Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 ресейдiң ұлы жүздi қосып алуына себеп бол-



Pdf көрінісі
бет91/181
Дата25.09.2022
өлшемі7,96 Mb.
#40160
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   181
Байланысты:
8-СЫНЫП АТАМҰРА

1. ресейдiң ұлы жүздi қосып алуына себеп бол-
ған жағдайлар. ХIХ ғасырдың екiншi жартысын-
да Ресей империясында өнеркәсiп пен сауда күш тi 
қарқынмен дамыды. Тауар өткiзудiң жаңа көзi не, 
ар зан шикiзат пен жұмысшы күшiне деген қажет-
тiлiк пайда болды. Осы жағдайға байланысты Ре-
сей империясының сыртқы саясатын да Жетiсу мен 
Оңтүстiк Қазақстанның алатын маңызы арта түстi.
рЕСЕй иМПЕриЯСыНың ҚАЗАҚСТАНды
ҚОСыП АлуыНың АЯҚТАлуы
тірек сөздер:
• Арынғазы
• Пристав
Верный бекінісі
• Сырдария әскери
шебі
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


107
Қытай Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан аумағы жөнiнде бейтарап сая-
сат ұстануды одан әрi жал ғастырды. Тайпиндер көтерiлiсi, Азамат соғысы, 
сондай-ақ Шығыс Түркiс тан да қайта-қайта бұрқ ете түсумен болған көте-
рiлiс бұл елдiң iргесiн шайқалтып кеткен едi. Мiне, мұн дай жағ дайда 
Ресей империясының алдында Қазақстанды түпкi лiктi жа улап алу, одан 
әрi Орта Азия мемлекеттерiн бағындыру сияқ ты мә се ленiң тұруы әбден 
заңды едi.
2. ұлы жүз қазақтарының бiр бөлiгi ресей қол 
астына өтуінің себептерi. ХIХ ғасырдың 20-жыл-
дарының бас кезiнде Ұлы жүз дiң аумағында бiртұтас 
хан билiгi қалмады. Сырдария өңiрiнiң қа зақтары 
ықпалды хан Арынғазыға үлкен үмiт артқан едi. 
Бiрақ оны Петербургке бара жатқан жолда патша 
үкiметiнiң әкiмшiлiгi ұс тап алып, Калуга қаласына 
жер аударып жiбердi. Өйткенi Ресей он дай беделдi де ықпалды қазақ 
хандығының болуын қаламады. Оның үстiне, бұл кезде Ресей Кiшi жүз 
бен Орта жүздегi хан билiгiн жоюға қызу әзiрленiп жатыр едi. 
Мiне, осындай жағдайда Жетiсу мен Оңтүстiк Қазақстан қазақта рының 
бiр бөлiгi Ресейдiң қол астына өте бастады. Жергiлiктi қазақ хал қына Орта 
Азия мемлекеттерi, соның iшiнде әсiресе Қоқан мен Хиуа хандықтары жиi-
жиi шабуыл жасады. Бұл аймақтардағы қазақтар Ресеймен баж салығын 
төлемей-ақ сауда жасауға қатты қызықты. Бұл аймақ елге ықпалы ша-
малы бiрнеше сұлтанның би лi гiне бө лiнген едi. Елдiң басын бiрiктiретiн, 
iшкi алауыздық пен айтыс-тар тысты тыятын сыртқы агрессияға қарсы 
тұра алатын мықты күш елде болған жоқ. Патша үкiметiнiң қазақ өлкесiн 
бiрте-бiрте отарлай түсу iне өте қолайлы жағдай қалыптасты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет