304
Оның жылқышымен, Бала Оразбен, Жаскелеңмен, Тыныштық, Шолпан
ақындармен сөз жарыстырулары белгілі.
МҰХАММЕД-ПАЙҒАМБАР (570–632ж.ж.) — Мұхаммед – әлемдегі ең ірі,
ең ұлы үш діннің бірі – исламның негізін салушы, тарихтағы тұңғыш
мұсылман мемлекетінің басшысы,
пайғамбар дәрежесіне жеткен үлкен
ойшыл. Мұхаммед бар ғаламды билеп тұрған бір құдыреттің бар екеніне көз
жеткізіп, қырық жасында жаратушы жалғыз Аллаға сыйынып, өзін оның
жердегі елшісі деп жариялады. Ол өмірден өткеннен кейін оның дініне
кіргендердің бәрі өздерін Мұхаммедтің үмбетіміз деп санады. Өйткені ол
жұртқа Құдай рухы сіңген қасиетті құранды қалдырып кетті. Оның
айтқандарының бәрі көзі тірісінде жазып алынып, түгел дерлік енгізілген бұл
киелі кітап адамгершілік қағидалардың төрт құбыласы түгел біртұтас
заңнамасына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: