Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е


Қайырмасы:  Жер шоқтығы Көкшетау,  Тал-қарағай бақша-бау.  Бауырыңда бар сексен көл,  Желің жұпар аңқиды-ау.  Жалғыз арша



Pdf көрінісі
бет56/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65
Байланысты:
4e45f92ea0ff4fec2c6ff574a05c0dce

Қайырмасы
Жер шоқтығы Көкшетау
Тал-қарағай бақша-бау. 
Бауырыңда бар сексен көл, 
Желің жұпар аңқиды-ау. 
Жалғыз арша 
Біржан сал
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


230
231
Жалғыз арша
Қарқаралы басында жалғыз арша, 
Хатқа жүйрік, сол қалқа зерек сонша. 
Кішкентайдан бірге өскен сәулем едің, 
Ғұмырың аз ба, көп пе, қалқаш-ау, әлде қанша? 
Қайырмасы: 
Өттің жалған, 
Кештім сайран. 
Уа шіркін, қыз бала-ай. 
Жастықтың әсерімен 
Салдым сайран. 
Көл жағалай бітеді көкше құрақ, 
Ән салмағың қайда еді, Ләйлім шырақ. 
Қозыбайдың үйінде мәжіліс боп, 
Ән екен Біржан салған жайма-шуақ. 
Қайырмасы: 
Өттің жалған, 
Кештім сайран. 
Уа шіркін, қыз бала-ай. 
Жастықтың әсерімен 
Салдым сайран. 
ЖанБоТа 
Біржан сал
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


232
233
ЖанБоТа
Жанбота, осы ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің.
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьядан көргендерің.
Жанбота, өзің болыс, әкең Қарпық, 
Ішінде сегіз болыс, шенің артық, 
Өзіңдей Азынабайдың поштабайы, 
Бір қойып домбырамды қалды тартып. 
Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ 
Таудан аққан құм қайрақ, сен бір бұлақ. 
Қайыс болсын, жіп болсын өзіме бер, 
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ. 
Өзіме бер шідерім тауып алсаң, 
Елу теңге берер ем сүйінші алсаң. 
Жерге шіріп қалса да өзіме бер 
Шыбын жаным қиылсын, бітім алсам. 
лӘЙлім шырақ 
Біржан сал
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


234
235
Қарағым, айналайын, асыл туған.
Сорлы әкең жаяу жүріп закон қуған.
Мұсамен қағаздасып жүргенімде,
Салықжан, айналайын, сонда туған.
Қайырмасы:
Ау, әлдижан, бәлдижан, 
Денем сүйген құснижан. 
Ахоу, Гаухар қыз, 
Алма мойын, қоңыр қазым.
Ішуге Омбы барып шай таппадым, 
Қайтейін, шіркін көңіл, жай таппадың. 
Жұлдызға аспандағы қолым сермеп, 
Торыдай жауыр болған қайқақтадым. 
гаУһар қыз 
Жаяу Мұса
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
Ал, «Көкаршын» ән еркесі баппен айтса, 
Ер жігіт не болады серттен тайса. 
Ән болмас «Көкаршындай» қайда барсаң, 
Ән білем деген адам шынын айтса. 
«Көкаршын» көңіліме қонған әнім
Сүйеді сұлу әнді менің жаным. 
Айғайлап, аспандатып жүз құбылтсам, 
Кетеді бойым балқып, қызып қаным. 
КӨКаршын 
Жаяу Мұса
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


236
237
Келдім Сапар басыңа, 
Жалғыз Салық қасымда. 
Өтіп бір кеттің дүниеден, 
Отыз жеті жасыңда. 
Көңілім менің тасыды
Тасыған көңілім басылды. 
Артында қалған екі балаң, 
Апалап кімге асылды. 
сапар 
Жаяу Мұса
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
Дариға, іш күйеді зорлығына, 
Сенді ғой мал басының молдығына. 
Қорқамын тағы дүре соға ма деп, 
Сонда да шыдамаймын қорлығына. 
Мен міндім майдажал мен қазмойынды 
Мекенім – Баян тауы кейін қалды. 
Қорлыққа жаста болсам шыдай алмай, 
Өмірім Мұсаменен дауға қалды. 
хаУлаУ 
Жаяу Мұса
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


238
239


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет