Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


(« аза тілі» газеті, 1925 жыл, 25 тамыз.)



Pdf көрінісі
бет43/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

(« аза тілі» газеті, 1925 жыл, 25 тамыз.)
«М.А.»
СӘТТІ КОНЦЕРТ
30 ноябрь, іскерлік клубының залы лық толып тұр
программада: қазақ әндері, Чайковский мен Григтің 
әндері және дала күйлері. Халық әншісі Әміре және 
Еуропа музыкасының шебер орындаушысы Вербова өнер 
көрсетпек. Көне домбыра және рояль. Бұл өзі Шығыс пен 
Батыстың музыка жарысы емес пе? Әлбетте, қазақ әншісі 
Әміре өнер жарысына бірінші рет шығып тұрған жоқ. Оның 


155
даусы өз бабында және шебер айта алатындығына кәміл 
сенеді. Оның сенімді досы – домбыра сұлу үнімен, құлаққа 
жағымдылығымен әсерлі.
Әміре сахнада. Ол кең де үлкен залда толып отырған 
халыққа көз тастап, домбырасын шерте жөнелді. Домбыра, 
шындығында, жақсы музыкалық аспап, бірақ мынандай кең 
залға оның үні, даусы жете бермейді. Ол, әсіресе, киіз үй ішінде 
отырып тартқанға жақсы. Енді залда Әміренің қуатты даусы 
салтанат құрды. Ол көзді ашып-жұмғанша тыңдаушыларды
өзіне де, домбырасына да баурап әкетті. Біраздан соң Әміре 
залды да, толқып отырған тыңдаушыларын да ұмытты. Ән 
арқылы ол сұлулыққа, шексіз дала табиғатына жетектеп, 
адам жүрегін қуантады, жылытады. Әміре даусы бірде тау 
шыңына жеткендей көкке өрлеп, бірде қоңырлай баяулап, 
әуезді үнге ойысады. Мұндай қазақ әндерін оны көп тыңдаған 
және қазақ тұрмысын білетін адам ғана түсініп бағалар еді.
Әміреден соң сахнаға қазақ өнерінің жанашыры, 
профессионал музыкант А.В. Затаевич шықты. Енді қазақ 
әндері рояль үнімен шарықтай шықты. Бұл – домбыра емес 
қоңырқай тартылатын, бүгінгі заман аспабы.
Әлгінде ғана домбырада орындалған үндер рояльдан мүлдем 
басқа колорит, тембрмен естіледі. Егер сіз орыстың халық
әндерін балалайкаға қосылып айтқан халық әншісінен және 
сол әнді рояльға қосылып айтқан консерваториялық білімі 
бар шынайы жоғары білімді әншіден естіп салыстырсаңыз, 
екеуі екі басқа естілер еді. Бетховен вариациясындағы «Во 
саду ли в огороде» әні өзінің ұлттық түрін жоғалтқан жоқ, 
бірақ өзгешелігі бар...
Затаевичтің орындауындағы қазақ пьесаларында (ән-
күй) осындай өзгешелік бар. Бізден «күй» деген атауды 
таба алмайсыз. Бізде тек ән бар. Қазақ күйлерінің мазмұн 
байлығы соншалықты, тіпті, ол композитор қаламынан 
шыққан сюиталармен... таласа алар еді.
Затаевич те тыңдаушылар құрметіне бөленді.
Өз өнерін көрсеткен Нина Александровна Вербова да 
жұртты риза етті. Рахманинов, Гречанинов, Римский-
Корсаков, Чайковский және Григ шығармалары да аса шебер 
орындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет