Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е


қанапия  Қанапия Басығараұлы Орындаған Жүсіпбек Елебеков қанапия



Pdf көрінісі
бет57/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65
Байланысты:
4e45f92ea0ff4fec2c6ff574a05c0dce

қанапия 
Қанапия Басығараұлы
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
қанапия
Жасымнан көп салдырдым қаршығаны, 
Аққан тер маңдайымнан тамшылады. 
Ныспымыз Қанапия болғаннан соң, 
Жиылып өңшең қашқын жамшылады. 
Жасымнан қарсы болдым ханзадаға, 
Жүйрік ат жараспай ма бозбалаға, 
Баласы Басығара Қанапия
Жем болдым ала қыстай қандалаға. 


240
241
Әудем жер жүре алмаймын аяғымнан, 
Ұстаймын екі қолдап таяғымнан. 
Сайраған орта жүздің бұлбұлы едім, 
Кәрілік келіп қалды қай жағымнан. 
Әудем жер жүре алмаймын белім ұйып, 
Кім сүйер кәрілікті жанын қиып. 
Бір тиын біреу берген пайда көріп
Жүремін жас адамдай дүние жиып. 
ӘУДЕм ЖЕр 
Ақан сері
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
Әуеде ұшып жүрген көк көбелек, 
Жазайын дертің болса су себелеп. 
Кеткенде ауылың шалғай, ей, перизат, 
Жортайын аш бөрідей тау жебелеп. 
Ауылым көшсе қонар Көлқопаға
Ғашық ем, мен де өзіңдей бір ботаға. 
Кебістің жалаң аяқ басын киіп, 
Шығарып салушы едің тең ортаға.
КӨК КӨБЕлЕК 
Ақан сері
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


242
243
Жел болса, қамыс басы майда деймін, 
Ат қостым, ат айдаушы, айда деймін. 
Алдыңғы ат, баран болмай, қылаң болды, 
Жығылмаса Құлагер қайда деймін. 
Ор болып қалушы еді шапқан жерің, 
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің. 
Атығай-Қарауылға олжа салған, 
Бота тірсек, қыл сағақ, сандал керім. 
Шыныңмен өлгенің бе, Құлагерім, 
Салбырап сапты аяқтай төменгі ернің. 
Баспа-бас, қызға бермес жануарым, 
Мың зарламай, басылмас, менің шерім. 
қҰлагЕр 
Ақан сері
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
Үйірі қысырақтың мақпал қара
Шашыңды күндіз жуып, түнде тара. 
Алыстан ат терлетіп келгенімде, 
Ей, Мақпал, қырындамай бермен қара. 
Ей қалқа, ризамын сертке жетсең, 
Жерлерден қиын-қыстау аман өтсең. 
Жанымды бір шыбындай көрмеуші едім, 
Қайтейін, ғашығыңды зар еңіретсең. 
мақпал 
Ақан сері 
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


244
245
Жігіттің падишасы Әмір-Темір,
Бозбала өлең айтсаң қайғың кемір.
Кешегі бес болыстың съезінде,
Шығарған Ақан сері «Майда қоңыр».
Сұлу ат, жақсы әйел – ер қайрағы, 
Жігіттің болып өстім бозтайлағы. 
Қағаз шай, ащы насыбай – ер арқасы, 
Күйіңе түсіреді қай-қайдағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет