1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ЭПИКУР  (б.д.д.342/341–б.д.д.271/270)  —  көнегрек  философы, материалист. Афинадағы эпикуреизмнің негізін



Pdf көрінісі
бет163/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ЭПИКУР 
(б.д.д.342/341–б.д.д.271/270) 
— 
көнегрек 
философы, материалист. Афинадағы эпикуреизмнің негізін 
қалаушы («Эпикурдің бағы»), оның жазған 300-ге жуық 
еңбегінің тек аздаған бөліктері ғана сақталған. Оның 
философиясы үш бөліктен тұрады: табиғат пен ғарыш 
туралы ілім («Физика»), таным туралы ілім («каноника») 
және адам, оның мінез-құлқы туралы ілім («Эстетика»). 
Оның пікірінше, атомдар – дүниенің алғашқы бастамасы. Басты идеясы –
өмірдегі құмарлықтардың ішінде материалдық қуаныштарға еш ойланбастан 
жол беру. 
ЮЛАНЬ, Фэн Юлань, Фэн Чжишэн (1895–1990) — XX 
ғасырдағы 
қытай 
философиясының 
ең 
ірі 
кәсіби 
философтарының бірі. «Өмір идеяларын салыстырмалы 
зерттеу» деген шығармасында бір-біріне ұқсас әртүрлі 
мәдениеттердің 
тенденцияларын 
қарастырады. 
Жаңа 
неоконфуцианство ілімін жасады. Қытай мен Батыс 
философиясындағы идеяларды жүйелеуге талпынып, Сунь 
конфуцианствосы мен позитивизмнің негізін салып, өз үлесін 
қоспақшы болды. Жалпы, Фэн Юлань барлық қытай философиясы тарихына 
тоқталып, оны гностицизм тарихы ретінде қарастырды, ал Батыс 
философиясын рационализм тарихы ретінде қарастырды. 
ЮМ, Дэвид Юм (1711–1776) — шотландтық философ
субьективтік идеалист, тарихшы әрі публицисі, эмпиризм 
және агностицизм өкілі, Шотландтық Ағартушылық 
бағыттағы ірі қайраткерлердің бірі. Шығармалары: «Адам 
табиғаты туралы трактат», «Таным туралы», «Мораль 
туралы», «Адамдық таным туралы ізденіс», «Жаратылыстану 
діні туралы сұхбаттар», 8-томдық «Англия тарихы», 
«Жаратылыс дінінің тарихы», т.б. Юм – осы уақытқа дейін 
айтып келгендей «агностик», «скептик» емес, биологиялық-антропологиялық 
тұрғыдан философиялық-рационалистік бағытқа қарсы шыққан реалист. 


332 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет