Сорбонна университетіні профессоры Перно фонографа
жазып алыпты да:
– ашаубаев мырза! Б"дан былай сізді дауысыыз
асырлар бойы мәгі саталады! – депті.
Амал не? Әміренің сол фонографқа жазылған әндері әлі
күнге дейін біздің қолға түспей келеді.
Ән шебері Әміре Қашаубаевтың шет елдерге бірінші барған
осы сапары өте сәтті болады, ол жоғары дәрежелі баға алып,
елге үлкен абыроймен оралады.
Бір кездерде Исабек байдың тері-терсегін күзетіп, есігінде
жүрген жалшы Әміренің сонау Париж сахнасының төрінде ән
шырқап, бүкіл совет өнерінің мақтанышына айналуы қандай
үлкен бақыт, қандай зор қуаныш десеңіздерші.
Әміре Қашаубаев сол Париж сапарынан қайтқан жылдың
күзіне қарсы Қызылорда қаласында жаңадан ұйымдасқан
қазақ драма театрына шақырылады. Онда ол Қалибек
Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Иса
Байзақов, Құрманбек Жандарбеков, Қапан Бадыров сияқты
өңшең өнер қайраткерлерімен қол ұстаса қызмет істеді.
Астана халқына қызықты ойын-сауық көрсете бастады.
195
Театр ең алғашқы жылдары бір пьесаны бүтіндей қоюға
кадр жағының жетімсіздігіне байланысты әрбір сауық
кештерінде, алдымен, пьесадан үзінділер ойнаудан бастап,
аяғын концертпен бітіретін болған. Сондықтан да ол кездегі
ойындарда күштің көбірек салмағы Әміреге түсетін-ді. Себебі
оның жүрекке жылы, құлаққа жағымды сыңғырлаған сұлу
үнімен жан сүйсіндіре салған әсерлі әндерін бір тыңдаған
жұрт қайта-қайта қол соғып, көпке дейін сахнадан жібермей
қоятын-ды.
“Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шамшырағы
жанғандай, жүректі тербеп қуантатын аспандаған қуаныш
белгісі бар. Әміре – әншіліктің ақыны. Әнінің әрбір ырғағына
жанын салған шыншылдығы көрінеді. Оның жүрегінің
түкпірінде жылтырап жанған өнер оты сезіледі”, - деп
Мұхтар Әуезов жазғандай-ақ, оның айтқан әндерін халықтың
аса сүйсіне тыңдайтындығы соншалық, Әміре концертке
шығады деген күні театрға келушілерге тіпті орын да жетпей
қалатын-ды.
Анығын айтқанда, Әміре тек әнші ғана емес, ол керемет
кейіпкер, нағыз актерлік өнердің де үлгісі еді. Мысалы,
сол кезде театр сахнасында жиі көрсетілетін “Еңлік-
Кебек” пьесасындағы Жапалдың, “Айман-Шолпандағы”
Жарастың рөлдері сияқты комедиялық образдарды жасауда
ол көрермендерді күлкіге батыра тым тартымды етіп
орындайтын-ды.
Әрі әртіс, әрі әнші Әміре театрда осылайша қызмет істей
жүріп, советтік өнер қайраткерлерінің құрамында еліміздегі
талай үлкен қалаларды, сонымен қатар шет елдерді де
аралады. Атап айтқанда, ол 1927 жылы сәуір айында
Мәскеуде болған Советтер съезінің делегаттары үшін берілген
өнер шеберлерінің концертіне қатысып, бұл жолы да өте
жақсы баға алып қайтты.
Әміре сол жылдың жазында Германияның Франкфурт
дейтін бір қаласында болған бүкіл дүниежүзілік музыкалық
көрмеге барып, сол көрменің советтік бөлімінде тоғыз
рет берілген концертке шықты. Қазақ әндерін шет ел
халықтарына мейлінше жақсы таныстыра білді. Әміренің
шет елдерге осымен екінші рет баруын еске алғанда, ол қазақ
өнерінің уәкілі есебінде, басқа халықтарды ең алғашқы
аралаған өнер пионері екендігін де айтпай кетуге болмайды.
196
Әміренің әншілік өнері мен адамгершілік қасиеттері
жайлы әңгімелер айта берсе таусылмайды. Алайда, өзімен
бірге қызметтес болған әріптестерінің кейбір қызықты
естеліктерін, сондай-ақ ол жөніндегі қайсыбір музыка
мамандарының ой-пікірлерін және оның озат өнеріне берген
арнаулы бағаларын айта кету керек сияқты. Ең алдымен
советтік қазақ өнерінің ақсақалы Қуанышбаев Қалибекке сөз
берелік:
– Әміренің алқымында үлкен тыныс бар болатын-ды. Ол
әрбір ән айтар алдында сол тынысқа іштегі демін толтырып
алып, оны үнемдеп қана шығаратын-ды. Сондықтан да оның
үні созымды, тынысы кең жататын, керекті жеріне талмай,
еркін жетіп отыратын,- деп бастаған әңгімесін Қалекең.
– Әміренің адамгершілік қасиеті де аса жақсы еді. Ол
өзінің асқан әншілік өнерінің үстіне, жайраң қаққан
жайдары мінезімен де жұртқа жаққан, ақкөңіл, адал ниетті
жан еді. Ол дүние үшін қамығып, қабақ шытпайтын, қолда
барын ешкімнен аямай бөліп беретін аса жомарт адам еді. Ол
әрдайым қағытып қалжың сөздер айтып, қасындағыларды
күлкіге қарқ қылып отыратын өте ойыншыл, әзілқой болатын-
ды. Егер кейде бір нәрсеге ренжісе, үстіңгі ернін томпитып,
төменгі ернін салпитып, балаша өкпелей қалатын-ды. Бірақ,
ол кекшіл емес еді. Демек, сол өкпе үстінде отырғанның өзінде
де, “ой, сорлы Қашаубайдың қасқасы-ай!” – деп бүйірінен
бір түртіп, қытықтай қойсаң болғаны кеңкілдеп күліп, әлгі
өкпесін әп-сәтте ұмытып кететін-ді.
Әміренің басқа әншілерден тағы бір ерекшелік қасиеті
– ол өз репертуарындағы әндерге үнемі өңдеулер жасап,
бұрынғы қалпынан анағұрлым артығырақ ажарландырып
жіберетін. Сондықтан да, оның елегінен өткен әрбір ән өзіне
тән жаңа түр, жаңа ырғақтар тауып, тамаша түрлене түсетін-
ді. Мысалы, “Ағашаяқ”, “Шіркін- ай”, “Баянауыл”, “Қарға”,
“Екі жирен”, “Толқын”, “Қос барабан”, “Қызыл бидай”,
“Жиырма бес”, “Көк көбелек” сияқты көптеген әндерге
қосқан едәуір үлесі бар.
Әміренің үлкен дарын иесі екендігін толық дәлелдерлік
толып жатқан түрлі көрсеткіштер бар ғой. Бірақ та оның
бәрін тәптіштеп, түгел айту үшін көп уақыт керек. Әйтсе де
оның көз көрген кейбір елестерін еске түсіргім келеді.
197
Ерте кездегі ескірек тілмен айтқанда, Әміре нағыз
перілі әнші еді. Олай дейтін себебім: ол әнді жайшылықта
айтқандағыдан гөрі халық аса көп жиналған ұлы дүбір
той-думандарда делебесі тым қозып кететін-ді. Демек, ол
ән айтар алдында томағасын сыпырған қырандай-ақ жан-
жағына жалт-жұлт қарап, қомдана отырып қолындағы
домбырасын безілдете қағып, шырқата жөнелетін-ді. Қандай
күшті айғаймен айтылатын әндерде де оның өңі ешбір
бұзылмайтын еді,- деп баяндайды Қалекең Әміре жайындағы
естеліктерінде.
Әміремен көп жылдар бойы театр сахнасында да,
сахарадағы ауыл еңбекшілері арасында да түрлі ойындар
көрсетіп, көптеген концерттер бергенде жанында бірге жүріп,
бірге тұрған әріптес достарының бірі - Қазақ ССР-ның халық
әртісі Елубай Өмірзақовтың да ол туралы талай қызықты
естеліктері бар. Солардың ішіндегі газет жүзінде жариялаған
мынадай бір естелігін айта кетуді мақұл көрдік:
– Әміренің мінезі жас баланың мінезіндей аса қызық еді.
Алдаса нанатын, айтса тыңдайтын, аңқау да, арлы да адам
еді Әміре. Қарқара жәрмеңкесінде алғашқы ойын көрсеткен
күні “Жұрт көп жиналсын, алдымен сен шырқап ән сал”, –
дедік. Тілалғыш баладай елгезек Әміре айғайға басты. Ән
біткенше сары масаның ызыңы естілгендей тып-тыныш еді.
Әміренің шарықтаған әсем әні аспан әлемін кезіп келіп,
төмендей сорғалап барып, кенет үзіліп тынғанда тып-тыныш
тұрған халайық аттары бәйгеден келгендей-ақ у-шу болды да
қалды.
– Ой, көп жаса!
– Сені тапқан шешеңнен айналса болмас па!
– Уа, бәрекелді, шырағым! - деген алғыс сөздер,
ақсақалдардың айғайы айналаны азан-қазан қылды...
Соншама құрметке жасынан-ақ бөленсе де, жұрт аузына
ерте ілініп, өнерінің игілігін ерте көрсе де Әміре таспайтын,
шарасынан аспайтын аса әдепті жан еді,- дейді Елағаң.
Міне, сол Қарқара жәрмеңкесіне концерт беру үшін барған
бригаданың құрамында Байзақов Иса марқұм да болады.
Оның осы сапарында Әміре жөнінде айтқан естеліктерінің
қысқаша мазмұны былай екен:
– Әміреге аса бір ырза болған жеріміз Қарқара
198
жәрмеңкесінде болды. Бір күні жұрт көп жиналған бір үлкен
концертте бригада құрамындағы өзге орындаушылар ішінде
Әміренің әншілік өнері ерекше көзге түсті. Мүмкін оның
есімін және әйгілі ән шебері екендігін ертеден естігендіктен-
ақ, халық ду қол шапалақтап, құрмет көрсете бастады.
Әміре әдеттегісінше отырғандарға сәлемдесу ишарасын
білдіре, әдеппен басын бір иді де, ортаға қойылған орындыққа
отыра қалып, Қанапияның әнін қалықтата жөнелгенде
жиналған қалың жұрт қыбыр етпестен, үнсіз отырып, ұйып
тыңдай берді. Әміре оған жалғастыра: “Жалғыз арша”,
“Сырғақты”, “Смет” сияқты біраз әндер айтып, енді кетпек
болса дағы көпшілік тұс-тұстан үн қоса айғайлап, “тағы
да айта түссе екен” деп тілек білдірді де, оны көпке дейін
жібермей қойды.
Әуелден ән айтуға ерінбейтін елгезек Әміре халықтың
қалауы бойынша, сол күні тағы да әлденеше әндер айтып,
тыңдаушыларының көңіл сүйінішін дәл тапқандай болды.
Осыған орай, жұрт та оған деген алғыстарын үсті-үстіне
жаңбырша жаудырып, өте ризалықтарын білдіріп жатты.
Ән аяқталғаннан кейін жанында бір-екі жігіті бар, “Қыз
Жібек” қиссасын жазған Шайқы Ыслам Жүсіпұлы сахнаның
сыртына келіп, Әміреге танысты да, үлкен рақмет айтты.
Әміренің бұдан басқа жерлерде де үнемі оза шауып, жүлде
алып жүргенін сан рет көрген едік, солардың ішіндегі бір есте
қалғаны осы,- дейді Иса марқұм.
Әміре туралы айтылған осындай түрлі деректерге
қарағанда, ол театр сахнасындағы еңбектеріне қоса,
үнемі ел аралап, ән айтуды әдетке айналдырғандығын,
сонымен қатар ол қайда жүрсе де халықтан өте жақсы баға
алып отырғандығын аңғаруға болады. Оған дәлел үшін,
жоғарыдағыларға қосымша тағы да мынадай бір фактіні
айталық.
Әміре 1926 жылы театр ұжымының бірнеше адамдарымен
бірге Шымкент, Ташкент қалаларында болып, көптеген
концерттер береді. Ол бригаданы басқарушы Қазақ ССР-нің
халық артисі Құрманбек Жандарбеков сол жүрген сапарында
аталған қала тұрғындарының өздерін тамаша жақсы қарсы
алғандығын, берген концерттерін, әсіресе, Әміренің шырқата
салған алуан әндерін аса назар сала тыңдағанын айта келіп:
199
– Әміренің залды күңірентіп жіберген ащы айғайы мен
сыңғыраған көмейінен бұралып шыққан үнге таңырқамаған
жұрт болмады. Бір кешті Әміренің бір өзі алды, - деп жазған
өзінің “Әміре – топтан озған әнші” деген мақаласында.
Сол сияқты, Әміренің асқан ән шебері екендігі жайлы
советтік қазақ өнерінің көрнекті уәкілдерінің бірі Жұмат
Шанин де және қазақтың музыкалық асыл мұраларын
жинап, оны нотаға түсіруде мейлінше көп еңбек сіңірген
Александр Затаевич те өте жоғары баға берген көрінеді.
Профессор Ахмет Жұбанов 1933 жылдың күзінде Әміремен
кездескенін, оны тыңдап көргеннен кейін өзінің қандай
пікірде болғанын баяндай келіп:
– Әміренің ән формасын жақсы түсінуі, орындау
кезінде дыбыс топтарының өршуі мен бәсеңдеу кездерінің
кездесулерін өте заңды түрде беруі, драмалық және лирикалық
әндердің әрқайсының өзіне тән ерекшеліктерін тауып айтуы,
неше түрлі өрнектер, әшекейлер Кәлләкише (драма театры
ұжымының Қалибекке жақсы көріп қойған аты) айтқанда
“бұрмалары”, “иректері”, біресе самғап көкке шығып, біресе
құлдилап төмен түскендегі ән делбесін (божысын) қатты
ұстап, ерікті үнге біржолата беріп жібермей отыруы, мың
бұралған әсем дыбыстардың бірінен-бірі асып түсіп, еркіңді
билеп кетуі, әсіресе, басқада жоқ (кейін Жүсіпбекте қалған) өз
алдына бір музыкалық “әңгіме” болып жататын домбырадағы
сүйемелі, оқудан жаңа келіп, кең-байтақ Қазақстанның жер-
жерінің әншілік дәстүрімен танысып болмаған біз сияқты
нотаға сауаты бар да, халықтың музыка дәстүрінің небір
жарқыраған асыл тастарының түстерін танып, аттарын біліп
болмаған кісіге ұмытылмастай әсер қалдырды, - деп жазған.
Осылардың бәрін айта келгенде, аса өкінерлік бір жай –
Әміренің өз орындауымен бірде-бір ән пластинкаға немесе
пленкаға жазылып қалмауы. Осыны еске алғанда: Әттең
шіркін! Оның кіршіксіз таза, сыңғырлаған сұлу үні өзінен
соңғылар үшін мәңгі сақталса еді деген ойға келесіз.
Ал, енді бұл жөнінде қуанарлық бір жағдай: “Нелер шебер
ұста бар, олардан қалар нұсқа бар” демекші, оның айтқан
әндерін өз аузынан үйреніп, орындаушылық әдістерінен де
үлгі алған кейбір шәкірттері әнді Әміреше айтуға әдеттеніп,
онан үйренген әлденеше әндерін пленкаға жаздырды.
200
Мысалы, дауыс сұлулығы жағынан болсын, орындау
шеберлігі жағынан болсын, өзінің сол ұстазына өте ұқсас
кешегі Ержанов Манарбек марқұм өзінің бір әңгімесінде:
– Мен Алматыға келіп, ең алғашқы актерлік қызметіме
орналасқаннан кейінгі, көптеген әндер үйренген және ән
айту әдістерінен үлгі алған нағыз ұстазым Әміре болатын-
ды. Менің қазіргі концерттік репертуарымдағы: “Ардақ”,
“Ағашаяқ”, “Үш дос”, “Смет”, “Топай көк”, “Келіншек”,
“Қарға”, “Қорлан”, “Ақ сиса”, “Сырғақты” сияқты әндердің
бәрін де мен содан үйренгенмін-ді,- дейтін еді. Сондай-ақ,
жаңағы Ахаң айтқандай, Әміренің ән айтуға асқан шеберлік
үлгісі Жүсіпбекте де қалған.
Өзінің асқан әншілік өнерімен көпке үлгі көрсеткен
халқымыздың ардагер адал перзенті, үлкен өнер иесі Әміре
Қашаубаев 1934 жылдың күзінде, 42 жасында мезгілсіз
қайтыс болды. Бірақ, оның ардақты есімі ешуақытта
ұмытылмайды, еліміздің есінде мәңгі сақталады. Өйткені, ол
халқымыздың қалаулы ұлы, сандуғаштай сайраған бұлбұлы
еді.
Достарыңызбен бөлісу: |