Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет23/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83
Байланысты:
Снимок экрана 2022—09—08 в 14.18.19

ТЫҢДАЛЫМ. 
3-тапсырма. Талқылау: «Не ексең, соны орасың» қысқа
сюжетті тыңдап, мағынасын ашу, өз ойларымен бала
тəрбиесіне байланысты мысалдар келтіру.
АЙТЫЛЫМ
Диалог, отбасын сипаттау.
4-тапсырма.
4.1 Топтастыру (стикерге жазылған «əке, шеше, бала» сөздері
арқылы).
4.2 Топтық жұмыс. Стикерде берілген сөзді оқып, сол сөзге
қатысты мақал-мəтел, жұмбақ, жаңылтпаш, не тақпақ айту.
4-ТАҚЫРЫП. ТАТУ ОТБАСЫ.
Грамматика: ауыспалы келер шақтың көпше түрі
ЖАЗЫЛЫМ.
1-тапсырма. Жаңа сөздерді жазып, сөз тіркестері мен сөйлем
құрау, мағынасын түсіну.
ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ: ата-ана, құрметтеу, ақыл-ой, па
расат, перзент, ренжіту, көңіл-күй, қажет, өйткені, тегі, жан-тəні,
тəрбие, іс жасау, жақсылық, лайықты, жан, бағаламайды,
шынайы, жеміс ағашы, күту, дəмді, ізет, ізгі-тілек, құндылықтар,
өсиет.
 ТЫҢДАЛЫМ


2-тапсырма. «Ата-ананы құрметтеу» тыңдалымын тыңдап,
сұраққа жауап беріңіздер:
Ата-ананы құрметтеу үшін қандай құндылықтар қажет?
Құндылықтарды кластер бойынша жазып шығыңыз.
• ОҚЫЛЫМ
3-тапсырма. Мəтіннен тірек сөздерді табу, ұқсас заттарды
салыстыра сипаттау
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке
адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін,
мəдениеттілігін тəрбиелеуде отбасы басты рөл атқарады.
Отбасы – бала тəрбиесінің ең алғашқы баспалдағы.
Отбасында баланың ер жетіп өсуі мен адамға қажетті ең
алғашқы асыл қасиеттер қалыптасады. Сондықтан əр отбасы
тату, берекелі, шынайы, адамгершілік қасиеттерге мол жəне
сыйластық орнаған орта бола білуі керек.
Отбасының əрбір мүшесі өзара сыйласып, бірін бірі
құрметтеп, түсінушілік танытып отырса, бала да содан үлгі
алады. Ата-ананың мейірімі мен махаббаты, ата-əженің айтқан
ақылы мен өсиеті қазақ отбасында бала тəрбиесіндегі ең басты
құндылықтар. Ал жақындарына, туған-туысқандарына деген
сүйіспеншіліктен Отанға деген ыстық сезім бастау алады.
Сондықтан отбасын Отанның кішкене бір бөлшегі ретінде
қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет