АЙТЫЛЫМ. Диалог, отбасын сипаттау. 4-тапсырма. Топтық жұмыс: І топ. «Бақытты отбасы» көрініс көрсету.
ІІ топ. «Отбасы қандай болу керек?» постер құру.
ІІІ топ. «Отбасы құндылықтары» кластер құру.
ІҮ топ. «Отбасы бақытты болу үшін не істеуге болады?» эссе
жазу.
Əдебиеттер: [7.1.2], [7.1.3], [7.2.4.], [7.2.3.9]
4-апта : УАҚЫТ МЕНЕДЖМЕНТІ 1-тақырып: Уақыт қымбат
Грамматика: етістік+у тырысады, етістік +уды ұнатады құрылымы
Назар аударыңыз! Етістік+у тырысады Ол берілген тапсырманы уақытында орындауға тырысады. Етістік +уды/уді ұнатады Қанат бос уақытында кітап оқуды ұнатады. ОҚЫЛЫМ 1-тапсырма. Сұхбатты оқыңыз, тірек сөздерді анықтаңыз.
- Ануар сен уақыт туралы ойланып көрдің бе?
- Ойыма келмепті, өтеді де кетеді, қайырылмайды?
- Ануар, уақытты ұқыпты пайдалана білсек, бəріміз де
табысты болар едік, солай емес пе?
- Уақытымды үнемдеп, жаттығуға көбірек барғанымда
бокстан əлем чемпионы да болар ма ем, кім біледі. Əлі де кеш
емес. Бос уақытымды пайдалы жұмсауға тырысамын.Ал сен
үшін уақыт қымбат па?
- Уақыт бізге емес, біз уақытқа тəуелдіміз.Сондықтан
өміріміздегі ең қымбат нəрсе - ол уақыт.Мен уақытты саналы
сезінуге тырысамын.Үнемі маңызды жұмыстар үшін уақыт
табуға тырысамын.
- Иə, дұрыс айтасың. Уақытты зая кетіру - ең ауыр өкініш.
Уақытын қадірлемеген жан көптеген мүмкіндіктен айырылып
қалады.
АЙТЫЛЫМ 2-тапсырма. Сұхбаттағы тірек сөздерді пайдаланып, "Уақыт
қымбат" тақырыбында ой бөлісіңіз.
Бұрын. Бүгін. Ертең
Бұрын ----------------------------------------------------- Қазір ----------------------------------------------- Бүгінгі күні ------------------------------------------- Өткенде ----------------------------------------------- Былтыр ------------------------------------------------ Келешекте --------------------------------------------