334
жалтарып, шын мєнiнде онымен б±лар туралы єњгiмелескен
жоќпын, сондыќтан бiлмеймiн деген…»
Жар астынан жау iздейтiн ГПУ-дыњ ќандыќол
ќасапшыларына титтей бiр желеу болатын себептiњ μзi жетiп
жатыр едi. Єйгiлi єншiнiњ басынан μткен мына оќиѓа олар
‰шiн сондай iздегенге – с±раѓан, таптырмайтын жайттың
бiрi болып шыѓа келдi. Б±лардыњ сандыраѓы бойынша ендi
М±стафа Шоќаев Кењестер Одаѓы аумаѓындаѓы ±лтшыл-
буржуазиялыќ ±йымдармен Ємiре Ќашаубаевтыњ тiкелей
кμмегi арќылы байланыс жасап т±рыпты-мыс. Жоѓарыдаѓы
мєлiметтердi де єншi жолдап отырыпты-мыс. Арада аз уаќыт
μткенде, єлгiндегi аќпаратты негiзге алѓан таѓы бiр ќ±жат
μмiрге келдi. ОГПУ меморандумы атанѓан ол былай сайрайды:
№2 Меморандум
Эмигрант Мұстафа Шоқаевты арнайы талдау.
1925 жылғы 1 қазандағы мәлімет бойынша.
Тамыз айындағы №1 Меморандумға қосымша, Семей
губерниялық органының агентуралық мәліметтері бойынша,
әнші Әміре Қашаубаев Семейдегі «Қазақ тілі» газетінің
редакциясына кіріп, редакцияның хатшысы Смағұловқа,
қызметкері Дөнентаевқа және басқаларға өзінің Парижге
барған сапары және онда көрнекті эмигрант Мұстафа
Шоқаевпен кездескені туралы айтқан...(Бұдан әрі жоғарыда
келтірілген Шұғыл ақпараттағы мәліметтер келтіріледі
-Ә.Б.)
Қозыбағаров пен Белгібаевтардың сол мәліметтері
бойынша, Парижден оралған Қашаубаев онда Мұстафа
Шоқаевты көргенін айтқан. Соңғысы жуырда Берлиннен
келген. Қазіргі таңда түрлі баспасөз органдарында қызмет
істейді. Отанға оралуға үлкен ықыласы бар, бірақ қуғын-
сүргіннен қауіптенеді. Қашаубаев Белгібаевқа Шоқаев пен
өзінің Парижде түскен суретін көрсеткен...
Достарыңызбен бөлісу: