Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е


абылай хан Керей Қожаберген жырауға Абылай: «Мені мақтап жыр айтшы», –



Pdf көрінісі
бет31/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Байланысты:
4e45f92ea0ff4fec2c6ff574a05c0dce

абылай хан
Керей Қожаберген жырауға Абылай: «Мені мақтап жыр айтшы», – 
деді. Қожаберген айтты: 
– Абылай, сен мен көргенде, тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр 
едің; Әбілмәмбет ағаңа қызметкер болған ұл едің; Үйсін Төле билердің 
түйесін баққан құл едің. Сен жиырмаға келгенде, ақ сұңқар құстай 
түледің. Алыстан тоят тіледің: ақтан болды күніңіз, арсы менен 
күрсіге, дау таласты үніңіз, енді сіздің бұл күнде, бір көшеге сыймайды 
азаткерде құлыңыз
62
.
61
Бұл да сонда – 161-б.
62
Ыбырай Алтынсарин. Кел, балалар, оқылық. – Алматы, 2006. – 69-б.
Қазақтың жазба һәм ауыз әдебиетінің арғы-бергі тарихында Қожабер-
ген жырау туралы хатқа түсіп сақталып жеткен бір ауыз сөз, міне, осы 
ғана. Алайда, мұндағы Қожабергенге таңылған жыр жолдарының Бұқар 
жыраудың Абылайға айтқан атақты толғауынан үзінді екені көрініп тұр.
Айтпақшы, тарихта жырау емес, батыр Қожаберген бар. Ол он екі абақ 
керей Шұбарайғыр Қожаберген (1725–1794). Бұл Қожаберген жөнінде 
орыс пен қытай мұрағаттарында деректер жеткілікті. Соның бірсыпыра-
сын белгілі зерттеуші, ғалым Зарқын Тайшыбай өзінің «Қазақтың
ханы – Абылай» атты екі томдық еңбегінде жариялаған болатын («Қазақ-
тың ханы – Абылай: Дәуірі, өмірі мен қызметі (ғылыми басылым). – Алма-
ты: «Ел-шежіре» ҚҚ, 2011).
Екі томдық еңбекте Қожаберген батыр туралы деректердің молдығы-
нан көз тұнады. Сондықтан олардың ішінен тек екі-үшеуін ғана екшеп 
алып бергенді жөн көріп отырмыз. 
1757 жылғы 30 қыркүйек
Железин бекінісінен түскен рапорт
... Қыркүйектің 30-күні Железин бекінісінен рапорт алдым. Ертістің 
қыр жағынан кімдікі екені белгісіз көп әскер қалың көш түрінде 
келіпті... Сол әскерден алты салт атты адам, екеуінің мылтығы бар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет