356
КАББАЛА (көне евр. – аңыз) — неоплатонизмдегі пантеистикалық
құрылымды гностицизм мен иудейлік
Тора сенімінің жекелеген
ережелерімен жалғастырушы иудаизмдегі мистикалық ағым.
КАЛАМ (арабша «калам» – сөз) — ортағасырлық мұсылман
философиясының бағыты, ислам дінінің принциптерін, негізгі көзқарастарын
зерттеп, түсіндіруді және қорғауды мақсат еткен. Каламды спекулятивтік
теология
деп те атайды, бұл жерде спекуляция деген тәжірибиеден тыс
жатқан заттар туралы білімге ойлау арқылы жетуді білдіреді.
КАЛОКАГАТИЯ (грекш. – тамаша және кеңпейіл) — антиктік мәдениетте
кеңінен қолданылған термин. Адамның ішкі және сыртқы мәдениеттерінің
үндестігін білдіретін ұғым.
Достарыңызбен бөлісу: