Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет110/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

2.56-сурет
).
2.55-сурет. 
Қанттар мен майлардан ацетил-КоА түзілу жолдары. Қоректік молекулалардың екі 
түрінен ацетил-КоА эукариоттық клетканың митохондриясында түзіледі. Митохондрияда клеткадағы 
тотығу процестерінің басым бөлігі орын алады және АТФ-тің басым бөлігі түзіледі. Амин қышқылдары 
да (көрсетілмеген) митохондрияға ене алады және лимон қышқылы циклында ацетил-КоА-ға немесе 
басқа аралық қосылысқа айнала алады. Митохондрия құрылымы мен функциясы 14-тарауда талқы-
ланады. 
Қанттар мен майлар көптеген фотосинтездемейтін организмдердің (соның ішінде 
адамдар) негізгі энергия көзі болып табылады. Дегенмен, тағамдық молекулалардан 
алынатын пайдалы энергия, жаңа ғана сипатталған, екі реакция түрімен түзілетін аце-
тил-КоА молекулалары түрінде ғана түзіледі. Ацетил-КоА құрамындағы ацетил тобы 
(-СОСН
3
) СО
2
мен Н
2
О-ға дейін тотығуы жүретін лимон қышқылы циклының реакция-
лары аэробты организмдердің энергия метаболизмінің негізі болып табылады. Эукари-
оттарда осы реакциялардың барлығы митохондрияда орын алады. Керісінше, аэробтық 
бактериялар барлық реакцияларды, соның ішінде лимон қышқылы циклын, цитозольде 
іске асырады.
Лимон қышқылы циклы ацетил топтарын СО
2
-ге дейін тотықтыру көмегімен 
НАДН түзеді
Он тоғызыншы ғасырда биологтар, оттегі жоқ жағдайда, клеткалардың сүт қышқылын 
(мысалы, бұлшықетте) немесе этанолды (мысалы, ашытқыларда) өндіретінін, ал оттегі 
бар жағдайда олар О
2
-ні тұтынып, СО
2
мен Н
2
О-ны түзетіні туралы атап өткен. Аэробты 
метаболизм жолдарын анықтау тәжірибелері пируваттың тотығуына нысаналанды және 


КЛЕТКАЛАР ТАҒАМНАН ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
101
1937 жылы лимон қышқылы циклының (карбон қышқылдар циклы немесе Кребс 
циклы) ашылуына әкелді. Лимон қышқылы циклы көпшілік клеткалардағы көміртегілі 
қосылыстар тотығуының екіден үш бөлігін қамтиды және оның соңғы өнімдері СО
2
мен НАДН түріндегі жоғары энергиялы электрондар болып табылады. СО
2
қалдық өнім 
ретінде босатылады, ал НАДН құрамындағы жоғары энергиялы электрондар мембрана-
мен байланысқан электрондар тасымалдаушы тізбекке өтеді. Лимон қышқылы циклы 
газ түріндегі О
2
-ні қолданбайды (ол Н
2
О құрамындағы оттегіні пайдаланады). Бірақ 
циклдың кейбір қадамдары О
2
-ні қажет етеді. Себебі НАДН-тың электрондарды беріп, 
НАД
+
-қа дейін регенерациялануының басқа тиімді жолы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет