Бағдарламасы бойынша шығарылды т 78 ТӨлеутай е



Pdf көрінісі
бет54/65
Дата23.09.2022
өлшемі15,1 Mb.
#39929
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65
Байланысты:
4e45f92ea0ff4fec2c6ff574a05c0dce

Қайырмасы
Ақсұңқарым Жібегім, 
Бір өзіңде тілегім. 
Сегіз жылдай сергелдең
Бір сені ойлап, жүдедім. 
Ай! Сүмбіл шаш, сен уайым, 
Беу, жұбайым, 
Жан сәулем, айта беріп, 
Не қылайын. 
Сұм жалған сегіз жылдай қолды матап
Жолыңа шыға алмадым сарбас атап. 
Аққуым айдын көлде жеке жүзген, 
Жүрмісің іліктірмей жаман атақ. 


218
219
назқоңыр
Халық әні
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін,
Кел десең неге аяйын аттың терін.
Сары ағаш сазға біткен секілденіп,
Қай жерде отыр екен бұраң белім.
Базардан алып келген күміс құман,
Жігітті адастырған қалың тұман.
Арадан қыл өтпестей тату едік,
Біздерге қастық қылған қай антұрған.
Дегенде Перуайым, Перуайым, 
Түседі сізді ойласам сары уайым. 
Өзімнің тұсымдағы шолпанымсың, 
Біреудің мен не қылам күн мен айын. 
Қарағым, айналайын, орта бойлым, 
Айырып сары майдан торта қойдым. 
Өзіңді бұл арадан көрсем дағы, 
Атыңды «күлімкөз» деп жорта қойдым. 
пЕрУаЙым 
Халық әні
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


220
221
Мінгенім дәйім менің Сұржекейім
Бүлкілдер әнге салсам көмекейім. 
Кіші іні, үлкен аға бас қосқанда, 
Бүлкілдеп Сұржекеймен бір өтейін. 
Сұржекей, әсем басып елеңдейсің, 
Бой жеткен сұлу қыздай көлеңдейсің. 
Мойныңды бұрып салып, құлақ тігіп
Мінгенде көңілің шалқып, көкке өрлейсің. 
сҰрЖЕКЕЙ 
Халық әні
Орындаған Жүсіпбек Елебеков
Дегенде Шапибай-ау, Шапибай-ау, 
Атымды талға байлап, келдім жаяу. 
Атымды талға байлап, келсем жаяу, 
Шапи қыз жатыр екен, ұйқылы-ояу. 
Боз үйге ай сәулесі нұрын төгед
Шапи қыз, сәлем айтып келсін деп ед. 
Шомылған айдын көлде аққудай боп, 
Бұраң бел сылаң етіп шыға келед. 
шапиБаЙ-аУ 
Халық әні
Орындаған Жүсіпбек Елебеков


222
223


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет