157
Әміре 12 жас шамасында Семейге келіп, Қаражан дейтін
байдың терісін күзетуші болып, қызметке кіреді. Сол
кездерден бері ән сала бастады. Әміренің сол кездегі тері
үстінде отырып салған әні тері жанында босқа қалмайды,
құлақтан құлаққа ілінеді.
Аз жүргеннен кейін Әміре күзетші Әміреліктен қол үзіп,
шілдехана, сауықтың Әміресі болады.
1915-16 жылдардан бастап қазақша алғашқы сауық кеші,
спектакльдер қойыла бастағанда, алғашқы сауықтарда
Әміренің әні бірге естіледі. Содан 25-жылдарға дейін Әміре
осы қалыпты сауыққа қатысумен өткізеді.
1925 жылы Францияға Париж қаласындағы Жержүзілік
ән-күй көрмесіне жіберу үшін ресейлік Оқу комиссары
Луначарский телеграммамен шақыртып алып, Әміре
Парижге барып, 11 концертке қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: