130
131
тып отырып, арасында жылап алушы еді жарықтық. Ақсақалмен бір-
неше кездестік. Ылғи жүдеп жүреді. Күн көрсетпейтін орыс кемпірі бар.
Бір күні көшеде кездейсоқ ұшырастық. Іңір қараңғылығы кіре бастаған
алагеуім шақ еді. Кемсеңдеп жылап қоя берді. Орыс кемпірі үйінен қуып
шығыпты. Өмір бойғы салған картиналарын бұл жоқта қоқысқа лақ-
тырып, өртеп жіберген. Орыстанып кеткен жалғыз ұл Мәскеу асып, сол
жақта үйленіп, біржола қалып қойған. Шалдың қайғысы тым ауыр еді.
Сол түні күздің қара суығында бүрсеңдеп, бір замандасының үйіне қонуға
кетіп бара жатты. Кейін Қарағандының қарттар үйінен қоныс теуіпті.
Бертінде сонда қайтыс болды деп естідім. Иманды болғыр, сол кісі осы
«Қанатталды» жайында былай деп еді: «Мұны әкем ақ қашып, қызыл қуған
заманның әні деуші еді. Шығаруын Сәтмағанбет шығарған. Бірақ бертін
келе әні де, сөзі де тым өзгеріп кетті. Әсіресе, сөзі көп жұлмаланған».
Содан кейін: «Әкем былай айтушы еді», – деп «Қанатталдының» мүлде
тосын сөздерін жазғызды:
Ғашықтық – бір ыстық күн желі тымық,
Басына түскен жанның көңілі сынық.
Қаратпас бай-жарлының шамасына,
Адамды желіктірсе жігітшілік.
Бұрынғы қолдағы істің бәрі қалды,
Біртіндеп төл мінезді заман азды.
Асылзат шаһибаздар шабыт таппай,
Шөлге ұшып, сайын далада қанат талды.
Осы кітапты жазу барысында Хабиба әжейден «Қанатталды» жа-
йында сыр тарттым. Ол кісі әннің сөзін өзгерткен Орынбек Беков, алай-
да, Орынбек өзгерткен сөздер де біреулерге ұнамай, Қанабек Байсейітов
біраз жерлерін өңдеді деді. Алғашқыда Орынбек Беков нұсқасы былай
болғанға ұқсайды:
Достарыңызбен бөлісу: