303
МОР,
Томас Мор (1478–1535) — ағылшын ойшылы, жазушы.
Католик Шіркеуінің әулиесі.
Утопистік социализмнің
негізін салды. Мордың атақты шығармасы «Утопия» деп
аталады («Утопия» – грекше «орны жоқ орын», «Жерұйық»
дегенді білдіреді). Онда, ол индивидуализмге қарсы, жеке
меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған
адамдардың бәрі тең. Мемлекет басшысы – терең ойлы
философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, «Жақсы нәрсе де,
жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам – қиялдағы аралды
жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп.
МУНЬЕ,
Эммануэль Мунье (1905–1950) — жеке тұлғаны абсолюттік
құндылық деп тануға негізделген философиялық концепция – француз
персонализмінің негізін қалаушы. Жеке тұлға туралы персоналистік ілімнің
өзегі: адам жер бетіндегі гуманистік міндеттерді атқаруға міндетті және
жауапкершілігі мол. «Қызықты өмір» идеясы негізінде оны шығармашылық
белсенділікпен атқаруы тиіс.
Шығармалары: «Персонализм» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: