2-тапсырма. Сұқбатты рөлге бөліп оқыңыз. «Анықтама
бюросында».
- Кешіріңіз, Алматыға дейін пойыз неше сағат жүреді?
- Пойыз Алматыға дейін 15 сағат жүреді. Бұл жүрдек пойыз.
- Пойыз жолда тоқтай ма?
- Ия үлкен бекеттерге тоқтайды.
- Қарағанды – Алматы бағытындағы пойызға билет бар ма?
- Сізге қай күнге керек?
- Маған қаңтардың жиырма бесіне, кешкі уақытқа керек.
- Қаңтардың жиырма бесінде Қарағандыдан Алматыға бір
пойыз жүреді. Осы поездға билет бар. Аласыз ба?
- Жолға өзіммен бірге неше кг жүк ала аламын?
- Өзіңізбен бірге 36 кг жүк ала аласыз. Қалған жүгіңізді жүк
вагонына саласыз.
- Билеті неше теңге тұрады?
- Пойыз билеті 3000 теңге тұрады.
- Айтып жіберіңізші, билетті қай кассадан ала аламын?
- Билетті екінші кассадан ала аласыз.
- Берген мəліметіңізге көп рақмет.
- Оқасы жоқ.
Сұқбаттан
етістіктерді тауып, оларды
алмау модаль етістігінің
көпше түріне айналдырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: