1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


СОМА — сома өсімдігінен дайындаған мас етерлік сусын; айдың құдайы.  СОПЫЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет216/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

СОМА — сома өсімдігінен дайындаған мас етерлік сусын; айдың құдайы. 
СОПЫЛЫҚ — исламдық мистицизм (мистиктер киетін жүн, жүн киім 
сөзінен шыққан) VIIғ. пайда болған. «Сопылық» мәнін ашатын тағы да 
пікірлер бар, мысалы, сопылық – «суффа» сөзінен - тас суфа – дұға оқитын 
жоғарғы орын, «тазалық» сөзінен, гректің «даналық» сөзінен және т.б. 
Мистикалық ілімде өзін кедейлікпен (факр) және тақуалықпен (зухд) 
байланыстырушы құбылыс ретінде көрінеді. Сопылық – Құдайды 
мистикалық тұрғыдан тану ілімі. Атақты сопылар – әл-Джунайд, әл-
Халладж, ар-Руми, әл-Бистами, әл-Ғазали, ибн Араби, Қ.А.Иассауи.
СОПЫЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ — исламда ХІІІ–ІХғ.ғ. пайда болған діни–
мистикалық ілім. Сопылық ілімнің ислам әлемінде кең таралуы Джами, ар-
Руми, әл–Фараби, әл–Ғазали, Хафиз, О.Хайям сияқты исламның классикалық 
кезеңінің ойшылдарына байланысты. Сопылық ілім адамды жетілдірудің 
жеке–дара діни–мистикалық жүйесі болғанын, онда эзотерикалық сипат 
басым. 
СОФИОЛОГИЯ (софия) — Құдайдың даналығы жайындағы ілімдер 
жинағы. 
СОФИСТЕР — б.д.д.V-IVғ. бірінші жартысында өмір сүрді. Софистика 
мектебінің өкілдері теориялық мәселелермен ғана емес, сонымен қатар 
педагогика, логика, шешендік өнер, яғни практикалық қызметтер атқарды. 
«Софистер» –  гр. т. ауд. «Даналық Ұстаздары» дегенді білдіреді. Олар екі 
топқа бөлінеді: аға софистер (б.д.д.Vғ.) Протагор, Горгий, Гиппий, 
Продик, Антифонт және Критий. Кіші софистер – Ликофрон, Алкидамант 
және Трассимах. Соттарда, халық жиналыстарында әдемі сөйлеп, халықты 
мүмкін болса, өз қарсыластарын да айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білу 
өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу 
өнері) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар пайда болады. Міне, осылар –
софистер болды. Олардың басты қағидасы – әркімнің өз ақиқаты бар. 
Жақсылық пен жамандықтың обьективті мөлшері жоқ. Кімге не пайдалы 
болса – сол жақсылық, игілік. 


382 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет