Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет103/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

М а й р а
Таралған Керекулік аты Майра,
Тоқтаусыз ән шырқаған осындайда.
Қолына сырнай алса деп шырқайтын:
- «Отыз тіс, көмекейде тілім сайра!».
Майраның жүрген жері, базар-думан,
Ол емес: атақ іздеп, ақша қуған.
Күндіз-түн ән салудан жалықпайтын,
Бұлбұлы өз халқының асыл туған.
Әміре жақсы білген оның жайын,
Өткізген талай тойды бірге дәйім.
Ән салса, бірі бастап, бірі қостап,
Қыздырған той қызығын одан сайын.
М ә у л і к е й
Өлең, жыр халық көңілін жүдетпейді,
Сол үшін жыршы, ақынды құрметтейді.
Жанынан жыр суырып, ағызатын,
Кім білмес асқан жыршы Мәулікейді.


375
Мәулікей қашан болса жиын сәні,
Ол айтса сөзге құлақ түрер бәрі.
Термелеп бастар жырды қоңыр үнмен,
Лебізі жанға жылы, терең мәні.
Б о р а н б а й
Ел қанық оның-дағы есіміне,
Жетімдік тырнақ салып бесігіне,
Жас күннен жалға жүріп, тамақ іздеп,
Телмірді асы бардың есігінде...
Тағдырдың сол сынына мойымастан,
Өнер іздеп құлшынған ойы бастан.
Боранбай сырнайшы боп содан бері,
Қалмайтын құтты қонақ, ойын, астан...
***
... Татар жігіт төрдегі толық, семіз,
Аты – Ақат, ақылы мен қайраты егіз.
Тіл қатты Әміреге жылы жүзбен
- Тілегім бар, айтайын, рұқсат деңіз.
Атыңызға құмартып келген едік,
Естуге әсем ән мен тәтті лебіз...
Бастады Әміре де жалынды әнді,
Сүйсініп тыңдаған жан жадырады.
Сырнайға қосылған ән тынған кезде
Қолына алды сырлы домбыраны.
Асау ән аспан өрлеп, бұлтқа шықты,
Айғайға орман іші жаңғырықты.
Әсем әуен бойды алып, елжіретіп,
Мәжіліске әкелгендей бар қызықты.
Ән, жырмен дауылдасып, мәжіліс қызып,
Шаттықтың дариясына еркін жүзіп –
Отырған дарқан топқа бір тентек кеп
Жіберді мәжілістің шырқын бұзып.
Сол тентек беті бұжыр, түсі суық,
Төрдегі дембелшеге таяп жуық:


376
- Мені ешкім елеген жоқ, - деп кіжінді –
Көрмедім мұндай қорлық өзім туып.
Мына мен жиын-тойды көргем талай,
Шыдайын бұл қорлыққа енді қалай.
Менің әкем атақты Семей байы,
Басынып кетіпсіңдер өңкей малай...
Мұндайда ашу кернеп, қызады қан,
Шыдамай жәбір сөзге ызаланған –
Орнынан ұшып тұрып балуан – Ақат:
- Кет, – деді – жаның барда бұл арадан.
- Кетпеймін, сөйлеме сен, босқа тантып, -
Деді де кірді ортаға баса тарпып.
Ашулы Ақат сотқардың оң жағынан
Жіберді шапалақпен тартып-тартып.
Осыны күтіп тұрған сотқар дүлей,
Жұмсады жұдырығын үдей-үдей.
Сатыр-сұтыр төбелес, шаң-шұң айғай
Жиын, топ болып кетті алай-түлей.
Әміре көрген мұндай лаң жайды,
Ұрыс, жанжал бар жерде тұра алмайды.
Топ ішінен тезірек аулақ шығып,
Кетуге басқа жаққа ыңғайланды.
Аралда аз жүрген жоқ жолдас, таныс,
Әмірені құрметтейді жақын, алыс.
Бұрылып Ертіс жаққа кетпек еді,
Естілді: Әміре аға, – деген дауыс.
Ұзын бойлы, жирен мұрт жасөспірім,
Сәлем беріп, Әміреге айтты сырын:
- Төлеу аға жіберді сізді әкел, – деп
Аралдың сүзіп өттім ойын, қырын.
Төлеу – ол бір жұмысшы Затондағы,
Өзі жомарт, ер жігіт қатардағы.
Еңбектен қолы боста ермегі ән, күй,
Өмірдің – мұны үйреткен қатал заңы.


377
Әміренің көңілдес, досы қимас,
Ақ жарқын, адал жолдас, жақын сыйлас.
Көңіл қалмай бірге өскен тату, құрбы
Ол шақырса бармауы – салтқа қиғаш.
Жеделдеп күткен жұртқа қадам басты,
Көрген жерде шұрқырап амандасты.
Жайдары, жүздерінде күлкі, шаттық,
Қуанып, отырған жұрт судай тасты.
Байсалды сөйлеп кетті досы Төлеу:
- Сен бір жан ортамызда дарқан, медеу.
Үніңді естімекші мынау жұртың,
Өнерің – жабырқаған жанға демеу.
Аман бол, халқың үшін, заман үшін,
Өнермен бақытыңды табарың шын.
Кедейлерге үкімет өзі қамқор,
Өсірмек талаптысын, бағалысын...
Соны айтып құшақтады сүйіп досын,
Бұл қашанғы әдеті, емес тосын.
Ұстатты қолға сырлы домбыраны
Азырақ көтермекке көңіл хошын.
Қолына тиюі мұң домбыраның,
Ырғағы зулап өтті әрбір әннің.
Әсерлі асқақ үнмен кетті бастап
«Сырымбет» дейтін әнін сері Ақанның.
Бұдан соң басты сүйген «Қарғасына»,
Толқыған еркелік наз арнасында.
«Аққұм» мен «Қанапия», «Жамбас сипар»,
Асыл ән бір-біріне жалғасуда.
Ән саулап құйылғандай бұлағынан,
Әсем саз кетпей қойып құлағынан:
- Бәрекелді, көп жаса, десіп жатыр,
Тыңдағандар шыққандай құмарынан...


378


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет