жұрты болады. Үш жұрт та жанашыр, сүйеніш, қорғаныш.
Нағашы жұрты – «сыншыл жұрт» деп аталады.
«Жақсылығыңа сүйінеді, жамандығыңа күйінеді. Əрқашан
тілеуіңді тілеп, қамқоршы болады» - деп айтады.
Нағашы немесе нағашы жұрт –
туыстық атау болып
саналады. Нағашы жұрт – туған ананың əке-шешелерінен
бастап, барлық аталас ағайын-туыстары, яғни оларды «нағашы
апа», «нағашы жеңге», «нағашы қарындас», «нағашы іні»,
«нағашы аға», «нағашы əже» деп атайды.
Жиен
– қыздан туған бала. Нағашы ауылы үшін
ең аса
қадірлісі. Ол нағашыларынан үш рет қалаған нəрсесін алуға
құқылы. Оған ұрсуға, сөзін кектеуге болмайды.
Бөле
– апалы-сіңілілі қыздардың балалары бір-біріне «бөле»
болады. Бір-бірімен өте тату болады.
ЖАЗЫЛЫМ.
2-тапсырма. Орфографиялық нормаларды сақтап, тыныс
белгілерді
дұрыс пайдаланып, əркім өз нағашысы туралы
суреттеп жазады.
Үлгі:
Менің нағашыларым бар. Олар ауылда тұрады.
Нағашы
атам мен əжем - зейнеткерлер. Нағашыларым - анашымның
туыстары. Менің анам үйінің тұңғышы.
Оның бір бауыры, екі
сіңлісі бар. Мен нағашыларыма жиен боламын…
Назар аударыңыз!
ауыспалы
келер
шақтың
көпше
түрінің
жасалу
жолдары:етістік +а/е/й +жіктік жалғауы+көптік жалғауы
1 Біз
етістік +а/е/й +жіктік
жалғауы -мыз, -міз
бар+а+мыз,
кел+е+міз,
ойна+й+мыз
2 Сендер етістік +а/е/й +жіктік
жалғауы сың,сің+лар/
лер,дар/дер, тар/тер
бар+а+сың+дар,
кел+е+сің+дер,
ойна+й+сың+дар
Сіздер етістік +а/е/й +жіктік
жалғауы -сыз,-сіз+
лар/
лер,дар/дер, тар/тер
бар+а+сыз+дар,
кел+е+сіз+дер,
ойна+й+сыз+дар
3 Олар
етістік +а/е/й +жіктік
жалғауы -ды,-ді
бар+а+ды, кел+е+ді,
ойна+й+ды
Достарыңызбен бөлісу: