1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет214/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

СИМВОЛ (грек. – таңба, белгіленетін нышан) — рәміз, нышан, таңба, белгі.
СИМУЛЯКР — постмодернизмнің термині. Ол жаһандану дәуіріндегі 
мәдениет түрінің түбегейлі өзгерісін белгілейді. Бұрын таңбаланушы (нақты 
зат, түпнұсқа) таңбалаушы (зат көрінетін нәрсе, көшірме) сызба-нұсқа 
үстем болатын. Ақпараттық технологиялар жағдайды түбегейлі өзгертіп 
жіберді. Түпнұсқа - көшірме қатынасын көшірме – екінші көшірме – үшінші 
көшірме және т.б. қатынасы алмастырады. Түпнұсқамен байланысын 
жоғалтқан көшірме симулякр деп аталады. 
СИНЕРГЕТИКА (грек. көмек, бірге болу немесе ықпал ету дегенді 
білдіреді) — табиғи, әлеуметтік, когнитивтік, яғни ашық бейтепе-теңдік 
жүйелер эволюциясы заңдарын ізденіске бағытталған, өзіндік ұйымдасудың 
жалпығылыми теориясы. «Синергетика» терминін ғылымға неміс физигі 
Г.Хакен 1973 жылы енгізді, сонымен қатар бельгиялық физик-химик 
И.Пригожинде осы мәселемен айналысты. 
СИНКРЕТИЗМ (грекш. – біріктіру) — «жігі ашылмаған», «біте қайнасқан» 
деген сөз тіркестерінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да 
болсын құбылыстың жетілмеген, дамымаған, өзара жіктеле қоймаған 
бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе 
архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. 


380 
СИНТЕЗ — әртүрлі элементтердің біртұтастыққа бірігу процесі.
СЛАВЯНОФИЛЬДЕР — ХІХғ. орыс қоғамдық ой-пікіріндегі консервативті 
саяси және діни-философиялық ағымның өкілдері. Ағым өкілдерінің 
пікірінше, Ресейдің Батыс Европамен салыстырғанда өзіндік ерекше даму 
жолы бар деп қарастырылады. Негізін қалаушылар – И.В.Киреевский (1806-
1856), А.С.Хомяков (1804-1860), К.С.Аксаков (1817-1860), Ю.Ф.Самарин 
(1819-1876) т.б. 
СЛЕНГ ауызекі тілдің экспрессивті, эмоционалды реңдегі лексикасы. Бұл 
термин «жаргон», «арго» деген сөздердің синонимі ретінде де 
пайдаланылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет