ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТЕРМИН-СӨЗДЕР АБСОЛЮТ — лат. тілінен ауд. аяқталған, толық, кемел, дербес, шартсыз
дегенді білдіреді. Н.Кузанскийдің Құдайдың пантеистік тұрғыдағы түсінігін
белгілеу үшін философияға енгізген термині. «Абсолюттік максимум»,
«абсолютті минимум», «өзге емес» және т.б. да атауларға барабар атау.
М.Мендельсон
мен
Ф.Якоби
«абсолют»
терминін
Б.Спинозаның
философиясындағы субстанцияны сипаттау үшін қолданған. Ф.В.И.Шеллинг
абсолют түсінігін өзінің философиясында кеңінен пайдаланады. Одан кейін
аталған категория философияда орнықты.
АБСОЛЮТТІК АҚИҚАТ — заттар мен құбылыстар туралы толық, жан-
жақты қамтылған, жеткілікті білім.
АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ — Г.В.Ф.Гегельдің философиясындағы негізгі
категориялардың бірі. Оның философиясында абсолюттік идея субстанция
және субьект ретінде көрініс тапқан. Ол логикалық нәрсенің ғана емес,
сонымен қатар онтологиялық шындықтың да әмбебап қағидаты және заңы
болады.
АБСТРАКЦИОНИЗМ(латын тіл.ауд. – дерексіздік, бөлініс, оқшаулық) —
қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты заттарды
ескермейтін ағым.
АБСТРАКЦИЯ (латын. тіл. ауд. – ойша бағамдау) — шынайылықтың
бейнесін ойша бағамдау және толтыру арқылы құрастыру.
АБСТРАКТІЛІКТЕН НАҚТЫЛЫҚҚА ҚАРАЙ ӨРЛЕУ— Г.В.Ф.Гегель
жасаған танымның диалектикалық тәсілі. Оны К.Маркс материалистік
тұрғыда қайта пайымдап, қолданған.
АВГУСТИНИЗМ — Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің
артықшылығын дәлелдеу арқылы шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және
«ол – аспан мен жер арасын байланыстырушы» деген сияқты идеяларды
дәлелдеу үшін, манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы
екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар: құдайға
қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күнттейтіндер мен құдайдың патшалығы
арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы дегенде, жердегі оның өкілі
Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін
болғандықтан, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек. Августинизм