Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет58/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65
Байланысты:
4e45f92ea0ff4fec2c6ff574a05c0dce

маЙДа қоңыр 
Ақан сері
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
гаУһарТас
Жарылғапберді
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


246
247
гаУһарТас
Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан, 
Шолпандай таң алдында жалғыз туған. 
Жылы су, қолда құман, қарда орамал
Жібекпен қызыл кәріс белін буған. 
Қайырмасы: 
Беу-беу, Гауһартас,
Құсни құрдас. 
Раушан жүзіңді көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас.
Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң, 
Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң. 
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп, 
Әсеммен жүйрік аттай мойын бұрған.
Қайырмасы: 
Беу-беу, Гауһартас,
Құсни құрдас. 
Раушан жүзіңді көргенде, 
Сәулем-ау, сабырым қалмас. 
Ата-анаға көз қуаныш, 
Алдына алған еркесі. 
Көкірегіне көп жұбаныш, 
Гүлденіп ой өлкесі. 
Жасында күтті, 
Дәме етті, 
Босқа өтті. 
Оқытарсың молдаға оны, 
Үйретерсің әр нені. 
Медеу етіп ойы соны
Жаны тыныштық көрмеді. 
Еркелік кетті, 
Ер жетті, 
Не бітті. 
Ата көңілі жанбаса бір, 
Артық өнер шықпаса, 
Ел танымай, үй танып құр, 
Шаруасын да ұқпаса. 
аТа-анаға КӨз қУаныш 
Абай
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


248
249
Үміт қайда, 
Соны ойла, 
Абайла. 
Сүйер ұлың болса, сен сүй, 
Сүйінерге жарар ол. 
Сүйкімі жоқ құр масыл би, 
Сүйретіліп өтер сол. 
Табылмас хайла, 
Ойбайла, 
Не пайда. 
Тәңірі қосқан жар едің сен, 
Жар ете алмай кетіп ең. 
Ол кезімде бала едім мен, 
Аямасқа бекіп ең. 
Талақ етіп бұл ғаламды
Болды мәлім кеткенің. 
Кінәсі жоқ жас адамды, 
Қатты соққан не еткенің?
Елжіреген жас емес пе ем?
Еппен айтсаң жұбатып. 
Мен ғашыққа мас емес пе ем?
Кетсең еді ұзатып. 
Сен жаралы жолбарыс ең, 
Мен киіктің лағы ем. 
Тірі қалдым өлмей әрең, 
Қатты батты тырнағың. 
ТаТьянаның Әні 
Абай
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


250
251
Бір ән тауып Әлекең бер деген соң
Матайды алыс, бірталай жер деген соң. 
Он минутта ойыма осы ән түсті, 
Қапаш-құпаш қолымды сермеген соң. 
Ішік кидім бұлғыннан, құндыз жаға, 
Жас дәуренді өткіздік бермей баға. 
Ақылжан деп тұрушы еді талай қыздар, 
Сұмдық шықты дейтұғын, Ақыл аға. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет