Атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағЫ


"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет339/418
Дата24.09.2022
өлшемі8,11 Mb.
#40095
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   418
Байланысты:
III TOM

"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
 
330 
қҧбылыстардың ӛзара байланыс тҥсінігіне ерекше назар аударылады. Студенттен 
формулалар, сызбалар мен теңдеулерді механикалық еске сақтаудың орнына әдісті біле 
отырып, бірегей жҥйенің жеке бӛлшектерінің логикалық байланысын тҥсіне отырып 
оларды шығара алуы кҥтіледі. Жоғары мектептегі оқу ҥрдісінің заманауи принциптері 
басты назарды оқу ақпаратын жаттаудан оларды белсенді тҥрде іздеуге, ынтаны, 
шығармашылықты және студенттердің ӛзінің оқу жҧмысының нәтижесі ҥшін жеке 
жауаптылығын дамытуға кӛшіруді талап етеді. Білімнің мазмҧны және оны білім 
берушіден білім алушыға жеткізу технологиясы ӛзінің қҧрамын, мақсаттары мен 
нәтижелілік критериін тҥбегейлі ӛзгертеді. Оқулықты педагогикалық жҥйенің неғҧрлым 
нақтыланған моделі, білім беру ҥрдісінің сценарийі ретінде қарастырған дҧрыс – ол білім 
алушылардың оқу пәнін зерттеу технологиясын береді. Әрбір оқулық белгілі бір оқу 
теориясына негіздену керектігін айта кеткен жӛн. Жаңа ҧрпақтың оқулықтарын қҧру 
барысында жҥйелік деңгейде дидактикалық принциптерді қолдану қажеттілігі айқындала 
тҥседі. Ал бҧл мазмҧнның, қҧрылымның, педагогикалық тапсырмалар мен оларды шешу 
әдістемесі білімнің заманауи парадигмасына толықтай сай келетіндігін білдіреді. 
В.П. Беспалько оқулықтарды жалпы классификациясына сәйкес оқулық типтерін 
тӛртке бӛледі: 
 
дидактикалық (диагностикалық белгіленген мақсаттармен және дидактикалық 
ӛңделген мазмҧнымен); 
 
декларативті (диагностикалық белгіленген мақсаттармен және дидактикалық 
ӛңделмеген мазмҧнымен); 
 
догматикалық (диагностикалық белгіленген мақсаттарсыз бірақ дидактикалық 
ӛңделген мазмҧнымен); 
 
монографиялық (диагностикалық белгіленген мақсаттарсыз және дидактикалық 
ӛңделген мазмҧнысыз). 
Оқулықтың соңғы типі – монографиялық – «оқулық деп атауға мҥлдем келмейді, - 
бҧл нӛлдік кластың оқулығы, яғни мҧлде оқулық емес» [5]. Қазіргі таңда ғылыми-
педагогикалық әдебиетте кеңінен талқыланып жатқан, жоғары оқу орны оқулықтарының 
қҧрылымы мен мазмҧнының педагогикалық талаптарын практикалық тҥрде іске асыру 
мақсатында мына жолдардың авторы дидактикалық оқулықты, диагностикалық 
белгіленген мақсаттары және дидактикалық ӛңделген мазмҧны бар оқулықтың мысалын 
қҧруға тырысты (В.П. Беспалько классификациясы бойынша) [5]. Жаңа буынның 
оқулығын жобалау бойынша жҧмыс ең алдымен нақты дидактикалық мақсаттарды қою 
және оқу матриалдарының стилін, кӛлемі мен қҧрылымын алдын ала анықтайтын 
бірқатар жҥйелік және «идеологиялық» мәселелерді шешуді қарастырады. Оқулық 
авторының маңызды мақсаты қойылған дидактикалық мақсаттардың, педагогикалық 
мазмҧны мен оқулықтың әдістемелік шешімінің арасындағы толықтай сәйкестікті жҥзеге 
асыру болып табылады. Химия (әрі бейорганикалық, әрі органикалық) тҥрлі заттардың 
қҧрамына, қҧрылымына және қасиеттеріне қатысты кӛптеген деректерге мол. Химия – 
жекелеген объекттердің, деректердің және қҧбылыстардыңнақты қонымды ӛзара 
байланыстың айқын мысалы. Бҧл жҥйенің әрбір объектісі кезектегімен және 
ӛткендегімен байланысты. Әрбір объекттің жалпы жҥйеде ӛзінің белгілі бір орны бар. 
Заманауи химия – ақпараттық жҥйе. Химиялық ғылым компьютерлік техникасыз, 
ғаламтордың ҧсынатын кең мҥмкіндіктерінсіз бҥгінгі кҥнде мҥмкін емес. Нақты 
деректілік ақпаратты монитордың экранына толық кӛлемде және аса қысқа мерзімде 
шығаруға болады. Қазіргі таңда әлемде бейорганикалық және органикалық химия 
бойынша дерекқор белсенді тҥрде қызмет жасайды. Олардың кӛмегімен қолданушының 
«on-line» режимінде жаңа химиялық қосындылар және заттар мен матриалдардың жаңа 
қасиеттері жайлы ақпараттарды, яғни осы тақырыпта ғылыми мақала шыққаннан соң 
бірден алуға мҥмкіндігі бар. Тіпті Д.И. Менделеевтің химиялық элементтер кестесі 
бҥгінгі кҥні электрондық тасығышқа кӛшірілген, бҧл кез келген химиялық элемент 
жӛнінде лезде ақпарат алуға мҥмкіндік береді. Мҧның барлығы химиялық 
формулаларды, реакция теңдеулерін, реакцияны жҥргізу жағдайына байланысты оның 
ӛнімдерінің қҧрамындағы тҥрлі вариацияларды механикалық жаттаудың ешбір мәні жоқ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   418




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет