126
127
Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
Сағынып сонда
Сары бидай әнін салғаным.
Қойды басым арылмай бұлттан бір күн,
Сенсіз жалған секілді өмір, шіркін
Сары бидай,
Сағындым, қалқа, ауылыңды-ай.
Ат терлетіп алыстан барғанымда,
Ақ маралдай керіліп шықсаң, шіркін!
Бұл дегеніңіз өткен ғасырда ғана дүниеден өткен Сәдіқожаның (1917–
1946) шығу тарихы белгілі «Сары бидай» әніне жасалған
қиянат емей, не-
мене. Осындай қиянат көргендердің қатарында еліміздің батыс өлкесінің
әндері: «Шашбаулым», «Ақ ерке», «Жылыой», сондай-ақ Кененнің «Тік
шырқау» әні бар.
Зорлықшылар осы бетте еш қымсынбастан Мұстафа Бүркітбайұлы-
ның (1853–1880) «Бүркітбай» әніне ауыз салады. Ол аздай, оған да
«әдемі тарих» ойлап табады: «Ақбет», «Қыз келбеті», «Ойлан, Ақбет»,
«Қош бол, Ақбет» әндерін Сегіз сері Баянауыл өңіріне барғанда Ақбет
сұлу Бүркітбайқызымен танысып, соған арнап шығарыпты. Ақбет әнінің
мәтіні өзгеріске ұшырап, осы күні «Бүркітбай» әні деп бұрмаланып
айтылып жүр. Сегіз серінің «Қайран жастық», «Назқоңыр», «Ақбет»,
«Қыз келбеті», «Ойлан, Ақбет», «Қош бол, Ақбет»
әндерінің шығу
тарихын, мәтіндерін Павлодар облысының Лебяжье ауданындағы
Шарбақты ауылында кездесіп, Темірғали деген ән орындаушыдан,
Павлодардағы Түсіпбай қариядан ағарту ісінің үздігі Елеуке Қалданов
1940 жылы жазып алыпты»
70
. Өй, дөйт де! Қиыстырып айпаған соң
өтірікке де обал-ау осы. Расында да, атақты композитор Мұстафа
Бүркітбайұлы, оның апасы Ақбет сұлу – екеуі де қазіргі Павлодар об-
лысы Баянауыл ауданында туып-өскен адамдар. Десек те, Сегіз серінің
1854 жылы өмірден өтіп кеткенін, ал, Мұстафа Бүркітбайұлының бұл
уақытта жаңа ғана дүние есігін ашып жатқанын қайда қоямыз.
Кезінде
осы өтірігінің ізін жасыру үшін Қ.Биғожиннің Мұстафа Бүркітбайұлын
70
Сегіз сері (Мұхамед-Қанафия) Баһрамұлы. Таңдамалы шығармалары. 1-том. – Петро-
павл, 2003. 313–314-б.
1806 жылы «туғызып», 1833 жылы «өлтіргенін», бұған кәдімгідей сеніп
қалған зерттеуші Жәнібек Кәрменовтің өзінің «Халық әндері мен халық
композиторларының әндері» атты кітабына бұл деректі еш тексерместен
(әлде Қ.Биғожиннің қатты қолқалауымен) кіргізіп жібергенін білеміз.
Жәнібек ағамыз былай дейді: «Әнші, зерттеуші Мұстафа (1806–1833)
Омбыдағы офицер мектебінде Сегіз серімен бірге оқыған. Ереймен тауға
жазғы демалысқа барып, руы Қанжығалы Қасқара деген қайнағасымен
күресіп, мертігіп 27 жасында қайтыс болды»
71
. Сегіз сері Баһрамұлын
тарихи тұлғаға айналдыру жолында «сегізтанушылар» кісі өлтіруден
тайынбайтындай. Шынында да, 1853–1854 жылдар шамасында туған
адамды, шімірікпей 1833 жылы «өлтіре салу» сұмдық емес пе? Бұл
қадамға «сегізтанушылар» Сегіз серіні Мұстафамен «курстас» қылу үшін
барғандығы сезіледі. Арғы жағы белгілі: Мұстафа
мен Сегіз сері жазда
Омбыдан Баянауылға «каникулға» келеді. Сол жолғы сапарында Сегіз
сері Мұстафаның апасы Ақбет сұлумен танысады. Мұның соңы Сегіз
серінің «жүрегін жарып» шыққан: «Ақбет», «Қыз келбеті», «Ойлан,
Ақбет», «Қош бол, Ақбет» әндеріне ұласады. Әдемі, жұп-жұмыр әфсана
ойлап тапқандары үшін «сегізтанушыларды» құттықтап қоюға болар еді.
Өкінішке қарай, Мәшһүр Жүсіптің мына жазғандары әдемі әфсананының
тас-талқанын шығарғаны. Сол заманның куәгері Мәшһүр Жүсіп былай
дейді:
«Мұстафаның туып-өскен жері – Сарыарқа: Баянаула тауы. Туған
Достарыңызбен бөлісу: