302
МО ДИ, Мо-цзы (шамамен б.д.д. 470–391ж.ж.) —
көнеқытай ойшылы, жалпы махаббат жөніндегі ілімді
қарастырушы.
Моизм ілімімен ғылымда танымал. Чжаньго
әулеті билік еткен тұста өмір кешкен ол елдегі ғасырлар
бойы қалыптасқан дәстүрлі әлеуметтік тәртіптің ыдырай
бастағанын көріп, Мо-цзы өзаратүсінік пен махаббат
идеяларынан бастау алатын жаңа қоғамдық-саяси тәртіп
орнату керегін түсінеді. Моизм мектебі б.д.д. IV-IIIғ.ғ.
аралығында дүниеге келді және оның гүлдену кезеңі б.д.д. IV-ғасырға келеді.
Мектептің ең танымал өкілдері – Цинь Хуали, Мэн Шэн, Сюй Фань және
Тянь Цзи. Мошылдар қатаң бағыныштылық тәртіпті сақтайтын ұйым құрған,
оның мақсаты Мо-цзы идеяларының тазалығын сақтап, Аспан асты елінде
тарату болған.
Негізгі шығармасы: «Мо-цзы» трактаты.
МОНТЕНЬ,
Мишель Эйкем де Монтень (1533–1592) —
атақты француз жазушысы және Қайта Жаңғыру кезеңіндегі
философ, «Опыты»
(Тәжірибиелер), «Мен не білемін?» атты
еңбектердің авторы. Монтень адам өмірінің мақсаты –
табиғатқа сеніп, жалпылық заңы бойынша бірқалыпты өмір
сүру деп есептейді. Адамға ақыл-ойдың жетегіне еріп, көкке
ұмтылудың қажеті жоқ. Адам табиғатпен үйлесімді, өз
мүмкіндігін бағалап өмір сүрсе жеткілікті. Монтеньннің
қағидалары: «Мен болсам құдай сыйлаған өмірді сүйемін .. табиғат мен үшін
жасаған нәрселерді шын жүрегіммен, алғыс айта отырып қабылдаймын, оның
сыйына қуанамын, ардақтаймын ... »
Достарыңызбен бөлісу: