, тіпті
құйындай ұйтқып, құландай ойнақтап, жүйткіп, дабылдай
саңқылдап, кішірек театр, клубтарға сыймай кетер еді... Аса
көтеріліп ән салғанда, біресе қуанғандай күлімсіреп, біресе
жеке келе жатқан бәйге атындай жарқылдап, ойнақтап кетер
еді. Кейде өршеленіп, даусынан әртүрлі құбылыстар, бұрма-
бұрма иіндер, біресе сұңқылдаған, біресе толқынданып,
әсерлі үндер үсті-үстіне боздап шыға берер еді. Әміре қала
мен даланы кезген, ел дәстүрін анық білетін сері әнші еді.
Қыз ұзату, жар-жар, шілдехана, дүбірлі тойда Әміре талай
сайраған болатын... Әміре халық қазынасын советтік
Қазақстанға өз қолымен алып келіп, тапсырып кеткенін
атап айтуға тиіспіз”, — дейді сол естелігінде Қ.Қуанышбаев.
Әміремен бірінші кездескенін Қалибек былай деп жазады:
“1925 жылдың қазан айының ішінде “Еңбекші қазақ”
газетіне бірсыпыра адамдардың аттары жарияланды.
Солардың басын қосып, құрастырып, театр кұру керек деп, Оқу
Комиссариаты шақырған болатын. Семейден Әмірені, Исаны,
Павлодардан Майраны, Қостанайдан Серкені, Орынбордан
Елубайды, Ташкенттен Құрманбекті, Қарқаралыдан мені
атаған екен. Осылардың соңын ала желтоқсан ішінде мен де
келіп жеттім. Қызылордаға келісімен Әміренің үйін іздедім.
Біреуден біреу нұсқап, көрсетіп, әйтеуір таптым-ау.
174
Келген бетімде есігін қағып едім, қысқа маңдай, үлкен
ауыз, шашын тап-таза қып қырған, кіршіксіз таза киінген,
тығынын алған шақшадай таңқиған, жап-жас, түрі сарылау,
бір инабатты жігіт есік ашты. Маған жақсылап тұрып сәлем
берді. Оның маған сәлем беретін жөні де бар: менің сақалым
жоқ болғанмен, қияқтай қалың қара мұртым бар еді. Түлкі
тымақты шалқайта киіп, қара шапанды желбегей салып,
ойда-жоқта есігінің алдында тұрған мені өзінен бес-алты
жас кіші деп ойламаған сияқты. Оның үстіне өзі туып-өскен
Қарқаралының киімімен тұрған соң сәлем беру Әміреге
міндет болды.
Амандасқаннан кейін:
— Әміренің үйі осы ма? — деп сұрадым. Осы дегесін үйге
кіріп шешініп, жуынып жатқанымда, Әміренің өзі орамалды
ұстап, күтіп тұрды. Жайланып болып, шайға отырғанда,
әйелімен амандасып, аз кідіріп:
— Әміре ағай қайда? — дедім. Ерлі-зайыпты екеуі біріне-
бірі қарап күлді. Сол сәтте Иса кіріп келді. Ол екеуміз
бұрыннан таныс болатынбыз. Ар жағын Иса жөндеп әкетті,—
дейді.
Қалибек өзінің қысқа естелігінде Әміренің сырт түрін,
адамшылығын, әншілігін әдемі-ақ суреттейді. Әміремен көп
жылдар жолдас болған, советтік қазақ өнерінің алыбының,
іргетасын қалаушысының, талантты әртісінің бірі Қалибектің
айтқанын біз оқушыларымыздың алдына әдейі тарттық.
Өйткені оның ішінде көп жайлар кездеседі. Әміренің қазақ
әндерін көп ажарлағанын, байытқанын, қазақтың тұңғыш
режиссері, халық әртісі, үлкен өнер қайраткері Жұмат Шанин
де, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов те айтып кетті. Сонымен қатар
қазақ музыкасын жинауда, қағазға түсіруде үздік енбек
сіңірген А.Затаевич те Әміреден әндер жазып алған кезде
оның әншілігі жайында пікір айтып кетті. Оны да келтіргіміз
келеді.
“Әміре Қашаубаев, — дейді, А.Затаевич, өзінің
“Қазақтың 500 ән-күйі” деген кітабының соңындағы түсінік
сөзінде, — Қарқаралының атақты әншісі, 1925 жылдың
көктемінен қазақтың мемлекеттік театрының тобында.
Қазіргі қазақ әншілерінің ішінен шетелге шыққанының
біріншісі, ол: 1925 жылдың жазында Парижде, бір жылдан
175
кейін (А. 3. бұл жерде қателескен, екі жыл кейін деу керек.
А. Ж.) Майн өзені бойындағы Франкфуртте болды, екеуінде де
Росфил (Париж), ВОКС (Германия) ұйымдастырған, белгілі
музыка этнографиясының қайраткері, еңбегі сіңген әртіс
Гр. П.Любимовтың басқаруындағы этнографиялық топпен
барды.
Қ.-тың көркем, күшті, нық, даусы (тенор) бар, демі
кең, қорлы, үлкен. Оның әншілігіне, музыканттығына баға
беру үшін, “ақын” Ғаббас Айтпаевпен, “қарадүрсін” Қали
Байжанов сияқты қарқаралылық екі дарынды әншімен
салыстыру керек. Ондай жағдайда Қ. екеуінің арасынан
орын алған болар еді. Өйткені, сахарада көбірек жүрген ана
екі әншіге тән ашық, күшті әсерге жетпесе де, ол екеуінің
жанрында да айта қалғандай орындау дарынын көрсеткен,
репертуар жағынан ол екеуінің де әндері бар. (Қ. қалада көп
тұрды, әлі тұрады). Таза дауыс жағын алғанда Қ. ол екеуінен де
асып түседі. Сахарадан қол үзіп, қаланың алданышына түсу
бұл сияқты жақсы әншіні, табиғи сезімді таза адамды бірден
тартып кететін шынайы, қарапайым шығармашылығын
қаланың жасанды, суық, белгілі бір қалыппен орындауына
түсіріп кете ме деген қауіп бар.
Бірақ, шетелге де шығып, көріп келген әнші бұл
байқаудан өзінің қазақтың ән өнерінің көрнекті өкілі екенін
түсініп, үлкен абырой, ұтыспен өтеді деп сенеміз де, соған
тілектеспіз”, — дейді.
Әрине, А.Затаевичтің Әміре қалада жүріп, қазақтың
халықтық ән орындау дәстүрінен айрылып қала ма деп
қорқуы дұрыс та шығар. Бірақ, жас басынан халықтың
әншілік дәстүрін бойына әбден сіңірген Әміре ол жолға
түспестен кетті. Екінші, Әміренің дем алысының аса үлкен,
созымды екендігін “алқымында қалтасы бар еді, соған
демді толтырып алып, біртіндеп шығарып отыратын еді”
деп Қалибекше суреттемесе де, А.Затаевич те оның демінің
шамадан ұзақ екенін анықтап айтып кетеді. Дем алу – әншінің
шеберлік сатысына көтерілуіндегі бірінші шарт. Дем алысы
тәртіпке түспеген профессионал әнші де көздеген мақсатына
жете бермейді. Әнді көркемдеп айтуда, белгілі идеялық-
көркемдік мазмұнын ашуда демалудың үлкен мәні бар. Міне,
ешбір консерваторияда “дауыс қою, демалысты тәртіптеу”
176
сабақтарын өтпеген Әміренің табиғи түрде ерекше ұзын
демалысының әншілік үшін үлкен мәні болумен байланысты
А.Затаевич те ол жайды бөліп айтып отыр.
1934 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Халық ағарту
Комиссариатының үйінде көптеген өнерпаздар бас қосқан
үлкен мәжіліс болды. Оған әншілерден: Әміре Қашаубаев,
Темірболат Арғынбаев, Қуан Лекеров, Манарбек Ержанов,
Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Биби
Сәрсенбаева тағы басқалары келді. Мәжіліс алдағы 1935
жылда Алматыға келетін граммафон пластинкаларына ән-
күй түсіретін бригаданың жұмысына дайындық, музыкалық
нөмірлерді, орындаушыларды саралап алудың басына
арналған болатын.
Әнді сазбен асықпай қоңырлатып айтатын, баритон
дауысты Темірболат, салған жерден қырандай аспандап,
шырқап кететін Қуан, әр нотасынан сахараның кең тынысы
сахнаға ере келіп тұрған Манарбек, әнді еркелетіп, уілдетіп,
лебізімен жыланды іннен шығаратын Жүсіпбек, дауысының
жоғарысы әйелдің сопраносының “бақшасына кіріп
кететін” Ғарифолла, жүрекке жылы тиетін, жұмсақ меццо-
сопрано Биби – бәрі де бәйгеге түсетін болғасын, бірінен-бірі
оздырамын деп, бар шеберліктерін салып, небір сүбелі әндерді
комиссияның алдына табақтай тартып жатыр. Қазанның
арқасында еркіндік алған елдің ән шеберлерінің дауыстары
да еркіндеп, сонау Алатаудың басынан асып кеткендей болып
жатыр.
Ең артынан бір бұрышта бүкшиіп қана, жұпыны киімде
отырған Әміре басын көтерді. Аздап сырқаттанып жүрген кезі
болатын. Сондықтан біреулер оны келмес деп, енді біреулер
келгенімен жай басқаларды тыңдап, ән айта қоймас деп
отырған. Бірінші қараған кісіге сырт түрі қораш көрінетін
шын жүйріктей, айғай шыққаннан кейін Әміре лезде басын
көтеріп, бет-аузына жаңа бір өң еніп, қысқа мойынды,
өзінен басқа кісі құлақ күйін түсіріп тарта алмайтын қара
домбырасын дыбысын қатты шығармай, бір-екі тықылдатып
бұрады да, Қалибек суреттегендей әншейіндегіден мойны
жуандап, алқымы кебіңкіреп, екі ұрты бір томпайып, бір
қусырылып, алдыңғы отырысынан тікейіңкіреп алды да,
айғайға басты. “Ағашаяқ”, “Үш дос”, “Екі жирен”, алдында
Манарбек айтқан “Смет” тағы басқа әндер кетті. 7—8 әнді
177
бірінің артынан бірін тастап жібергенде отырғандар біріне-
бірі қарап, бір сәт пауза болды. Алдыңғы әншілер де бастарын
шұлғып: “О, сорлы-ай, сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны
кетпеген екен ғой”, – десіп, рахаттанғандықтарын білдірді.
Әміренің әні Наркомпростың аласа төбелі кабинетін көтеріп
тастай жаздады. “Әміренің дауысы қалды, енді бізбен таласа
алмайды”, – деп, әншілердің кейбіріне тән әңгүдіктеніп,
барын ортаға салып “қырдым” деп отырғандар бүгінгі Әміренің
әніне тең келе алмағандарын сезсе де, сыр бермегенсіп,
жасанды күлкіге салып, басқалармен бірге мақтау хорына
қосылып жатты. Өзінің адресіне деген осындай өсектің барын
білетін Әміре соңғы әннің аяғында маңдайдан аққан терімен
бірге, жұртқа білдірмей ғана көзінен шыққан ызалы жастың
моншақ тамшыларын да сүртті де, ар жағындағы оқиғаның
не болатындығында жұмысы болмай, кабинеттен жылдам
басып шығып кетті. Отырғандардың ішіндегі орындаушылар
асықпай, аспаптарын қабына салып, енді қашан, қайда
жиналатындарын сұрап, тарасты да, комиссия мүшелері
әдетше мәжілістің белгілі сарынымен жұмыстарын соза берді.
Әміренің бұдан кейін сахнада ән салмағанын көрген біздер
үшін осы бір күн халқы сүйген, қазақтың ән абыройын Сена
мен Майн өзендерінің ағысымен жалғастырып, дүниеге әйгі
еткен, өзіне тиісті құрметті өнер атақтарын ұсақ өтірік-өсек
үшін ала алмай кеткен ардақты әншісінің “бой жасағаны”
сияқты болып көрінді.
Әміре оқуы көп болмағанымен, тоқығаны, ескергені
көп адам еді. Осы жолдардың авторы Алматының музыка
техникумында істеп тұрған кезінде ол бір күні техникумға
келіп, екі сағаттай сөйлесті. Әңгіменің мазмұны — өзінің
бұрынғы заман өктемдігімен оқи алмай қалғаны, енді
мына бір кішкене қыздарын музыкаға оқытқысы келетіні
болды. Оның үстіне Әміре: “Сіз, шырағым, жасыңыз кіші де
болса мамансыз ғой, осы жұрт менің даусымды түрлі-түрлі
бағалайды, бір тыңдап көрсеңіз деп едім”, – деді. Екеуміз
келісіп, күн белгіледік. Бұл 1933 жылдың күзі болатын.
Мен онда да Әміренің дауысынан тоқырауды таппадым.
Әміренің ән формасын жақсы түсінуі, орындау кезінде дыбыс
топтарының өршу мен бәсеңдеу кездерінің кезектесулерін
өте заңды түрде беруі, драмалық және лирикалық әндердің
178
әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктерін тауып айтуы,
неше түрлі өрнектер, әшекейлер, Кәлләкише (драма театры
коллективінің Қалибекке жақсы көріп қойған аты) айтқанда
“бұрмалары”, “иректері”, біресе самғап көкке шығып, біресе
құлдилап төмен түскендегі ән делбесін (бозжысын) қатты
ұстап, ерікті үнге біржолата беріп жібермей отыруы, мың
бұралған әсем дыбыстардың бірінен-бірі асып түсіп, еркіңді
билеп кетуі, әсіресе, басқада жоқ (кейін Жүсіпбекте қалған) өз
алдына бір музыкалық “әңгіме” болып жататын домбырадағы
сүйемелі — оқудан жаңа келіп, кең байтақ Қазақстанның
жер-жерінің әншілік дәстүрлерімен танысып болмаған біз
сияқты нота сауаты бар да, халықтық музыка дәстүрінің
небір жарқыраған асыл тастарының түстерін танып, аттарын
біліп болмаған кісіге ұмытылмастай әсер қалдырды. Бірақ,
жоғарыда баяндалған, Әміре “бастаған” әншілер тобының
Наркомпрос үйіндегі әсерінің бойы бұдан әлдеқайда биік
еді. Сондықтан, осы жазда “Қазақстан правдасы” бетінде
республиканың бір облысында Әміренің қызы Күләш
әншілердің тобын басқарады, ән орындағанда халық жақсы
қарсы алады дегенде, бір жағынан, осыдан отыз жыл бұрынғы
Әміремен кездескенім еске түсіп, екінші — оның ізін қуған
жұрағаты болғанына қатты қуанып қалдық.
Әміре — ұлы әнші, азамат. Оның өмірі мен қимылы әлі
де зерттеле түседі. Ол жөнінде талай кітаптар, дастандар
жазылмақ. Оның аты ән-би мектебінде мәңгі қалды.
Достарыңызбен бөлісу: |